Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр» поэмасы

08 мам 2016, Жексенбі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Кайракбаева Алмагуль Базарбаевна

Қазақ әдебиеті 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр» поэмасы
Білімділік: Шәкәрімнің өмірбаянына қатысты қосымша мәлімет ақын өміріне қысқаша шолу, поэманың тақырыбы мен идеясын ұғындыру;
• Дамытушылық: Поэманың композициялық сюжетін дамуын жанрлық сипатын, көркемдігін талдауды сұрақ тапсырмалар ұсыну арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Тәрбиелік: салт — дәстүрімізді білуге, оған құрметпен қарауға, адалдыққа, достыққа берік болуға тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал
Анадан алғаш туғанда әні арқылы топқа бөлу.
«Сәлемдесу» Оқушылар бір - біріне тілектер гүл шоғы арқылы білдіру. Сабаққа деген жақсы көңіл - күйді қалыптастыру.
Топқа бөліну
Түстер арқылы топқа бөлу.
(қызыл, сары гүлдер)

Білу
АКТ
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
Түсіну
Кітаппен жұмыс
Миға шабуыл
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр» поэмасы

СТОҮ, Диалогтық оқыту Кемпірқосақ

Қолдану
І. Поэмадағы салт - дәстүр көрінісін атайық.
1. Жақыннан қыз алмау
2. Уәдеге беріктік
3. қалың мал беру.
4. құда түсу
5. бастаңғы жасау
6. бата беру
ІІ. Заман шындығын сұрыптау:
1. теңсіздік
2. жастардың бас бостандығы
3. қалың мал
4. оққа байлау
5. жесір дауы
ІІІ. Поэмадағы жер - су атауларын теріп жазыңдар

Сергіту сәті
«сілку», «лапша» тренингі
Оқушылардың тұла – бойы серігуіне жағдай жасайды.

Талдау
Поэма, мінездеме, түсініксіз сөздермен жұмыс
Шәкәрім өмірімен шығармасына топтастыру.
Махаббат деген сөзді талдау.

Жинақтау
Рөлдік ойын
Көрініс: Әнет баба ойланып отыр.
Олжай: О, қасиетіңнен айналайын, Әнет бабам! Қапы қалдық.
Әнет: О, құдайым. Өзің сақтай көр. Жүрісің суыт, не хабармен келдің?
Олжай: Қиын шаруа болып тұр. Балам, Қалқаман Мамырды алып қашып келді. Тобықты жақыннан қыз алмаушы еді. Нендей ақыл бересің, баба!
Әнет: О, құдайым! Бір сорға душар қылайын дегенің бе? Түсімде бір жаман түс көріп едім. Не жорымды білмей отыр едім. О, тоба! Қателесесің - ау. Бітіспейтін бір іске кез болдым - ау, балам. Көкенайдың мінезі қатал еді. Кешіре алар ма екен?
Сосын Олжайға: Уа, Олжай, болар іс болды. Тобықтыға хабар қыл. Малды аямасын. Мәмбетейдің көмейін малмен тығындасын.
Олжай: Құп болады, баба! Айтқаныңды қалың Тобықтыға жеткіземін.
Көрініс: Қыз - келіншектерімен Мамыр келе жатады.
Бірінші қыз: Мамыр - ау, ауылға да келіп қалдық. Мына қырдың асты сенің ауылың.
Екінші қыз: Иә, ауылыңды да сағынған шығарсың.
Мамыр: иә, сағындым ғой. Қайран менің туған ауылым. Самал желіңді сағындым - ау. Жұпар аңқыған көк шөбіңді сағындым.
Жеңгесі: О, жасаған, мына келе жатқан Еркежаным ба? Құдай - ау сені де көретін күн болады екен - ау!
Мамыр: Иә, жеңеше, туған жердің қадірін ұзатылған қыз білмегенде кім болсын. Сағындық қой, туған жердің қасиетті топырағын.
Жеңгесі: Иә, қарағым - ай! Қайтсін - ай, енді! Жүре ғой қарғам, үй жаққа. Сол кезде қара киімді Көке най шығады. - Әй, қойшы бала, анау келе жатқан топ кімдер? Айт, жаныңның барында. Қойшы: Ол Мамыр көкем ғой, төркіндеп келе жатқан.
Көкенай: Ах, жүзіқара! Ұялмай ауылға келе жатқанын қара. Сенің құның бір оқ қана. Әй, ессіз, малғұндар. Бала кетіңдер, ана жүзіқараның қасынан. Былай тұрыңдар, егер өлгілерің келмесе. Қазір а тамын, атаңа нәлет жүзіқараны! (Мамыр жүрегін ұстап құлайды).
Мамыр: О, Алла жаным! Көкенай, қарғамаймын сені. Ақтық сөзімді тыңда. Менің ісім ақ. Жазығым тек Қалқаманды сүйгенім. Сенен өлер алдындағы ақтық тілегім. Қалқаманды өлтіре көрме. Обалыма қалма жазықсыз жанның. Мойныңа бір қан жүктегенің жетер. Өлтіре көрме Қалқаманды. Қалқаман, қош аман бол! (Сахна жабылады).

Бағалау
«Ыстық орынды» әдісі
Әр оқушыға бағалау парағын тарату.

Рефлексия
«Өрмекші торы» әдісі
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы мен «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Үй тапсырмасы

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
2 903
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірімен танысып, поэманың идеясын ашу, білімдерін жан - жақтылы кеңейтеді, поэманың негізгі түйінін таба білуге дағдыланады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Иржанов Мұратбек Мирмаралұлы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Тәжірибе стансасы негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шәкәрім «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Көкпекті ауданы, Бастаушы ауылы Абай атындағы орта мектебі КММ Байкубинова Р. К.
Шәкерім Құдайбердіұлы «Қалқаман –Мамыр» поэмасы
Шәкерім Құдайбердіұлы «Қалқаман –Мамыр» поэмасы
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Жаңажол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бидалова Айгүл Кәрімқызы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы КММ “Амангелді орта мектебі Бибосинова Г. Т.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы, Достық ауылы №18 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Шарапиев Ерлан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×