Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Тригонометрия элементтері» бойынша – КВН сабақ

18 қазан 2013, Жұма
Категориясы: Математика
«Тригонометрия элементтері» бойынша – КВН сабақ (9сынып)

Мақсаты:
1. ойын түрінде өткен тригонометриялық функциялардың формулаларын қорытындылай білу, формуланы білуі тиіс, жаттығу жұмыстарын орындату; материалды қайталап, бекіту, оқушылардың осы тақырып бойынша білім, білік дағдысын тексеру;
2. оқушылардың логикалық ой - өрісін, есеп шығару дағдысын қалыптастыру зияткерлік саласын жетілдіру: ықыласы, жадысы, сөйлеу мәнері
3. дәлдікке, жетістікке жетуге ұмтылу, жүйелілікке, өз - өзіне деген сенімділігін жетілдіру, қарым - қатынас пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: музыка, интерактивті тақта, флипчарт.
Өткізілу түрі – екі топ арасындағы сайыс
Түрі: Топтық сайыс

Сабақтың жүру барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Таныстыру Іріктеу туры (12 сұрақ)
Суретті құрастыру арқылы екі топтың ұйымдасуы, топтың атауы беріледі
3. Ширату. «Сәйкес жұбыңды тап» сайысы
4. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
5. «Артығын тап»
6. «Ойды аяқта»
7. Қызықты үзіліс
8. Алдымда ойлан
9. Қорытындылау, марапаттау

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Ойынның басталуы, ойын шарттары, регламент, ережесі туралы хабарлама жасалады.
2. Таныстыру. Іріктеу туры (12 сұрақ)
Суретті құрастыру арқылы екі топтың ұйымдасуы, топтың атауы беріледі
Музыка ойналып, КВН басталады.
Қай топ бірінші бастайтынын анықтау үшін флипчарттағы шаршыларды таңдап шертеді, қай топтың таңдаған саны үлкен сол топ бастайды.

Турнирді бастау үшін, алдымен екі топ құрылу керек. Ол үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Сағаттың ¼- і неге тең? 15 минут
2. 1 % дегеніміз не? 1/100 бөлік
3. Нүктенің бірінші координатасы қалай аталады? Абсцисса
4. Түбір белгісін тағы қалай атайды? Радикал
5. 1 кг судың көлемі неге тең? 1 литр
6. Радиусі 5 болатын шеңбердің ұзындығы қанша? 10 π
7. Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? (егер ата, әке, бала болса)
8. 2-нің 6 дәрежесі. 64
9. Екі қатынастың теңдігі пропорция
10. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігін үш тілде айтыңыз ғасыр, век, century
11. Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? 1
12. Ең кіші жай санды атаңыз 2
- Енді топтарымыз құрылғасын, сурет бойынша өз топтарыңызға атау бересіздер

III. Ширату. «Сәйкес жұбыңды тап» сайысы
Әр топ берілген тригонометриялық формула берілген тапсырманы бағыттаушы сызық арқылы дұрыс қосу керек.

Бұл тапсырма ойын басында тақырып бойынша тригонометрияның негізгі формулаларын есіне түсіре отырып, ойынға көңіл бөлуге көмектеседі.

ІV.«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Әр қатысушы өз есебін алып шығарады. Бірінші болып топ басшысы шығарды, келесі ойыншыға жауабын береді, ол есепті шығарып жауабын келесі оқушыға береді т. с. с. Дұрыс жауапты тапқан топ жеңіске жетеді.
Есептер:

V.. «Артығын тап»
Берілген формулалар, математикалық шамалар, құралдар, арасынан артығын табу керек.
1. «математикалық шамалар»
Ұзындық; аудан; көлем; масса; уақыт, интервал, температура, ендік, өткізгіштік
Артығы:, ендік, өткізгіштік.
2. «Формулалар мен құралдар»
Негізгі тригонометриялық тепе - теңдік, келтіру формулалары, қысқаша көбейту формулалары, қосу формулалары, қос және жарты бұрыштардың формулалары, циркуль, амперметр, бұрыш.
Артығы: амперметр, бұрыш.
VІ. «Ойды аяқта»
Берілген анықтама бойынша команда мүшелері қатесін анықтап, жөндеу.
1. Екі бұрыштың айырымының синусы бірінші бұрыштың синусының екінші бұрыштың косинуына көбейтіндісі мен бірінші бұрыштың косинусының екінші бұрыштың синусына көбейтіндісінің қосындысына тең
2. Екі бұрыштың қосындысының косинусы осы бұрыштардың косинустарының көбейтіндісіне және синустарының көбейтіндісінің айырымына тең
3. Екі бұрыштың қосындысы мен айырымының тригонометриялық функциялары арқылы өрнектейтін формулалары қосу формулалары деп атайды
4. Қос бұрыштың синусы екі еселенген бұрыштың синусы мен косинусының көбейтіндісіне тең

VІІ. Қызықты үзіліс
Шарты: Команда мүшелері жасырылған ұғымды немесе іс - әрекетті ешбір дыбыс шығармай тек іс - қимылмен бейнелеулеріңіз қажет.
Жасырылған сөздер:
1. Турист
2. сумка
3. Боран
4. Піл

VIІІ. “Адымда ойлан” ойыны
Тоқсан ауыз сөздің
( Тобықтай түйіні бар)
Екі аяқтыда бөле тату,
(Төрт аяқтыда бота тату)
Елу жылда - ел жаңа
(Жүз жылда қазан жаңа)
Жеті жұрттың тілін біл
(жеті түрлі білім біл)

ІХ. Қорытындылау.
Ойынды қорытындылау, жеңген топты анықтау. Белсенді оқушыларды бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 948
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейтінді түрінде берілген тригонометриялық функцияларды қосынды немесе айырым түріне келтіру.
Көбейтінді түрінде берілген тригонометриялық функцияларды қосынды немесе айырым түріне келтіру.
Оқушыларға тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосынды немесе айырымға түрлендіру формулаларын меңгерту.
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу (cost = a, sint = a)
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу (cost = a, sint = a)
Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешуде формуланы дұрыс пайдалану, білім - білік дағдыларын қалыптастыру. Ой - өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Тригонометриялық функциялардың туындылары
Тригонометриялық функциялардың туындылары
Тригонометриялық функциялардың туындыларының формулаларын пайдаланып есептер шығару, өз білімдерін толықтыруға үйрету. Өз ойын жеткізе білуге, математикалық шешендік тілін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Тригонометриялық формулаларға есептер шығару
Тригонометриялық формулаларға есептер шығару
Тригонометриялық формулаларды есептер шығаруда тиімді қолдануға машықтану; Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін, теориялық білімін практика жүзінде қолдана білу дағдысын дамыту;
Тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде келтіру формулаларын қолдану
Тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде келтіру формулаларын қолдану
Келтіру формулаларын тиімді пайдалана отырып есептер шығара біледі
Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері
Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері
Тригонометриялық функциялардың қасиеттері туралы оқушылардың білімін бекіту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×