Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алюминий

19 мам 2016, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі
Химия пәні мұғалімі: Саудағалиева Бибізада Ізетқызы

Сабақтың тақырыбы: Алюминий
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға алюминий элементі, оның атом құрылысы, табиғатта таралуы, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы, алюминий ионын анықтау туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке элемент туралы көзқарасын дамыту, алюминий элементі туралы тарихи деректерге тоқталып, халықтық
педагогика элементтерін сабақта пайдалану.
Тәрбиелілік: Білімді, өз елінің ұлтын, халқын, тілін, байлығын сүйетін ұлтжанды, жастарды тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:
Сабақтың түрі:
Сабақта қолданылатын құрал - жабдықтар:
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру:

Графиктік диктант арқылы тексеріледі: иә -----, жоқ деп оқушылар график сыза отырып, сұрақтарға жауап береді.

1. Сілтілік жер металдары табиғатта бос күйінде кездеседі.
2. Кальций ауадағы оттегімен әрекеттеспейтіндіктен, керосин астында сақтамайды.
3. Сілтілік жер металдары сутегімен әрекеттесіп, гидридтер түзеді.
4. Магний сумен баяу әрекеттеседі.
5. Сілтілік жер металдарының тотығу дәрежесі +2
6. Магний оксиді - екідайлы
7. Сөндірілген әктің формуласы - Ca(OH) 2
8. Дюралюминий құймасының құрамына магний кірмейді.
9. Кальцийді алғаш ашқан 1808ж Г. Дэви ашты.

Жауап графигі былай бейнеленеді:
Сілтілік жер металдарының химиялық қасиеттерін қайталау мақсатында «сәйкестік тестісі» жүргізіледі:

Толықтыруды қажет ететін тесті:
1. Алғаш рет магнийді......... ж.................. грек қаласы Магнезияның маңынан табылған минерал - ақ магнезиден алды.
2. Кальцидің жетіспеуінен денсаулық зардап шекпеу үшін дені сау адам күніне......... г кальций қабылдауы тиіс.
3. Магний өсімдік клеткасындағы.................. құрамына кіріп,............... үрдісінің жүруіне қатысады.

Таңдамалы тесті:
1) Ca→ CaO→ X айналу тізбегіндегі «Х» заты:
А) CaO Ә) Ca(OH)₂ Б) CaH₂
2) Э→ Э2O→ ЭОН айналу тізбегіндегі «Э» элементі:
А) Mg Ә) Ba Б) Na
3) Кальций сульфаты кристаллогидратының формуласы:
А) CaCI₂ Ә) CaSO₄*2H₂O Б) CaSO₃

Жаңа сабақты түсіндіру:
Жоспар:
1. Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы
2. Табиғатта таралуы
3. Өнеркәсіпте алынуы
4. Физикалық қасиеттері
5. Химиялық қасиеттері
6. Алюминийдің маңызды қосылыстары
7. Алюминий тұздарын анықтау
8. Қолданылуы

1. Жалпы сипаттама. Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы.
Алюминий – III топ, негізгі топша элементі, р - элемент. Алюминийдің жалғыз тұрақты изотопы 27АІ бар. Сыртқы электрондық қабатының құрылысы - 3s23p1, осыған байланысты алюминий +3 тотығу дәрежесін көрсетеді.

Толық нұсқасын жүктеу
2 596
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кальций. Периодтық жүйедегі орны, қасиеттері
Кальций. Периодтық жүйедегі орны, қасиеттері
Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтіп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы пәнге деген қызығушылығын, таным
Алюминий және оның қосылыстары
Алюминий және оның қосылыстары
Оқушылардың жеке элемент туралы көзқарасын дамыту, алюминий элементі туралы тарихи деректерге тоқталып, халықтық педагогика элементтерін сабақта пайдалану.
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
р - элементтердің атом құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; алюминий, оның табиғатта кездесуі, қасиеттері, қолданылуы, алынуы
Алюминий
Алюминий
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Шаяхметова Анаргүл Әменқызы
Алюминий және оның маңызды қосылыстары
Алюминий және оның маңызды қосылыстары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай атындағы №90 орта мектептің химия пәні мұғалімі Жалелова Динара
Алюминий және оның қосылыстары
Алюминий және оның қосылыстары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы ГКС-12 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Тулегенова Б.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×