Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пайыз

17 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Құттықожа ауылы, №164 орта мектебінің
математика пәні мұғалімі Исаева Гүлжаухар Қаратайқызы

Сабақтың тақырыбы: Пайыз
математика 5 сынып
Мақсаты: Пайыздың не үшін қажет екенін, оны білудің пайдасы бар ма, тұрмыста, өмірде пайызды қалай есептей алуға болады деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылардың сыни ойлай алу, алған білімін қолдана білу дағдысын қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, диалогтік оқыту тәсілі бойынша оқушылардың танымдық қабілетін арттыру.
Міндеттері: Танымдылық: Мәтін идеясын таба отырып, анықтаманы қорытуға, білуге және талдауға ықпал ету
Эмоционалдық: Мәтін идеясын түсіне отырып, саналы меңгеруге жағдай жасау
Әлеуметтік: Әлеуметтік өзара әрекеттестікке, оқыту арқылы барлық оқушылардың бірдей оқу, оқыту үдерісіне қатысуына ықпал ету
Күтілетін нәтиже: Пайызды бөлшекпен (санмен), бөлшекті (санды) пайызбен өрнектей біледі;
Оны есептерді шығаруда қолдана алады, есепті түрлендіреді;
Есепті ережені қолдану арқылы шешудің алгоритмін құрастыра алады, есептің маңызы мен пайдасы туралы пайымдай алады.
Негізгі идеялар: «Мен» тұжырымдама. Ынтымақтастық идеясы. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыс жасайды, сабаққа қызығушылығы, белсенділігі артады.
Тапсырма көздері: Сәйкестік тесті. Жобамен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар. Жинақтау сұрақтары.
Керекті жабдықтар: Тақырыпқа байланысты ресурстар, оқулық, интерактивті тақта, түрлі түсті стикерлер, бағалау парағы, жинақ экраны.

Сабақ кезеңдері:
І. Кіріспе (мотивациялық кезең): Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Психологиялық ахуал туғызу (ынтымақтастық стратегиясы): «Жүрек жылуы» тренинг. Мұғалім:- Өз алақанымызды жүрек тұсымызға қойып, лүпілдеп соққан жүрегімізге бір сәт құлақ түріп көрейікші. Жүректеріңнің соғысын сезесіңдерме? Жүрегіміз не деп соғады екен? Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы. Оқушылар:- Біздің жүрегіміз қамқоршы, адал, жақсылыққа толы, бақытты, қайырымды...
Мұғалім:- Олай болса жылы да жұмсақ, батыл да ақылды, қайырымды да қуанышты жүрегімізден шыққан жылуды айналамызға таратайық.
Геометриялық фигуралы сурет қиындыларымен (үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер) топқа бөліну. Көшбасшысын сайлау, критерий (дескриптормен) арқылы құрылған бағалау парақшасын тарату.

ІІ. Тұсаукесер. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Сабақ үстінде қолданылатын әдіс - тәсілдер мен бағалау түрлері айтылады.

ІІІ. Негізгі бөлім: Білу, Түсіну (жұппен жұмыс). Оқушылар, біз енді туған ауылымызға саяхатқа шығамыз. Саяхатымызды ауылымыздың табалдырығынан бастаймыз (суретін көрсету). Ол үшін мына тапсырманы орындауымыз керек:

Сәйкестік тесті (Миға шабуыл - интерактивті тақтамен жұмыс):

IV. Қолдану (топпен жұмыс).
- Біздің ауылда 3 мекеме бар. Мен сендерге осы мекемелерді зерттеу жұмысын бергенмін. Үшбұрыштар тобы балабақша мәселесін, төртбұрыштар тобы мектеп мәселесін, шеңбер тобы емхананың мәселесін шешетін боласыңдар. Бұл зерттеулер арқылы Құттықожа ауылымен танысамыз.
Топқа тапсырма (кіші жоба қорғау):
І. Үшбұрыштар тобына - балабақша
ІІ. Төртбұрыштар тобына - мектеп
ІІІ. Шеңбер тобына - емхана
Дайын мәліметтер бойынша пайызға есептер құрастыру.
Бағалау: 1 «Екі жұлдыз, бір тілек», 2. «Бағдаршам», 3. «Бармақпен бағалау»

V. Сергіту сәті: Геометриялық фигуралармен пайыз есептерін құрастыру

VI. Талдау(жеке жұмыс). Деңгейлік тапсырма(тест):

VII. Жинақтау, Бағалау.(ұжыммен жұмыс). - Енді саяхатымыздың соңында үйімізге оралайық. Қазір жылдың қай мезгілі? Ата - анамыз ауламызға нені отырғызып жатыр? Біз де көмек берейік. Онда берілген сұрақтарға жауап берсек, ауламызға бір ағаш көшетін отырғыздық деп есептейміз:
1. Пайыз деп нені түсінесің?
2. Оның мағынасы қандай?
3. Ол ең алғаш қай жерде пайда болды деп ойлайсыңдар?
4. Еуропада қай ғасырда қолданыла бастады?
5. Римдіктер ақшаны не деп атағанын білесіңдер ме? Неліктен?
6. Пайызды бөлшекпен не санмен жазудың алгоритмі
7. Бөлшекті не санды пайызбен жазудың алгоритмі
8. Пайызды білудің пайдасы бар ма? Себебін түсіндір
9. Пайыз есебі қай жерлерде қолданылады?

VIII. Қорытынды. Бағалау парағы бойынша оқушылардың бағасын шығару

IX. Үйге тапсырма. Пайызға байланысты есептер құрастыру, А4 форматына сөзжұмбақ құрастырып келу.

X. Рефлексия. - Бүгінгі сабақта не ұнады?
- Не ұнамады?
- Айтар ұсынысың...

Толық нұсқасын жүктеу
12 314
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Берілген санның пайызын табу
Берілген санның пайызын табу
Пайыздармен бөлшектер арасындағы байланысты түсінеді, санның пайызын таба алады; Шама мәндерінің пайыздық кемуін немесе артуын түсінеді; өлшем бірліктердің берілген пайызын таба алады.
Ұзақ мерзімді жоспар. Проценттерге есептер шығару
Ұзақ мерзімді жоспар. Проценттерге есептер шығару
Пайызды оқи алады, ережелерді түсіндіре алады, есептерді талқылайды, өз ойын басқаларға жеткізе алады, қорытынды жасайды.
Жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбына қайталау, жинақтау сабағы
Жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбына қайталау, жинақтау сабағы
Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту. Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Әр түрлі тапсырма бере отырып, квадрат үшмүше ұғымын тереңдету. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеудің жолдарын талдау, зерттеу жұмыстары арқылы сыни ойлай алу, алған білімін қолдана алу дағдысын қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, диалогтік
Проценті бойынша санды табу
Проценті бойынша санды табу
Проценті бойынша санды табу алгоритмін пайдалана отырып, есеп шығаруды үйренеді.
Коучинг
Коучинг
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қалмұратова Дүрия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×