Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математикалық сайыс

22 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Математикалық сайыс
Мақсаты: Білім алушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттырып, логикалық ойлау қабілетін ширатып, математика тарихы мен математикаға қатысты жұмбақтар шешу дағдысын жаттықтыру.
Жүргізуші:
Қош келдіңіздер құрметті қонақтар, білім алушылар! Мектебімізде өтіп жатқан жаратылыстану ғылымдары онкүндігі аясында отырған 8 сыныптар арасында өткелі отырған «Брейн ринг» математикалық сайысын ашық деп жариялаймыз!
Сайыс тәртібі: Екі топ, әрқайсысы 5 қатысушыдан тұрады. Сұрақтарға кезекпен жауап береді. Дұрыс жауап алынбаса, қарсылас топ жауап бере алады. Сайыс жеңімпазын анықтау үшін Әділ қазыны тағайындап алайық.

І тур
«Күш сынасып көрелік!»
1. a3 - 3a2b+3ab2 - b3
2. a3 - b3=?
3. (a - b)(a+b)
4. 900 - тан үлкен, 1800 - тан аз бұрыш
5. Ең алғашқы әйел математик
6. 7 санына байланысты 3 мақал айтыңыз.
7. 1 тақ сан ба, жұп сан ба?

1. Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым
2. 900 - тан аз бұрыш
3. a3+b3=?
4. 100 - ді 0 - ге бөлгенде неше болады?
5. (а - b) 2=?
6. Екі көзінен бірдей айырылса да, өзінің өте жақсы есте сақтау қабілеті арқасында еңбегін жалғастырған математик
7. 1, 100, 1000 санына байланысты 3 мақал айтыңыз

ІІ тур «СОФИЗМДЕР»
1. X=X - II
2. XXV=XXI+XI
1. X - IX=I
2. XXV=XIV+XI

ІІІ тур «Логикалық есептер мен жұмбақтар»
1. Атасы қалғып мүлгиді,
Әкесі зорға жылжиды,
Ағасы - шабан,
Өзі - жорға,
Інісі - жылдам,
Баласы - жүйрік,
Зымырап тұрған.

2. Атадан он баламыз,
Бір - бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те қаламыз.
3. Біреу алты жылқысына күн сайын 10 келі сұлы беріп жүреді. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді: биеге - 3 келі, құнандарына – 2 келіден, ал тай басына 1 келіден жем береді. Сонда бие
нешеу, құнан нешеу, тай нешеу?
4. Табаға бір салғанда екі самса салуға болады.
Самсаның бір жағының пісуіне 1 минут,
екінші жағының пісуіне 1 минут
жиыны2 минут кетеді. Үш самсаны
3 минутта қалай пісіруге болады?
ІV тур «Сөз құрау»
“АРИФМЕТИКА”
сөзінің әріптерін пайдаланып сөздер құрау керек. Бір әріпті 2 рет пайдалануға болмайды!

VІ тур «Құпия қара жәшік»
Қытайлықтар бұл затты СУАНПАН деп, ал жапондықтар СЕРОБЯН деп атаған.
Есептеуіш құрал.
Көмек - 101 түйме, 11 ине (ЕСЕПШОТ)

VІІ тур «Әзіл есептер»
1. Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
2. Бір таяқтың екі ұшы бар.
Екі таяқтың неше ұшы бар?
Бес таяқтың неше ұшы бар?
Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?

Жеңімпаз топты анықтау
3 905
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық сөз жұмбақтар
Математикалық сөз жұмбақтар
Математикалық сөз жұмбақтар.
Математикалық сөз жұмбақтар
Математикалық сөз жұмбақтар
Математикалық сөз жұмбақтар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын жетілдіру.
Математикалық кафе
Математикалық кафе
Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту.
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×