Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Цилиндр жазбасы, бетінің ауданы

24 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Математика
Геометрия 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Цилиндр жазбасы, бетінің ауданы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Цилиндр туралы ұғым, оның элементтерін, қималарын, жазбасын және бетінің аудандарын табу білімдерін жүйелеу.
Дамытушылық: Алған білімдерін әр түрлі жағдайларда қолдана білуге дағдыландыру. Белсендігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Ұжым намысын қорғай білетін, шығармашылық қабілеті дамыған тұлға тәрбиелеу. Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету
Сабақтың жабдықтары: интерактивті тақта, маркер, қарындаш, бағалау парағы

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
4 топқа бөліну

І кезең
1. «Конверт - сұрақ» стратегиясы
Конвертке өткен тақырыптар бойынша 3 сұрақ жазып. барлық топтарға таратады:
Қызыл конверт. Цилиндр – айналу денесі
Көк конверт. Цилиндр қималары
Сары конверт. Цилиндр жазбасы, бетінің денесі
Әр топ топтасып жұмыс жасап, қорғайды.
2. «Тірек - сызбаларды сөйлетейік» (дайын сызбалар бойынша ауызша есептер шығару)

ІІ кезең. Жеке жұмыс (ҰБТ тапсырмаларынан есеп)
І топ. Цилиндрдің осьтік қимасының диагоналы 26 см - ге, биіктігі 24 см - ге тең. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын табыңдар?
ІІ топ. Цилиндрдің осьтік қимасының ауданы 120 см2, биіктігі 15 см - ге тең. Цилиндрдің толық бетінің ауданын табыңдар?
ІІІ топ. Цилиндрдің осьтік қимасының ауданы 24 см2, биіктігі 15 см - ге тең. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын табыңдар?
Тақтамен жұмыс (жеке оқушыларға)
1) Цилиндр табанының диаметрі 1 м, ал биіктігі табанындағы шеңбердің ұзындығына тең. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын табыңдар?
2) Биіктігі 30 см, табанының диаметрі 20 см болатын цилиндр тәрізді шелек жасау үшін қанша метр квадрат қаңылтыр керек?
Сергіту сәті. «Цилиндр өмірде»
Цилиндр – айналамыз
Пирамида – үшбұрыш жасаймыз
Призма – отырып - тұрамыз

ІІІ кезең
«Басқыш» тапсырмалары (топтық жұмыс)
1. Қабырғалары 6 см және 10 см тіктөртбұрышты кіші қабырғасынан айналдырғанда пайда болатын дене бетінің ауданын табыңдар.
2. Цилиндрдің биіктігі 10 см. Осьтік қимасының ауданы 84 см2. Цилиндр табанының ауданын табыңдар.
3. Цилиндр табанының ұзындығы 8p см, ал осьтік қимасының диоганалі 17 см. Цилиндрдің жасаушасын табыңдар.
4. Цилиндрдің толық бетінің және бүйір бетінің аудандары сәйкесінше 50p см2 және 30p см2. Цилиндрдің радиусын және биіктігін табыңдар.
5. Цилиндрдің биіктігі оның радиусынан 12 см артық, ал толық бетінің ауданы 288p см2. Цилиндрдің радиусы мен биіктігін табыңдар?

Цилиндр жазбасы, бетінің ауданы. жүктеу
7 503
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Цилиндр және конус
Цилиндр және конус
Цилиндр, конус, қиық конус анықтамаларын бекіту; құрылымын анықтау; бүйір беттерінің, толық беттерінің формулаларын есеп шығаруда қолдана білу.
Конус, конустың жазықтықпен қимасы. Конустың жазбасы және бетінің ауданы
Конус, конустың жазықтықпен қимасы. Конустың жазбасы және бетінің ауданы
Конус, конустың жазықтықпен қималары, конустың жазбасы және бетінің ауданы туралы меңгерту; Конустың бетінің аудандарын табу формуласын есеп шығаруда қолдана білуге дағдыландыру;
Конус, конустың жазықтықпен қимасы. Конустың жазбасы және бетінің ауданы
Конус, конустың жазықтықпен қимасы. Конустың жазбасы және бетінің ауданы
Конус туралы білімдерін кеңейту; Конус, конустың жазықтықпен қималары, конустың жазбасы және бетінің ауданы туралы меңгерту
Тік дөңгелек конус, оның элементтері. Конустың жазықтықпен қималары
Тік дөңгелек конус, оның элементтері. Конустың жазықтықпен қималары
Конусты, конус элементтерін, конус жазбасымен, конустың биіктігін және бүйір қырын, қимада пайда болған фигуралардың аудандарын формула бойынша есептеп таба алады.
Цилиндр, оның элементтері. Цилиндрді жазықтықтармен қию
Цилиндр, оның элементтері. Цилиндрді жазықтықтармен қию
Астана қаласы гуманитарлық колледжінің математика пәні оқытушысы Мутан Ергуль
Цилиндрдің толық бетінің ауданы
Цилиндрдің толық бетінің ауданы
Цилиндр. Цилиндрдің толық бетінің ауданы туралы түсінік беру. Цилиндрдің толық бетінің ауданының формуласын қорытып шығару. Шығармашылықпен жұмыстануына машықтандыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×