Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Квадрат теңдеулерді қайталау, бекіту

24 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Мастер - класс
Тақырып: Квадрат теңдеулерді қайталау, бекіту.
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың квадрат теңдеуді шешу дағдыларын жинақтау, жүйелеу.
2. Дамушылық: Әрбір жеке тұлғаның ақыл - ойының дамуын, есептеу
дағдыларын жетілдіру, өз ойын жеткізе білу, ой өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге, математикалық іс - әрекеттерін қалыптастыру.
Сабақ көрнекілігі: тапсырма карточкалар, тест, плакат, бағалау парағы мен жетондар.
Сабақ түрі: қайталау сабақ.
Сабақ ұраны: Теңдеу - барлық математикалық сезамды ашатын алтын кілт.

Сабақ барысы.
Сәлеметсіздер ме, балалар. Алдымен өзімді таныстырып кетейін. Мен №1 негізгі мектебінде математика пәнінен 5 - 9 сыныптарға сабақ беремін. Есімім Шайзина Раиса Дұйсембайқызы.
Мен өзімді таныстырдым, енді сендермен танысу үшін барлықтарыңды ортаға шақырамын. Шеңбер жасап, бір - біріміздің қолымыздан ұстайық. Әр оқушы өзінің атын айтып, жанындағы тұрған жолдасына өз тілегін айтсын. Өзімнен бастайын. Мен Раиса Дүйсембайқызы саған бүгін өзіңе деген сенімділікті тілеймін. Келесі. Барлықтарыңа көп рахмет, орындарымызға отырамыз. Ал балалар, бүгін кім кезекші, сабақта кім жоқ?
Біз бүгін "Квадрат теңдеулер" деген әдемі тақырыпты қайталаймыз. Бүгінгі біздің мақсатымыз: осы тақырыптан алған білімдерімізді бір жүйеге келтіру, тиянақтау. Әр оқушының алдында қорытындылау кестесі бар. Сол кестеге өз фамилияларыңды жазыңдар және де сабақтың әр кезеңінен алған ұпайларыңды сол кестеге жазып отырасыңдар. Әр кезеңнің өзіне тән түсті жетондары бар, әр жетон бір ұпаймен саналады.

Фамилиясы, аты Үй жұмысы Сергіту Кітаппен жұмыс Кроссворд Тест Ойын "Қатесін тап" Мақал - мәтелдер

1 - кезең: Үй жұмысын тексеру. Оқушылар үй жұмысының шығару жолдарын тақтада орындайды.
№128(2; 4). 2) Д=- 8 Ø №130(2; 4) 2) Д=5 х1=3/2=1, 5 х2=- 1
4) Д=5 х1=1 х2=1/3 --------------- 4) Д=12 х1=2 х2=- 2/5=- 0, 4
№134(2) - 3х2+8х+11=0 Д=64+132=196 Д=14 х1=- 1 х2=11/3

2 - кезең: Сергіту сәті. Сұрақтарға жауап қайтару.
1. Екінші дәрежелі теңдеуді ата? /Квадарат/
2. Квадрат теңдеу түбірі неге байланысты? / Дискриминант/
3. Егер Д > 0 болса, квадрат теңдеудің неше түбірі болады? /екі/
4. Білімге қойылатын ең төмен баға? /екі/
5. Теңдеуді шешу дегеніміз не? / түбірін, шешімін табу/
6. Бірінші еселеуші бірге тең квадрат теңдеу қалай аталады? /келтірілген квадрат теңдеу/
7. XXI ғасыр қашан басталды? / 2000 жылы/
8. Егер Д 0 --------------- х+2=0
х1=2 х2= 1 --------------- х=- 2
Жауабы: х1=2 х2=1 --------------- х=- 2

Шығарылу жолдары.
х2 - 6х+9 - 3х+11=0 ---------------- х2 - 1 - 2х+1=0
х2 - 9х+20=0 --------------- х2 - 2х=0
Д=1 х1=4 х2=5 --------------- х(х - 2)=0 х1=0 х2=2
Мұнда мақал - мәтелдер, даналық сөздер айтылған. Оның ішінде екі сан есім квадрат теңдеудің түбірлері, яғни Виет теоремасына кері теорема бойынша квадрат теңдеулер құруға болады. Түбірлерін анықтап, теңдеу құрыңдар.

Сөздер Түбірлер Теңдеу
Білімді мыңды жығады, білікті бірді жығады.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Бір тал ексең, он тал ек.
Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді.
Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болу керек.
Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыю.
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
Жақсы жігіт он бесінде де жас емес, жүзге келсе де пәс емес.

Сабақ қорытындысы. Бағалау.
Үй жұмысы № 132(2) 136(2) 137(2).

Өлең оқылады. Квадрат теңдеулер.
Теңдеу, теңдеу, теңдеулер
Түрлері көп теңдеулер
Оның бірін атасаң
Квадрат теңдеулер деп,
Шешсек оның түбірін
Болады олар әр түрлі.
Бар жоқтығын түбірдің
Дискриминант шешеді.
Болса егер дискриминант
Нөлден кіші - жоқ түбір.
Болса егер нөлге тең
Онда болар бір түбір

Болса егер нөлден үлкен
Екі түбір табылар.
Болса егер в мен с нөл
Толымсыз деп аталар.

Есептер көп өмірде
Физика мен техникада,
Пайдаланып шығарар
Квадрат теңдеуді олар.
3 365
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер
Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер
Бұл тақырыпты игере отырып, биквадрат теңдеу ұғымымен, таныстыру Биквадрат теңдеулерді шешу алгоритмін білу
Квадрат теңдеулер тарауын қайталау
Квадрат теңдеулер тарауын қайталау
Тараз қаласы, №32 мектептің математика пәні мұғалімі Әбдраманова Жанерке Құрманбайқызы
Квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеулер
БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы. Математика пәні мұғалімі Ташенова Гульнара Узакбаевна
Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер
Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің математика пәні мұғалімі Жанибекова Алия
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі Мусирова Гулнар Хамитқызы
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×