Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математикалық сандық

03 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Дайындап өткізген 3 - курс студенттері
Күзенбай Б.Ғ., Ерденова Н.Е.
Әдіскер Құлпейсова Н.Е.
«Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың технологиясы» атты машық кезінде Саран қаласындағы орта жалпы білім беретін №4 мектептің 8 «А» және 8 «В» сыныбы оқушыларымен өткізген сыныптан тыс жұмыс түрі
Тақырыбы: “Математикалық сандық”
Сыныптар: 8
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сыныптан тыс жұмыс барысында математика пәндерінен алған білімдерін жинақтау, толықтыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сана - сезімін жан - жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру. Белсенділігі мен қызығушылығын арттыру, танымдық, шығармашылық ізденістерін ұштау;
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, татулыққа тәрбиелей отырып, тапқырлыққа баулу.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс жұмыс
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, бүктеме қағаздар,” Білімді азамат - ел ертеңі”, “Адамның даңқы – оның ойлау қабілетінде”, “Білегіне сенбе – біліміңе сен” жазулары, ұпай парақтары
Өтілу барысы.
Бақыт: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар және оқушылар!

Назерке: Қайырлы күн құрметті қонақтар! «Математикалық сандық» атты кешімізге қош келдіңіздер.

Бақыт: Әлемдік өркениетке ұмтылған Тәуелсіз еліміздің басты құндылығы – білімді ұрпақ. Білімді азамат – ел ертеңі.
Назерке: Иә, еліміздің кемел келешегі – біздің қолымызда. Ал біздің қазіргі міндетіміз - түрлі пәндерді игеріп, терең білім алу. Ал соның ішінде ғылымдардың патшасы саналатын математика пәнінің мен үшін де, менің достарым үшін де алатын орын ерекше. Әл - Фараби бабамыз айтқандай математика басқа ғылымдардан жоғары бағаланады, ұлы Ломоносов
сөзінше математика ақыл – ойды тәртіпке келтіреді, сондықтан оны оқу керек.
Бақыт: Бүгін біздің кешімізде 8 “а” және8 ″в” сынып оқушылары өздерінің математика пәні бойынша білімдерін көрсетіп, сынға түспекші.
Назерке:
Көңілді тапқырлар, білгірлер
Бар білімін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Өмірде ойлап тұрса бәрі де есеп
Ауырсаң ішер – тұғын дәрі де есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз – ау
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
Бақыт:
“Төрімізде отырар
Әділқазы алқасы.
Сіздерден әділ шешімді
Күтеді бүгін баршасы.” Деп біз әділ мүшелерін анықтап алып, сайысымызды ретімен таныстырып өтсек.
Әділқазы мүшелері:
--------------------------------------------
Назерке: Сайыс кезеңдері:
1) Таныстыру.
2) Үй тапсырмасы;
3) Математикалық лото;
4) Сиқырлы таяқшалар;
5) Бәрі бір әріптен;
6) Жалғасын тап;
7) Сиқырлы әріптер;
8) Есепші дұрыс болса, есеп бұрыс болмас;
9) Формуланы білесің бе?
10) Қорытынды.

Бақыт: Ал, енді бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

Назерке: Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық - деп сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық. Кезекті таныстыруға берсек.

І кезең: Таныстыру:

8 “А” сынып:
“..................................” тобы
Ұраны:
Сәлемдесуі:
8 “В” сынып
“.................................” тобы
Ұраны:
Сәлемдесуі:

ІІ кезең: Үй тапсырмасы.
Бақыт: Біз екі топқа да алдын - ала үй тапсырмасын берген болатынбыз. Үй тапсырмасының шарты әр топ математика ғалымдарына байланысты бір қабырға газетін шығарып, соны қорғап, талдауға тиіс еді. Енді топ жетекшілерін ортаға шақырайық.
(топ жетекшілері ортаға шығып өз қабырға газеттерін қорғайды, жеребе арқылы қай топ бірінші бастайтынын анықтаймыз)

ІІІ кезең «Математикалық лото» ойыны.
Назерке: Мұнда 12 карточка дайындалады. Әр топқа 6 карточкадан. Осы 12 карточканың сыртына бір тұтас бір сурет салынады. Топтың жетекшісі карточкалардың біреуін алып өз тобына оқиды. Топ оқушылары тапсырманы орындап, бір оқушы жауаптар таблосынан жауап тауып, жауабы жазылған торға карточканы беттестіріп жапсырады. Осылайша жауаптар таблосы тиісті карточкалармен жабылған кезде табло бетінде карточка сыртындағы сызықтардан бір сурет құрастырылады.
1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу (жанама)
2. Бір нүктеден таралған, екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 474
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Арифметика ғаламшары \сыныптан тыс жұмыс\
Арифметика ғаламшары \сыныптан тыс жұмыс\
Бастауыш сынып оқушыларын математика - жаратылыстану бағытындағы сыныптан тыс жұмыстар арқылы пәндерге қызығушылықтарын арттыру.
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын жетілдіру.
Бақытты сәт (информатика және физика апталығы)
Бақытты сәт (информатика және физика апталығы)
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Көбенова Қарылғаш Жанұзаққызы
Математика әлемінде
Математика әлемінде
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа өмір ауылы, Шаған ЖОББ мектебі математика пәні мұғалімі Ермухамбетова Луиза Орынбасаровна
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда ескеретін жайттар
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда ескеретін жайттар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Математика пәнінің мұғалімі: Шалқарбаева Алтынгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×