Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры

27 қыркүйек 2016, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қысқа мерзімді жоспар 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры.
Сабақтың мақсаты: Аңыз кейіпкерлерін суреттеу, бойындағы ерекшеліктерді сипаттау.
Сабақтың міндеті: Өзіндік пікір айтуға үйрету, сөздік қорын байыту, қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың нәтижесі: оқушылар әділеттілікке, жақсы мен жаманды ажырата білуді үйренеді.
Түйінді идеялар: Қожанасырдың қамқорлығын және қайрымдылығын үлгі ете алады.
Сабақтың әдісі - тәсілдері: Топтық, жұптық.
Сыныбы: 3 «а» сынып
Қолданылатын ресурстар: Плакаттар, маркерлер, түрлі - түсті қағаздар, АКТ қолдану

Кіріспе (2 минут)
Білу:
Психологиялық дайындық.
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілгіміз.
Бірлік барда тірлік бар деген бабам,
Бірлікпен бірге соқсын жүрегіміз.
Оқушының іс әрекеті: Балалар хормен айтады.
Топқа бөліну: (3 минут)
Бір, екі, үш сандарды айтып жылдам қай сан екендерін тауып жылдам орналасады.
Енді осы өздеріңнің топтарыңның ішінен лидер, баяндамашы, уақыт сақшысы, бақылаушы, хатшы болып тағайындап аласыңдар.
Қарлығаш пен шөже торғайдың мазмұнын сұрап шығамын. (5 минут) Кемі 5 - оқушы.
Осы өткен үш сабақ барысында не білгендерің жайлы кішкене тест жұмысын жасатамын.
Оқушының іс әрекеті: Балалар тест жұмыстарын орындайды.
Үй жұмысына табыс критерий:
Шөже торғайдың қарлығаштан сұрауы…,
Қарлығаштың сабырлығы…,
Мазасыз шөже торғайдың жағдайы…,
Оқушының іс әрекеті: Балалар жылдам әрекеттер жасап топқа бөлінеді.
Мозайка әдісі:
• Мысал не туралы?
• Шөже қарлығаштан не сұрағысы келді?
• Қарлығаш оның сұрағына қалай жауап берді?

Түсіну: (5 минут)
Сіз шөже мен қарлығаштың мінезін қалай салыстырар едіңіз?
Қарлығаштың ең жақсы жауабы қандай?
Оқушының іс әрекеті: Балалар сұрақтарға жауап береді.
Ой тастау: (5 минут) Ақша мен тамақ жайында мәлімет беру. Бейне фильм көрсету.
Міне балалар осы ақша мен тамақ жайлы, тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры деген аңызды өтеміз.
Аңыздың мазмұнымен таныстырып шығамын.
Оқушының іс әрекеті: Балалар өз ойларын айтып өтеді
Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау: Формативті бағалау
Таныстырылым:

Қолдану:
Жүз бір жұмбақ, Мың бір мақал. (5 минут)
Жұмбақтың жауабын, мақалдың жалғасын айтады.
Оқушының іс әрекеті: Топ басшылары таңдап барлығы бірігіп жауап береді, Нақты жауап береді
Сергіту сәті:
Топтық жұмыс. (5 минут)
Плакаттарға жабыстырылған суреттерге қарап аңызды әңгімеле.
Оқушылар түсінігін айтып мазмұнын ашады.
АКТ бойынша милионер ойынын ойнатамын. Ақшаларды таңдап астында жасырылған сұрақтарға жауап беріп
ақшалай сыйлық алады.(сувинир ақша)
Оқушының іс әрекеті: Балалар топпен бірлесіп әрекеттер жасайды.
Жоғары деңгейлі ойлану қабілеттерін байқау. (5 минут)
Енді сендерде ақша коп дейік сендер оны қалай жаратар едіңдер?
Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау: Формативті бағалау.

Негізгі бөлім (5 минут)
Топтық жұмыс.
Үш топ өздеріне сипаттама береді. Бай, Қожанасыр, кедейге сипаттама береді.
Оқушының іс әрекеті: Балалар топпен бірлесіп әрекеттер жасайды.
Дәптермен жұмыс:
Оқыған аңызды пайдаланып бай мен кедейді сипаттап беріңдер. Дәптерлеріңе жазыңдар.
Оқушының іс әрекеті: Балалар дәптерлеріне жазып шығады.
Үштік топ. 100, 50, 20, 2, 1 теңгелер.
Балалар денелеріне жабыстырылған стикерлер арқылы топқа бөлінеді.
Оқушының іс әрекеті: Балалар жылдам арекеттер жасайды.
Топтарға тапсырма:
Балалар бірігіп сөзжұмбақ, ребус құрайды.
Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау: Формативті бағалау.
Қорытынды (5 минут)
Тақтамен жұмыс:
Сөзжұмбақтың шешімін тауып жазу.
Сұрақ жауап:
1. Неге Қожанасыр кедейге көмек берді?
2. Егер Қожанасыр қазір тірі болса жайттар жақсарар ма еді?
1. Сіз қалай ойлар едіңіз?
2. Сіз байдың орында болсаңыз не істер едіңіз?

Рефлексия:
Не білдің?
Не үйрендің?
Не білгің келеді?
Оқушының іс әрекеті: Балалар өз білгендері бойынша жауап береді.
Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау: Жиынтық бағалау.

№86 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Смат Айжан Нұржәліқызы
3 762
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заттардағы магнит өрісі
Заттардағы магнит өрісі
Заттардағы магнит өрісінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттарының күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есімнің түрлерінің негізгі және туынды екендігін, айырмашылығын, ұқсастығын білу үшін жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Архимед күші. (қысқа мерзімді жоспар)
Архимед күші. (қысқа мерзімді жоспар)
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы, №5 ЖОББМ физика, информатика пәні мұғалімі Акашаева Л. С.
Бастауыш сынып сабақ жоспарлары
Бастауыш сынып сабақ жоспарлары
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шашубай кентіндегі «Мектеп – балабақша кешені» КММ Бастауыш сынып мұғалімі рдақ Тельжановна
Достық шаңырағында
Достық шаңырағында
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×