Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дискрипторлар 1 сынып бойынша

10 ақпан 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Дискрипторлар 1 сынып бойынша
Дүниетану пәні бойынша 1 сыныбына арналған тапсырмалардың дескрипторлары:
Математика пәнінен 1 сынып оқушыларына арналған түрлі тапсырмалардың дескрипторлары:
Жаратылыстану пәнінен 1 сынып оқушыларына берілетін тапсырмалардың дескрипторлар:
Сауат ашу пәнінен 1 сынып оқушыларына берілетін тапсырмалардың дескрипторлары


1. Он көлемінде санауды, заттардың саны мен сандар арасындағы сәйкестікті табуды меңгерді.

2. Заттарды орналасу ретіне қарай реттік сандарды қолданып санауды: бірінші, екінші, үшінші …
Заттың реттік нөмірін анықтауды; реттік санауды сандық санаудан айыра білуді меңгерді.

3. Жұптар құрастыру арқылы сандарды салыстыруды;
— “=”, “≠” белгілерінің көмегімен салыстырудың нәтижесін өрнектей білуді;
— екі топтағы заттардың санын теңестіре білуді меңгерді.

4. Сандық сәуледегі санның орнын табуды, алдыңғы және келесі сандарды атай білуді меңгерді.

5. Сандық сәуле көмегімен 10 көлеміндегі сандарды салыстыруды, екі жиындағы нысандар санын салыстыруды және нәтижесін “>”, “<” белгілерінің көмегімен жазып көрсетуді меңгерді.

6. Жалпы топтың ішінен бір затты таба алуды; 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10... цифрын жазуды үйренді.

7. Он көлемінде санауды; тура және кері ретпен санауды меңгереді.

8. Қосу амалы туралы біледі, азайту амалы туралы біледі; сөйлеу барысында қосу және азайту компоненттерін қолданады.
1
9. Сандық сәуленің көмегімен бір санның екіншісінен қаншаға артық немесе кем екенін анықтай біледі, бір санның екіншіден қаншаға артық не кем екенін анықтауды жиындардың элементтерінен жұптар құрастыру арқылы салыстыра білуді меңгерді.

10. Заттарды түсі бойынша салыстыруды, заттарды пішіні бойынша салыстыруды, заттарды өлшемі бойынша салыстыруды меңгерді.

11. Заттарды жасалған материалы бойынша салыстыруды, заттардың негізгі қасиеттерін жасалған материалы бойынша ажыратуды меңгерді.

12. Нүкте мен сызықты ажыратады, түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды айыра біледі, түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды салуды меңгерді.

13. Кесінді мен сынық сызықты ажыратады, кесінді мен сынық сызықты сызады, кесінді мен сынық сызықты әріптермен белгілеуді меңгереді.

14. Шар, цилиндр, конус, пирамида, текше сияқты кеңістік фигураларымен танысты, ажыратуды үйренді.

15. Жазық фигураларды, әрбір фигураның өзгешелігін анықтауды, жазық фигура кеңістік фигураның ізі немесе баспа таңбасы екенін білді.

16. Жазық фигуралардың модельдерін жасайды, олардан композиция құрастыра білді.

17. Түрлі түсті жұмсақ және қатты қағаздан жазық фигуралардың модельдерін жасауды; жазық фигуралар модельдерінен композиция құрастыруды; композиция жасау кезінде жазық фигуралардың түрлерін айыруды және анықтай білуді меңгерді.
2
18. Заттарды ұзындығына, биіктігіне және адамдарды бойына қарап салыстыруды; заттарды ұзындығына қарап салыстыру нәтиже - сін тіркеуде салыстыру өлшемдерін білдіретін сөздерді қолдануды меңгерді.

19. Сызғыштың көмегімен ұзындықты өлшеуді, өлшеу нәтижелерін сантиметрмен өрнектеуді меңгерді.

20. Заттың массасы ұғымын түсінеді, заттарды массасы бойынша салыстыруды меңгерді.

21. Заттардың массасын кіртастардың көмегімен өлшеуді, күнделікті өмірде кездестіретін заттардың мас - сасын мөлшерлеп айтуды (бір килограмнан ар - тық немесе кем), заттарды массасы бойынша салыстыруды меңгерді.
22. Көлем ұғымын ыдыстың ішіндегі кеңістік ретінде түсінеді, заттарды көлемі бойынша салыстыруды меңгерді.

23. Көлемнің стандартты өлшем бірлігі литр екенін біледі, 1 литр өлшеуіш ыдыс арқылы көлемді өлшеуді үйренді.

24. “ұзындық”, “масса”, “көлем” терминдерінің және олардың өлшем бірліктерінің мағынасын түсінеді (см, кг, л), заттарды массасы, көлемі, ұзындығы бойынша салыстыруды меңгерді.

