Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Фигуралармен (пішіндермен) жұмыс істеу кезіндегі шығармашылық іс әрекет. Жазық фигуралардың модельдері

02 қараша 2017, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1С бөлім
Геометриялық фигураларды зерттеу.
1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Фигуралармен (пішіндермен) жұмыс істеу кезіндегі шығармашылық іс әрекет
Жазық фигуралардың модельдері (2)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 5 1. 3. 1. 3 Геометриялық фигураларды танып білу (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, шар, цилиндр, конус, пирамида, параллелепипед, куб)
Сабақ мақсаттары: Жазық фигуралар моделін құру және олардан композиция құрастыру
Жетістік критерийлері: Жазық фигуралардың модельдерін жасап үйренеді. Жазық фигуралар модельдерінен композиция құрастырып үйренеді композиция құрастыру кезінде фигуралардың түрлерін ажыратады.
Тілдік мақсаттар:
Жазық фигура модельдері, геометриялық фигуралар, аппликация, композиция
Құндылықтарды дарыту: Жауапкершілік, сыйластық, өзаратүсіністік құндылықтарын қалыптастыру
Пәнаралық байланыстар: Тірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі орыс тілі пәндерімен байланыс орнады. Өлшемдерді жүргізу арқылы дүниетану, ғылымға кіріспе, қолөнер сабағымен байланыс орнады.
Бастапқы білім
Оқушылар күнделікті өмірде көлемді фигура және жазық фигуралар туралы білетін тәжірибесіне сүйенеді.

Сабақтың басы
Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық, достарым
Арайлап атқан күнге!
Оқушыларға қоянның аппликациясын көрсету.
Бұл ненің суреті?
Оны қайдан білдіңдер?
Сурет қандай фигуралардан құралған?
Сурет неше фигурадан тұратыны сана
Бұлар қандай фигуралар?
Осыған ұқсас аппликация жасағыларың келе ме? Өздерің бұрын балабақшада немесе үйде осындай аппликация жасап көрдіңдер ме?
Олай болса, біз түрлі түсті қағаздан, қатырма қағаздан жазық фигуралар мен олардың композициясын жасап үйренеміз.
Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Сабақтың ортасы
Көлемді фигураны қолданып, жазық фигураларды жасаудың ретімен оқушыларды таныстыру
Көлемді фигураның ішінен бір фигураны таңдап алу, мысалы текше;
Фигураны түрлі түсті қағазға не қатырма қағазға бастырып сызу;
Салынған фигураны сызықтың бойымен қиып алу.
Шаршыны бір диоганалі бойынша бүктеп екі үшбұрыш алудың жолын көрсету;
Шаршыны екі диоганалі бойынша бүктеу арқылы төрт үшбұрыш жасауды көрсету.
Қиып алынған фигураларды пайдаланып әр түрлі композиция құрастыру.
Композиция құрастырудың ең оңай тәсілдерін үйрету.
1. қадам екі бөліктен бір фигура құрастыру. Мысалы екі үшбұрыштан бір шаршы құрастыру
2. қадам қарапайым фигуралар құрастыру. мысалы шырша, саңырауқұлақ.
3 қадам Мазмұнды (сюжетті) композицияларды жазық фигуралардан көрсету.
Дайын композицияларды қатырма қағазға желімдеу.
Оқулықпен жұмыс
Фигуралардан құралған жануарлар суреттері.
Бақаның аппликациясы қандай фигуралардан жасалған?
Неше үшбұрыш бар?
Дөңгелек ше?
Мысықтың тұмсығы қандай фигура?
Көбелектің қанаты неше қызыл үшбұрыштан құралған?
Шаршыдан үшбұрышты қалай жасауға болады?
Шығарып көр
Жазық фигурадан көбелек құрастыру үшін қандай қадамдар жасауымыз керек?
Көбелектің қанаттары қандай фигуралардан тұрады?
Геометриялық фигуралар санын санату.
Орындап көр
Жазық фигурадан балапан және күшік композициясын жасау. Өздерінің жұмыстарында қандай фигура қолданғандығын сұрау.

Сабақтың соңы Оқушылардың жасаған жұмыстарын саралау.
Әр жұп оқушылардың орындаған жұмыстарын талқылау және жұмыстардан көрме ұйымдастыру.

Рефлексия
Бәрін түсіндім
Кейбір нәрселерді толық түсінбедім
Мен түсінбедім

Миялы орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Г. Салықова

Фигуралармен (пішіндермен) жұмыс істеу кезіндегі шығармашылық іс әрекет. Жазық фигуралардың модельдері. жүктеу
3 400
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
нүктелі қағазда кесінділер, түзулер мен геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызу.
Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы
Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы
Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің анықтамасын біледі, қасиеттерін ажырата алады. Тік бұрышты параллелепипед пен текшенің жазықтықтағы сызбасына есептер құрастыра алады.
Көлемді фигуралар
Көлемді фигуралар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 3. 1. 2 Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған
Жазық геометриялық фигураларды салу
Жазық геометриялық фигураларды салу
Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру
Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру
Өздеріне таныс жазық және кеңістік фигураларды атайды, ажыратады. Жазық фигуралардан әртүрлі заттар мен композициялар құрайды.
Анықталған интегралдың көмегімен жазық фигуралардың ауданын есептеу
Анықталған интегралдың көмегімен жазық фигуралардың ауданын есептеу
Оқушыларға жазық фигуралар, олардың аудандары туралы ұғым беріп, жазық фигуралардың аудандарын табу бойынша білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыру. оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; диалогтік оқыту арқылы сабақтың мазмұнын ашу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×