Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?

11 ақпан 2016, Бейсенбі
Әдебиет 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына қарай талдау.
Дамытушылық: Оқушыларға ойландыратын сауалдар бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау.
Тәрбиелік: Білімдік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, тұжырымдамалық карта, СТО әдістері
Сабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, интербелсенді тақта, тірек - сызбалар, қағаз, стикер, кеспе қағаздар,
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) түгендеу, оқу құралдарын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Соғыс» өлеңі мәнерлеп оқиды.
I топ. Өлеңнен Исатайдың бейнесін, мінген атын суреттегн жолдарды табу.
II топ. Исатай кім? Батыр туралы не білесіздер?
Өлеңді құрылысына қарай талдайды.
М. Өтемісұлының «Соғыс» өлеңі - 7 - 8 буынды, екі бунақты, аралас ұйқасқа құрылған өлең.

IІІ. Жаңа сабақ
Ыбырай Алтынсарин - қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты.
ІV. «Топтастыру» әдісі

V. Оқулықпен жұмыс. Рөлдерге бөліп оқу.
1. Автор сөзі
2. Француз жұртының білімді адамының сөзі
3. Бейтаныс адамның сөзі
4. Антонның сөзі

Антонға мінездеме беру.
Антон

Ешкімге тәуелді емес,
Еңбекқор,
тыным таппайды,
күнін босқа өткізбейді,
еңбектеніп ақша табады.

VI. Мағынаны тану. «Сэнкуэн» әдісі немесе бес жолды өлең құрастыру
1. Зат есім. Антон
2. Сын есім. Мейірімді, пысық
3. Синоним. Антон еңбекқор
4. Етістік. Тыным таппайды, ешкімге тәуелді болмайды.
5. Сөйлем. Қиындықты жеңу - ерлік

VII. «Үлкен шеңбер» әдісі. Оқушылар «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін шеңберге салып талқылайды, әркім мәселенің шешу жолын жеке қарастырады. Мынадай сұрақтар қойылады:
1. Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?
2. Антон қандай қорытынды шығарды?
3. Антон сияқты сенің бірге оқыған досың тіленшілік қылып тұрса не істер едің?
4. Болашақта кім боламын деп армандайсың?
5. Бұл әңгіменің басты тақырыбы не жайында баяндалған?

VIII. Рефлексия. Стикер таратамын. Оқушылар өз ой - пікірлерін жазады. Бүгінгі сабақтан не түйгендерін, Ы. Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады» әңгімесі қаншалықты әсер еткендігі жөнінде пікір жазу.

IX. ББҮ әдісі бойынша сабақты талқылау.

Ы. Алтынсарин әңгімелерін оқи отырып мынадай түйін жасауға болады.
X. Сабақты бекіту:
1. Әңгіменің мазмұнына зер салу.
2. Еңбек етуден ерінген адам кедей болатынын, ал қайыр сұраудан арланбайтынын байқадың ба?
3. Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?
4. Антон бұл сөзден қандай қорытынды шығарды?

XI. Үйге тапсырма беру:
а) Ы. Алтынсариннің өмір жолы мен шығармашылығы
ә) «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің мазмұнын айту
б) «Еңбекпен тапқан нан» немесе «Байлықтың көзі - еңбекте» деген тақырыптарға шағын шығарма жазу.

XII. Бағалау
Оқушыларды бағалау. Күнделіктеріне баға қою.
42 160
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнын ашу арқылы еңбек етудің пайдасы туралы біледі, мамандық таңдай білуге үйренеді.
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы. Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Күнделікті сабақ жоспары топтамасы. Ахмет Байтұрсынов Өгіз бен бақа
Күнделікті сабақ жоспары топтамасы. Ахмет Байтұрсынов Өгіз бен бақа
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып. Тақырыптар: 26. А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа» 27. М. Өтемісұлы Соғыс 28. М. Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлең тілі туралы мәлімет. 29. Ы. Алтынсарин «Өзен» 30. Ы. Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» атты
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Махамбет Өтемісұлы "Соғыс"
Махамбет Өтемісұлы "Соғыс"
Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова Ғалымжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×