Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химиядан сабақ жоспары 10 сынып

21 тамыз 2016, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Пән мұғалімі Сыдықбекова Т. Н.

Тақырыптар:
§6. 5. ІІ топтың негізгі топша металдарының жалпы сипаттамасы.
§6. 6. Магний және кальций. Лабораториялық тәжірибе №8 «Сілтілік және сілтілік - жер металдардың тұздарының спирт шамының жалын түсін бояуы».
§6. 7. Магний және кальций қосылыстары. Олардың табиғаттағы және техникадағы рөлі.
§6. 8. Судың кермектігі. Лабораториялық тәжірибе №9 «Көміртек (4) оксидімен әрекеттестіру үшін әк сүті немесе әк суын дайындау»
Металдар тарауына есептер шығару.
Білімді қорытындылау және жүйелеу


Сабақ үлгісі
Тақырыбы: §6. 5. ІІ топтың негізгі топша металдарының жалпы сипаттамасы.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға ІІ топтың негізгі топшасының металдарының атом құрылысы, қасиеттері, туралы білімді қалыптастыру; ІІ топтың негізгі топшасының металдарының қасиетінің атом құрылысына байланыстылығын түсіндіре білу біліктілігін дамыту, салыстыра білу, есеп шығара білу дағдысын, реакция теңдеуін құрастыра білу біліктіліктерін дамыту, қорытынды жасау, жүйелеу, сөздік қорын молайту білім - білік дағдыларын дамыту. Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ өткізілу түрі: Кітаппен өз бетінше жұмыс жасау, мұғалімнің толықтыруы, жаттығулар орындау, оқушылардың қорытынды жасауы, 10 - ЕТЖ - 1 жұмыс істеу.
Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер, интерактивті тақта, 10 - ЕТЖ - 1, натрий, калий, барий, кальций тұздары

Ұйымдастыру кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.) - сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау; - оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Сабақтың білімділік мақсаты:
- үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру;
- білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау;
- кеткен кемшіліктерді жою.

1. Үй тапсырмасын тексеру (бір - бірін тексеру).

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Білімділік міндеттері:
- оқушылардың өтілген материалды қабылдау, есте сақтауын қамтамасыз ету;
- нақты қорытындылауға, жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;
- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;
- түсініктер, заңдар, ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге, талдауға көмек ету;
- оқушылардың оқу материалын өз әдіс - тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.

Жаңа сабақты түсіндіру:
1. Оқушылармен кітаппен өз бетінше жұмыс (161 - 163 бет).
Екінші топқа бериллий, магний, кальций, стронций, барий, кальций элементтері кіреді. Оның ішінде кальций, стронций, барийді сілтілік – жер металдар деп атайды. Магний, кальций, стронций, барийді таза күйінде, 1808 жылы Дэви алған. Бериллийді1828 жылы, радийді1910 жылы Пьер және Мария Кюрилер алған.
Жаңа тақырып бойынша сұрақ қою.
2 - топ элементтерінің қандай қасиеттері бар деп болжайсыңдар?
Типтік металдар, күшті тотықсыздандырғыштар, атом радиусы жоғарыдан төмен қарай артады.
«Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі» тақырыбы бойынша бериллийге байланысты не естеріңде бар

3. Мұғалімнің толықтыруы:
А). 2 - топ элементтеріне сипаттама беріңдер (6. 7кесте).

Б). Физикалық қасиеттері: сілтілік металдардан айырмашылығы – атом радиусы кішілеу, кристалдарында өзара берік байланысқан, сондықтан қаттылау, балқу температурасы төмендеу, тығыздығы жоғары.
Физикалық қасиеттері кристалл тор түріне байла байланысты. 6. 8 кесте.
Металдардың тотықсыздандырғыштық белсенділігі оттекпен әрекеттесуінен көрінеді. Бериллий, магний оларды ары қарай тотығудан қорғайтын тұрақты оксидтік қабықшаман қапталса, қалғандары оттекпен белсенді әрекеттесіп оксидтер түзеді, сондықтан оларды сілтілік металдар сияқты сақтайды. Металдардың тотықсыздандырғыштық белсенділігінің артуы сумен әрекеттескенде байқалады. Бериллий жоғары температурада, магний кәдімгі температурада баяу тотығады, ал қалғандары сумен жақсы әрекеттеседі. Бұл металдар гидридтер түзеді. Металл атомдары жалын түсін әр түрлі түске бояйды. Топта негіздердің күші мен негіздік қасиеті жоғарыдан төмен қарай артады.

4. Лабораториялық тәжірибе №8 «Сілтілік және сілтілік - жер металдардың тұздарының спирт шамының жалынының түсін бояуы»

§6.5, 6.6, 6.7, 6.8 жүктеу

Толық нұсқасын қарау
4 666
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Оқушыларға алтыншы топ элементтерінің ХЭПЖ орны, оттек, озон, судың физикалық, химиялық қасиеттері туралы білімді қалыптастыру; атом құрылысының элементтердің қасиеттерінің өзгеруін түсіндіре білу,
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Азот оксидтері, қышқылының құрылысы, нитраттардың алынуы, қасиеттері, қолданылуы туралы білімді жетілдіру.
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
р - элементтердің атом құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; алюминий, оның табиғатта кездесуі, қасиеттері, қолданылуы, алынуы
Химиядан сабақ жоспарлары (10 сынып)
Химиядан сабақ жоспарлары (10 сынып)
Оқушыларға s - элементтердің атом құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру
Алюминий
Алюминий
Алюминий элементі, оның атом құрылысы, табиғатта таралуы, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы, алюминий ионын анықтау туралы білім беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×