25. Қосу кестесін құрастыруды; бір таңбалы сандарды қосу үшін кестені пайдалануды меңгерді.

26. Бір таңбалы сандардың қосу кестесін қолданып, қосу нәтижесін анықтауды меңгереді, бір таңбалы сандарды қосудың кестесін құрастыруды, қосу үшін бір таңбалы сандардың қосу кестесін пайдалануды меңгерді.

3
27. Қосу мен азайту амалдарының арасындағы өзара байланысты орната алуды, берілген мысалға байланысты төрт мысал құрастыруды меңгерді.

28. 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту үшін бір таңбалы сандарды қосу кестесін қолдануды, қосу кестесіне сүйеніп, мысалдар құрастыра алуды меңгерді.

29. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдана отырып, мысалдар шығаруды, қосудың ауыстырымдылық қасиетіне сүйене отырып, есептеудің тиімді тәсілін таңдауды меңгерді.

30. Екінші ондықтағы екі таңбалы сандарды оқиды, жазады және құрастыра алады.

31. екі таңбалы сандарды салыстыруды; бір таңбалы сандарды салыстыруды; екі таңбалы сандарды 11 - ден 20 - ға дейін тура және кері санауды; сандық сәуледегі санның орнын анықтауды; оның реттік нөмірін атауды, оқуды, жазуды; 11 - ден 20 - ға дейінгі сандардың құрастырылуын меңгерді.

32. Ондықты шығарып алуды, ондықтарды атауды, ондықтармен санауды, дөңгелек сандарды атауды меңгереді, разряд арқылы 100 - ге дейін аттамай қосу және азайтуды меңгерді.
33. Қосуды екі жиынның бірігуі және сандық сәуленің бойымен оңға алға қарай санау ретінде ұғуды, азайту қосу амалына кері амал және сандық сәуленің бойымен солға қарай кері санау деп түсінуді; “+” және “–” белгілерін қолданып, өрнектерді құрастыру мен жаза білуді, 20 - ға дейінгі аралықта сандық сәулесін пайдала - нып қосу мен азайтуды меңгерді.

34. Сандарды 20 - ға дейін разрядтан аттамай, ауызша қосуды, 20 - ға дейінгі сандарды ондықтан аттамай ауызша азайтуды меңгерді.

4
35. “+”, “–” және “=” таңбаларын санды өрнектер жазуға және олардың мәнін табуға пайдалануды, өрнектер құруды және жазуды меңгерді.

36. Аттарды екі - екіден санауды, 20 көлемінде екі - екіден тура және кері санай білуді меңгерді.

37. 2, 4, 6, 8, 10 сандарының орналасу ретіне байланысты жартысын табуды меңгерді.

38. берілген заңдылықтарды анықтап, оларды жалғастыруды, белгілі бір ережелерге сүйеніп, заңдылықтағы қателіктерді табуды және дұрыс нұсқасын құрастыруды меңгерді.

39. Басқатырғыштардың түрлері мен шешу тәсілдерін меңгерді. Геометриялық фигураларды ажырата алады.

40. Кесінділердің, сынық сызықтардың, заттардың ұзындықтарын өлшеуді меңгерді.

Сынып жетекшісі: Мусиева Акмарал Койшекеновна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 425
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Артық, кем, тең
Артық, кем, тең
Бір таңбалы сандарды оқиды, жазады және салыстырады; Сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды;
Реттік санаумен танысу
Реттік санаумен танысу
Реттік санаумен танысу. Жоғарыда оң жақ бұрышы, төменгі оң жақ бұрышы, жоғарғы сол жақ бұрышы, төменгі сол жақ бұрышы, ортасы. 5 саны көлемінде реттік санау, сандық және реттік санауды айыра білу (есептік және реттік санау), «қанша?», «нешінші?»
Жаңартылған бағдарлама бойынша математикадан тапсырмалар жинағы
Жаңартылған бағдарлама бойынша математикадан тапсырмалар жинағы
сандарды тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы реттік нөмірін анықтау 1 - тапсырма. Сандарды өсу және кему ретімен жазу.
9 саны және цифры
9 саны және цифры
Оларға іштей санауды үйрету. Санау кезінде 9 санына жеткен кезде, ол санды дауыстап айтуы керек. Осылайша ойынды жалғастырып ойнатуға болады. Бұған дейін алынған білім: Сандық сәуле, тура және кері санау.
Математика пәнінен күнтізбелік жоспар 5-9 сыныптар үшін
Математика пәнінен күнтізбелік жоспар 5-9 сыныптар үшін
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосы, С. Нұрниязұлы атындағы мектеп - интернатының математика пәні мұғалімі: Әлмұратова Перизат Керізбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×