Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үздік математика

06 мам 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Үздік математика»
Мақсаты: Балалардың математикаға қызығушылығын арттыру. Геометриялық пішіндерді ажырата отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сандарды тура және кері санауға дағдыландыру. Биік – аласа, үлкен – кіші, ұзын – қысқа, жуан – жіңішке ұғымдарын қалыптастыру.
Шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ғажайып сандық, сиқырлы шарлар, геометриялық пішіндер, түрлі – түсті ленталар, доптар.
Түрі: Сайыс.
Тәрбиеші: Білім – деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім – деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп, бүгінгі «Математикалық дода» атты апталық аясында өткелі отырған, «Үздік математик» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әділ – қазыларды таныстыру:

Өту барысы:
1. «Сиқырлы шарлар»
2. Ойнай білмеген, ойлай білмейді. Ойлан тап: «Неге ұқсайды?»
3. «Кім тапқыр?»
4. «Ғажайып сандық»
5. «Бейнелеу өнері»
6. Қорытынды.

Тәрбиеші: Көңілді ойын жасайық,
Батыл қадам басайық.
Осылайша шабытпен,
Ойынымызды бастайық.
1 – бөлім: «Сиқырлы шарлар»
Шарлардың ішінде тапсырмалар берілген. Балалар шарларды жарып, тапсырмаларды орындайды.

Ал келіңдер, келіңдер,
Бәрің, бәрің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Пішіндерді біліңдер.

2 – бөлім: «Неге ұқсайды?»
Бұл бөлімде геометриялық пішіндердің түсіне, пішініне ұқсас заттарды атау.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін балаларға берелік.
Арамызда тапқыр бала көп екен,
Солардың жауаптарын көрелік.

3 – бөлім: «Кім тапқыр?»
Бұл бөлімде балаларға математикалық есептер беріледі.
1. Табақта бір алма,
Қолымда үш алма.
Барлығын қосқанда,
Шығады неше алма? (4)
2. Бес алманың екеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (3)
3. Ақ балапан,
Сары балапан.
Шұбар балапан,
Қара балапан.
Барлығы неше балапан? (4)
4 Ағашта екі торғай бар еді, оның біреуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды? (1)
1. Құста неше тұмсық бар?
2. Адамда неше көз бар?
3. Үшбұрышта неше бұрыш бар?
4. Екі қоянның неше құлағы бар?
5. Жұлдызда неше бұрыш бар?
6. Бос ыдыста неше алма бар?
7. Қоян жүйрік пе, тасбақа жүйрік пе?

4 – бөлім: «Ғажайып сандық»
Балалар бұл сандық жай сандық емес, «Ғажайып сандық» сандықта әр түрлі заттар бар.

5 – бөлім: «Бейнелеу әлемінде»
Бұл бөлімде конструкторлардан әр түрлі бейнелер құрастыру.
Номинация бойынша мадақтау. Сөз кезегін әділ қазыларға берелік.

Тәрбиеші: Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын кез.
Осымен «Үздік математик» атты сайысымызды аяқтаймыз.
Қош сау болыңыздар!
6 070
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.
Сиқырлы жолдар
Сиқырлы жолдар
Қарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын - қысқа заттарды, үлкен - кіші, бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер, түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Топта ұшып жүрген түрлі - түсті шарлар
Топта ұшып жүрген түрлі - түсті шарлар
«Кең - тар», «ұзын - қысқа» сөздерін дұрыс қолдану және ретімен санау қабілеттерін тереңдету.
Қызықты математика
Қызықты математика
Балабақша тәрбиешісі: Меңдәлі Г.С.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Семей қаласы, №38 мектеп - лицей Шағын орталық тәрбиешісі Нугуманова Айшолпан Ел – Амановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×