Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы

24 қаңтар 2017, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың атауы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Қазақ әдебиеті 8 сынып
Сілтеме: Қосымша әдебиеттер, ғаламтор желісі, интербелсенді тақта, флипчарт, стикер, фломастер
Сабақтың мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірімен танысып, поэманың идеясын ашу, білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, поэманың негізгі түйінін таба білуге дағдыланады.
Сабақтың нәтижесі
Оқушылар өз бетінше сыни тұрғыдан ойланып жұмыс жасауға дағдыланады, дарынды оқушылар жаңа материалды ізденіп, зерттеп, қорғауға үйренеді, шығармашылық жұмыс жасауға бейімделеді
Сабақта туындаған негізгі идеялар
1. Оқушылардың білгендеріне сүйену.
2. Ауызша тапсырмалар беру арқылы сөздік қорын молайтып, шығармашылықты қалыптастыруға ықпал жасау.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу./- бүгін бізде ерекше сабақ өтпек, себебі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр/
2. Сергіту сәті: «Жылулық шеңбері» шеңберге тұрып бір - біріне жылы лебіздерін сыйлайды.
3. Кеспе қағаздар арқылы 2 топқа бөлінеді. «Қалқаман» және «Мамыр»
4. Әр топ басшыларын сайлайды

Үй тапсырмасын тексеру
Абайдың 17 қара сөзінің мазмұнын сұрау
1. 17 қара сөз не туралы?
2. Қара сөздегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
3. Ақын бұл шығарма арқылы не айтқысы келген?
4. Абайдың айтқанымен өзің келісер ме едің?
5. Ақыл, қайрат, жүрек кімге келіп жүгінеді?

Шәкәріммен Абайдың туыстық жағын дарынды бала айтады.

ІІІ. Ойқозғау. Жаңа сабақ
1. Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы Шәкәрім туралы өздігінен оқып келген білімдерін тексеру.
2. Қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі тұлғалы ақын атанған Шәкәрім туралы кім не біледі. /Бейнебаян көрсету/

Тобықты руы туралы түсіндіру
Оқулықпен жұмыс. «Ізден тап»
1. Мамырдың соңғы сөзі.
2. Қалқаманның елімен
қоштасу сөзі.
Дәптермен жұмыс.
І топ. Дәптерге, флипчартқа поэмадан үзіндіні өлең құрылысына талдайды,
ІІ топ
дәптерге, флипчартқа поэмаға композициялық талдау жасайды.

Жаңа сөздермен танысу.
Слайдта жаңа сөздер жазылған, дауыстап оқып, мағынасын түсіндіреді
Пікірталас.
Жақтаушы топ, Даттаушы топ.
Мұғалім: Иә, балалар әрқайсың өз пікірлеріңді дәлелдеп айтып шықтыңдар. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс, теріс деп кесіп айту қиын. Ол заман әйел затын қор еткен, бұғауда ұстап, малға сатқан заман, сондықтан еркіндікке ұмтылған Қалқаман Мамыр жүрек қалауын мақсат ете білген, адал махаббатқа жүгіндіре білген. Шәкәрімнің да мақсаты сол. Не десек те екі топтың да нақты жауаптарына мен ырзамын. Басты мақсат - Қалқаман - Мамыр оқиғасынан ғибрат алу.

Үйге тапсырма:
«Егер мен Қалқаман болсам...» атты ойтолғау жазу.
Бағалау.
Топ басшының бағалауы

Ақмола облысы,
Еңбекшілдер ауданы, Аңғал батыр ауылы,
Аманкелді орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жарова Куаныш Талгатовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 162
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастаны
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастаны
Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмасының мазмұны бойынша талдау жасайды. Поэма оқиғасы мен кейіпкерлеріне мінездеме береді. Поэманы оқып мазмұнын білу. Поэмада көрінген әдет - ғұрып туралы мәлімет беру.
Шәкәрім «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Поэмаға әдеби талдау жасау, әдебиет теориясы бойынша кейіпкер туралы түсініктерін кеңейте отырып, Қалқаман, Көкенай әрекетіне екі түрлі көзқарасты баға беру.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр» поэмасы
Шәкәрімнің өмірбаянына қатысты қосымша мәлімет ақын өміріне қысқаша шолу, поэманың тақырыбы мен идеясын ұғындыру;
Шәкәрім «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Көкпекті ауданы, Бастаушы ауылы Абай атындағы орта мектебі КММ Байкубинова Р. К.
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы КММ “Амангелді орта мектебі Бибосинова Г. Т.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы, Достық ауылы №18 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Шарапиев Ерлан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×