Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру

28 сәуір 2017, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақ тақырыптры:
1. Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру (математика)
2. Сөйлеу барысында сипаттау сөздерін қолдану (Сауап ашу)


Жүзеге асыратын оқу мақсаттары: 1. 3. 2. 3. жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру.
Тілдік мақсат: Оқушылар орындай алады: Өздеріне таныс жазық және кеңістік фигураларды атайды, ажыратады. Жазық фигуралардан әртүрлі заттар мен композициялар құрайды.
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тік төртбұрыш, композиция
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Берілген фигуралар айналамыздағы қандай заттарға ұқсайды?
- Бірнеше фигураны пайдаланып әртүрлі заттар құрау мүмкін бе?
- Композиция құрастыру үшін бір ғана фигура жеткілікті ме? Неліктен?

Алдыңғы оқу: 1. 3. 1. 2. Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тіктөртбұрыш, параллелипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендендіру.

Басы 3 минут Шаттық шеңбері
Сәлемдесу:
- Амансың ба, Алтын күн!
- Амансың ба, көк Аспан!
- Амансың ба, Достарым!
- Амансың ба, Мұғалім!

Топқа бөліну:
Оқушылар топқа фигуралармен бөлінеді (4 топ):

Ортасы... минут І. Өткен материалды еске түсіру
Видеоматериал көрсету: «Пішіндер»
? Өздеріңе таныс қандай фигураларды көрдіңдер?
Ж: үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тік төртбұрыш.
- Жат не байқадыңдар:
Ж: Сопақша фигурасын көрдік
- Ол неге ұқсайды екен?
Ж: жұмыртқаға, ананасқа, лимонға, т. б.
- Бұл фигураларды бір сөзбен қалай атаймыз?
Ж: Жазық фигуралар
- Тағы қандай фигуралар түрін білесіз?
Ж: Кеңістіктегі фигуралар
Оларды атаңдар:
Ж: куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тіктөртбұрыш, параллепипед.
- Жазық фигуралар мен кеңістіктегі фигуралардың айырмашылығы қандай?
Ж: Оқушылар өз түсініктерін айтады.

Ортасы: Жаңа мақсатты айқындау
Тапсырма:
Бірнеше жазық фигураларды пайдаланып, бір заттың сұлбасын құрастырып көріңдерші:
(оқушылар қарапайым заттар, көбі үй құрастыруы мүмкін).
Мұғалім қолпаштады:
- Ал енді сендер бір ғана зат емес, бірнеше заттан тұратын композиция құрастырып үйренесіңдер.
Зәулім сарайлар салу үшін де, машиналар жасап шығару үшін де ең алдымен олардың сызбасы қағазға түсіріледі, жобасы жасалады.
Мүмкін сендердің араларыңнан болашақта архитектор, конструкторлар шығар.

Сергіту сәті (2 мин.)
Тапсырма:
Әр топқа әр түрлі тақырыпта алдын - ала дайындалған шаблон таратылады. Оқиғалар берілген фигуралардан пішінін, көлемін, түсін сәйкестендіріп таңдай отырып, берілген композицияны құрастырады.
Дескриптор:
1. Шаблонмен танысып, композицияның тақырыбын түсіну
2. Жұмыс істеу тәртібін түсіну
3. Әр бөлігіне сәйкес фигураларды түсіне, пішіні мен көлеміне қарай таңдап алу
4. Ұқыпты түрде желімдеу:
І топ: «Аққала мен күшік»
ІІ топ: «Жолда»
ІІІ топ: «Маша мен Аю»
ІV топ: «Біздің үй»

Соңы Рефлексия:
- Бүгін сабақта не білдім? Нені үйрендім?

Аягөз аудандық білім бөлімінің
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Карымханова Айнур Нуртаевна

Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру сабақ жоспарын жүктеу
Сөйлеу барысында сипаттау сөздерін қолдану сабағын жүктеу
5 968
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
нүктелі қағазда кесінділер, түзулер мен геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызу.
Фигуралармен (пішіндермен) жұмыс істеу кезіндегі шығармашылық іс әрекет. Жазық фигуралардың модельдері
Фигуралармен (пішіндермен) жұмыс істеу кезіндегі шығармашылық іс әрекет. Жазық фигуралардың модельдері
Геометриялық фигураларды танып білу (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, шар, цилиндр, конус, пирамида, параллелепипед, куб) Жазық фигуралар моделін құру және олардан композиция құрастыру
Көлемді фигуралар
Көлемді фигуралар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 3. 1. 2 Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған
Жазық геометриялық фигураларды салу
Жазық геометриялық фигураларды салу
Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
Дискрипторлар 1 сынып бойынша
Дискрипторлар 1 сынып бойынша
Дискрипторлар 1 сынып бойынша Дүниетану, Математика, Жаратылыстану, Сауат ашу пәндерінен 1 сынып оқушыларына берілетін тапсырмалардың дескрипторлары
Анықталған интегралдың көмегімен жазық фигуралардың ауданын есептеу
Анықталған интегралдың көмегімен жазық фигуралардың ауданын есептеу
Астана қаласы, №34 орта мектебінің мұғалімі Бұғыбаев Мұхаметқали
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×