Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үздік математик

04 маусым 2013, Сейсенбі
Категориясы: Математика
«Үздік математик - 2012»

Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді,
сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру. Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру. Ойлау қаблеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сайыстың барысы:
1. Логикалық есептер
2. Мақал - мәтелдер сайысы
3. Есепке кім жүйрік?
4. Кім көп біледі?
5. Қорытынды

Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)

Ойында интерактивті тақта, үлестірме қағаздар қолданылады.
Қатысушылар: 5 - 6 сынып оқушылары.
Сайысқа қатысушылар:
5а - сыныптан
5б - сыныптан
6а - сыныптан
6б - сыныптан
Сайысқа қатысу үшін өздеріне сәйкес нөмірлерін таңдап алады.
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа,
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста - деп
«Үздік математик - 2012» атты сайысымызды бастаймыз
Сайыстағы оқушылардың жұмысын бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлап алу.
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Өту жоспары:
1. Логикалық есептер
2. Мақал - мәтелдер сайысы
3. Есепке кім жүйрік?
4. Кім көп біледі?
5. Қорытынды

1 - Сайыс. Логикалық есептер шешу
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)
2. Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек.
(М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
(Р. Бэкон)
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз - деп, логикалық есептер шығару
Интерактивті тақтадағы есептерден әр оқушы өз нөмірлеріне сәйкес есептерді шығарады.
1. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100)
2. 1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма? (Бірдей )
3. 4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай етіп
сыз. Сонда қандай сан шықты? (2 105 )
4. Сандар қатарындағы келесі санды тап? 20, 21, 23, 24, 26, 27, … (29)
5. Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір - бірден).
Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел
құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады?(16)
6. Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.(17)
7. Көл тоғанды қырға бар
Келіп қонды тырналар.
Жұптан қонып сол жерде
Отыр екен он жерде
Санап берші тырналар
Қанша болды ол жерде?(20)

2 - сайыс: Мақал - мәтелдер сайысы.
Ал, балалар, балалар
Мақал – мәтел айтайық.
Қиындыққа қайыспай
Асулардан өтейік – деп, берілген мақалдағы нүктенің орнына сан қойып, мақалды оқу.
1. Ер 1 рет өледі,
Қорқақ 1000 рет өледі.
2. 7 рет өлшеп,
1 рет кес.
3. 2 құзғын таласса,
1 қарғаға жем болар.
4. 1 кісі қазған құдықтан,
1000 кісі су ішеді.
5. Жақсыны 7 жыл жетелесең адам болар,
Жаманды 7 жыл жетелесең надан болар.
6. 30 тістен шыққан сөз,
30 рулы елге тарайды.
7. Білгенің бір 9, білмегенің 99.
3 - сайыс. Есепке кім жүйрік? сайысы
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек - деп, берілген есептерді барлығы шығарады.
1. Берілген есептегі жұлдызшалардың орнына цифрларды қоя отырып, көбейтуді орында:
* 2 *
2 7
3 6 * 8
* * * *
* * * * * (524 • 27 = 14 148 )
2. 0, 1, 2, 3 цифрларынан бірдей цифр қайталанбайтын барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жазыңдар. Мысалы 3 201 санын және т. б. құрастыруға болады. Алынған ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасын неге тең?
(3 210 – 1023= 2 187 )
3. Қалалық бай тұрғын үш ұлына мұраға екі үй қалдырды. Ұлдары мұраны тең бөлуді шешті. Үлкен екі ұлдың әрқайсысының еншісіне үй тиді, ал кенжесіне ақша бөлінді: оған ағаларының әрқайсысы 500 динар берді. Сонда бір үйдің құны қанша динар тұрады? (1500 )
4 - сайыс.“Кім көп біледі?” сайыс.
Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен – деп әр оқушыға 7сұрақтан қойылады. Оған кім тез және қанша уақытта жауап беретіні ескеріледі

5 - сыныпқа
1. Санауда қолданылатын сандар? (натурал)
2. Санның ең үлкен бөлгіші неге тең? (санның өзіне)
3. 2 - ге бөлінбейтін сандар не деп аталады? (Тақ сандар)
4. Қандай сандар 5 - ке бөлінеді? ( 0 мен 5 - ке аяқталатын сандар)
5. Жай сандардың кестесін жасаған грек ғалымы кім? (Эратосфен)
6. 1/2 - ге кері сан? (2)
7. Ғасырдың жартысы неше жыл? ( 50жыл)

5 - сыныпқа
1. Неше цифр бар? (он)
2. Кез келген натурал санның бөлгіші? (1)
3. 2 - ге бөлінетін сандар не деп атлады? (Жұп сандар)
4. Қандай сандар 10 - ға бөлінеді? ( 0 - ге аяқталатын сандар)
5. Ең кіші натурал сан, (1)
6. Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0 - ге)
7. 3 ке кері сан? ( 1/3)

6 - сынып
1. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді?
(диаметр)
2. Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (1)
3. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан (нөл)
4. 9 - ға қарама қарсы сан (- 9)
5. - 99, 9 бен 1 қайсысы үлкен? ( 1)
6. 0 - ден үлкен сандар ( оң сандар )
7. Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі (теріс сан)

6 - сынып
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (нөл)
2. Қарама қарсы сандардың қосындысы неге тең? (о)
3. Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді? (радиус)
4. | - 10 | мен 1 қайсысы үлкен? ( | - 10| )
5. Екі санның қатынасы не деп аталады (пропорция)
6. 0 - ден кіші сандар (теріс сандар)
7. Ең үлкен уақыт өлшемі? (ғасыр)
6 972
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Әй, осы математика...сайысы
Әй, осы математика...сайысы
Ондық бөлшектер туралы ережелерді әртүрлі есептеулерде пайдалана біледі. Әрбір оқушыға сапалы терең білім беріледі. Ақпараттық құралдар арқылы алған білімдері толықтырылып бекітіледі.
Математикалық сайыс
Математикалық сайыс
Білім алушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттырып, логикалық ойлау қабілетін ширатып, математика тарихы мен математикаға қатысты жұмбақтар шешу дағдысын жаттықтыру.
Жас математик сайысы
Жас математик сайысы
Сайысымыздың негізгі мақсаты әр түрлі ойын тапсырмаларын орындау арқылы білімдеріңді одан әрі тереңдету. Бүгінгі сайыста сөзжұмбақтар, өлең есептер, логикалық есептерді орындайтын боласыңдар. Әрбір сұраққа дұрыс, нақты жауап берген топ оқушылары
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
Ең кішкентай математик
Ең кішкентай математик
БҚО, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, әлеуметтік педагогы Мурзалиева Акмарал Муратовна
Үздік математика
Үздік математика
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі Утегенова Рада Изгабдиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×