Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу

17 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Құттықожа ауылы №164 орта мектебінің
математика пәні мұғалімі Исаева Гүлжаухар Қаратайқызы

Естігенімді - ұмытамын.
Көргенімді - есте сақтаймын.
Жасағанымды - түсінемін. (Конфуций )

Алгебра 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу

Сабақтың мақсаты: Әр түрлі тапсырма бере отырып, квадрат үшмүше ұғымын тереңдету. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеудің жолдарын талдау, зерттеу жұмыстары арқылы сыни ойлай алу, алған білімін қолдана алу дағдысын қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, диалогтік оқыту тәсілі бойынша танымдық қабілетін арттыру.

Міндеттері:
Танымдылық: Тақырып бойынша логикасы әр түрлі есептерді шығара білу, өзін - өзі дамыту, өзінің деңгейін бағалау, берілген мақсатқа жету, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, өз ойын сынып алдында қорғай алу
Эмоционалдық: Тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету
Әлеуметтік: Тәжірибемен және идеямен алмасу, мәселені бірлесіп шешудің амалын табу, ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу

Күтілетін нәтиже:
• Квадрат үшмүше ұғымын тереңдетеді.
• Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеудің жолдарын талдайды, зерттейді.
• Есепті ережені қолдану арқылы шешудің алгоритмін құрастыра алады, есептің маңызы мен пайдасы туралы пайымдай алады.

Негізгі идеялар: «Мен» тұжырымдама... Ынтымақтастық идеясы. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыс жасайды, сабаққа қызығушылығы, белсенділігі артады.

Сабақты талдау: сабаққа қойған мақсатты жүзеге асыру үшін, түрлі тапсырманың өзіне керекті мәліметтерін іздейді. Қызығушылығының артуы сабақта алған білім элементтерінің артуына тікелей байланысты екенін мойындайды. Оқушылар өз бетімен алған білімдерін саралайды. Алған бағаларының нәтижесін дұрыстау үшін белсенді әрекеттер жасайды.

Тапсырма көздері: Жеке, жұппен, топпен жұмыс. Ассоциация. Болжау. Топтастыру. Деңгейлік тапсырмалар.

Модульді кіріктіру: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер, АКТ – ны қолдану, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқытуды басқару және көшбасшылық, Оқу үшін бағалау, оқыту үшін бағалау.

Керекті жабдықтар: дидактикалық материалдар, үлестірмелер, бағалау парағы, тест материалы, интерактивті тақта, түрлі түсті стикерлер, жинақ экраны.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу, балаларды түгендеу.“Көтеріңкі көңіл күй”- атты тренинг (Әр бала берілген қасиеттердің ішінде қазіргі уақытта қандай қасиет бойларында бар және жолдастарына бүгінгі сабақта не тілейді?) Берілген қасиеттер: Өмірге риза болу Әділдік, ұқыптылық, ашықтық, кеңпейілділік, шыншылдық, өзбетінділік, өзіне сенімділік, ұжымдық, ақылдылық, қарапайымдылық, сапалылық, бауырмалдық, тілтабысушылық, сыпайылылық, батылдық
Төзімділік, тұрақтылық, сабырлық, еңбекқорлық.
- Бүгінгі сабақта бір - бірімізге сәттілік тілейміз! (қол ұстасып, хормен)
Квадрат үшмүшенің коэффициенттерімен (а, в, с) топқа бөліну. Көшбасшысын сайлау, критерий арқылы құрылған бағалау парақшасын тарату.

ІІ. Қызығушылығын ояту: - Сабағымызды Астанаға «ЭКСПО 2017» саяхат жасаудан бастайық. «ЭКСПО 2017» қай кезде өтеді? Бұл сұраққа жауап алу үшін мына тапсырманы орындайық. Миға шабуыл. «Сөздер банкасы» арқылы ережені тұжырымдау: 1. D=? 2. x ₁=? 3. x ₂=? 4. D>0 5. D=0 6. D<0 7. ax ²+bx+c=0 8. ax ₂+bx+c 9. ax ² +bx+c=?

ІІІ. Ой қозғау: - Көрмеге қандай тақырып таңдалды? 7 - сыныптағы көпмүшені көпмүшеге көбейту тақырыбын еске түсіру арқылы бүгінгі тақырыпқа келу:(x - 5)(x - 3)=x ²- 5x - 3x+15=x² - 8x+15
Енді орнын ауыстырайық: x ²- 8x+15=(x - 5)(x - 3). «Үшмүшені көбейткішке жіктеу» тақырыбы.

IV. Мағынаны тану: - ЭКСПО 2017 иесі қалай белгілі болды?
І топ. Квадрат үшмүшені топтау тәсілі бойынша көбейткішке жіктеңдер.
ІІ топ. Квадрат үшмүшені толық квадратын айыру арқылы көбейткішке жіктеңдер.
ІІІ топ. Квадрат үшмүшені түбірлерін анықтау арқылы көбейткішке жіктеңдер. (бармақпен бағалау)

V. Сергіту сәті: - Астана қанша дауыс жинады? Мақал - мәтелдердегі сандар арқылы үшмүше құрау, оның түбірін Виет теоремасы бойынша табу:
1) Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы. (х ² – 9х + 8) 2) Бір тал кессең, он тал ек. (х ² – 11х + 10) 3) Жеті рет өлшеп, бір рет кес. (х ² – 8х + 7)

VI. Ойтолғаныс:- Көрмеге қанша мемлекет, адам қатысады?
І топ. Квадрат үшмүшені көбейткішке жіктеу алгоритмін құрыңдар.
ІІ топ. Квадрат үшмүше мен квадрат теңдеу арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар? (Венн диаграммасын құру) ІІІ топ. Қандай жағдайда квадрат үшмүше сызықтық көбейткіштерге жіктелмейді? Дәлелдеңдер. (бағдаршаммен бағалау)

Толық нұсқасын жүктеу
3 423
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алгебра 8 сынып үйде оқыту
Алгебра 8 сынып үйде оқыту
5 - 6 сыныптардағы математика курсын және 7 - сынып алгебра курсын қайталау
Квадрат теңсіздікті шешу
Квадрат теңсіздікті шешу
Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шеше білуге үйренеді;
Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру
Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру
Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері, квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру ұғымдарын дамыту;
Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Квадрат теңдеулер, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу, квадрат үшмүшені көбейткішке жіктеу ұғымын дамыту;
Квадраттық фунция және оның графигі
Квадраттық фунция және оның графигі
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп» КММ - нің математика пәнінің мұғалімі Садыков Алалдун Анварұлы
Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері
Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосының математика пәні мұғалімі: Жұмағазиева Ақбөбек Закарияевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×