Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Грузин халық биі «Лезгинка"

18 қыркүйек 2015, Жұма
Категориясы: Музыка
Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектебінің
музыка пәні мұғалімі Шоткина А.А.

Грузин халық биі «Лезгинка" (ашық сабақ)
Сабақтың тақырыбы: Грузин халқының музыкасы.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділігі: Грузин халқының музыкасы туралы түсінік беру, және халық аспаптарымен, биімен таныстыру.
2) Дамытушылық: Қазақ халқының музыкасымен салыстыру оқушылардың ойлау, тыңдаушылық, орындаушылық қабілетін дамыту.
3) Тәрбиелік: Грузин халқының музыкасына құрметпен қарауға және достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дайындалған слайдтар, магнитофон, нота тақтасы, Грузин музыкалық аспаптары.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Мұғалім: Балалар, мына тақтадағы көрсетілген қандай белгілер?(оқушылар жауабын береді).
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, бұл нота арқауы, көріп тұрғандай бес сызығы болады және скрипка кілті немесе соль кілті дейміз.
Ендеше балалар бүгінгі тақтадағы көрсетілген нота бойынша жұмыс істейміз, мұнда әрбір нотада тапсырма берілген сол бойынша біз тапсырмаларды орындаймыз.
Келістік пе балалар?
1 - нотаны ашайық, қандай нота?
«До» нотасы

ІІ. Үй тапсырмасы: Өзбектің әндері мен билері туралы түсінік айту.
Мұғалім:
- Балалар өткен сабақта қандай ұлттың өнерімен таныстық?
- (____________________________________________________________)

1. Қазақстанның көршілес қандай мемлекеттер бар? (Ресей, Өзбек, Қырғыз т. б)
2. Біздің елімізде қанша ұлт - өкілдері тұрады? (130 дан аса)
3. Өзбек халқының негізгі музыка аспабы? (Дойра)
4. Өзбек ән айтумен қатар билегенді жақсы көреді. Ән, билерін Өзбек халқы қандай аспаптарымен сүйемелдейді? (Гиджан, дутар, чанг, рубаб, дойра, сурнай)
5. Суреттерге қарап, біздің халық аспаптарымызбен салыстыр:
Мұғалім: Келесі қандай нота?
«Ре» нотасы
Мұғалім: Балалар «Ре» нотасында Өзбек әні «Баригяль» әнін қайталау.
Балалар бұл әнді қандай екпінде айтамыз? (Оқушылар жауап береді)

Мұғалім: Ал балалар енді келесі үшінші нотамыз қалай аталады?
(Оқушылардың жауабы)
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар бұл әрине:
«Ми» нотасы

Жаңа саба
Мұғалім: Қазақстан жерінде әр түрлі ұлттардың өкілдері тұрады. Қазақтар қай халықты болсын жатырқамайтын, кіммен болса да, достық пен сыйластықта өмір сүрген халық.
Біздің жерімізде қандай ұлттар тұрады(оқушылар жауаб береді)
Балалар мен қазір сендерге ән жұмбақ жасырам сендер қай халықтың биі екенің тауып көріңдер. Келістік пе?
1. Ән жұмбақ жасыру
(Оқушылар жауап береді)

Мұғалім: Сонымен балалар бүгінгі өтетін сабағымыз Грузин халық биі «Лезгинка».
Ежелден бері грузин музыкасы көп дауысты болып қалыптасқан. Хор музыкасы тек бірыңғай ерлердің немесе бірыңғай әйелдердің орындауындағы айтылады. Аралас хор болмаған. Әдетте грузин әні үш дауысқа бөлініп айтылады. Негізгі әуенді ортаңғы дауыс, кейде жоғарғы түсіп жатады. Грузин халық музыкасының тағы бір ерекшелігі: грузин әндері үнемі сүйемелдеумен айтылады. Сендерге таныс зурнаға қоса, үш ішекті пандури және төрт ішекті чонгури деп аталатын халық аспаптары бар.
Грузин халқының «Лезгинка» биі көпшілікке жақсы таныс. Оның билеушілерді қыздыра ойналатын ырғағы тыңдаушыларды бейжай қалдырмайды.
Ел аралап жүретін әнші – жыраулар - Мествирелер қазақтың сал - серілері тәрізді әрі ақын, әрі әнші, әрі композитор, әрі аспапта орындаушы рөлдерін қатар атқарған.

«Фа» нотасы
2. Грузин халқының биі «Лезгинка» видио - ролик

«Соль» нотасы
Сабақтың бекіту:
1. Балалар бүгінгі сабақта не өттік, қай халықтың музыкасымен таныстыңдар?
2. Бүгін қандай бимен таныстық?
3. «Лезгинка» биі ұнады ма?
4. Қандай аспаптары бар?
5. Грузин әні неше дауысқа бөлініп айтылады?
6. Грузин мен Қазақ елінің ұқсастықтары бар ма?
Мұғалім: Музыкада шекара жоқ, кездесетін кедергілер де болмайды. Ол қайда болсақ та, біздің жұтатын ауамыз, ішетін суымыз секілді ортақ, пайдалануға жарайтын өнер.

Үйге тапсырма:
Ыспалы шертпелі, көп ішекті аспаптар туралы оқып келу.
«Ля» нотасы
Бағалау
«Си» нотасы
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!»
10 894
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауырлас халықтар музыкасы
Бауырлас халықтар музыкасы
Білімділік: Оқушыларды Қазақстандағы бауырлас халықтарының музыкасымен таныстыру.
Өзбек музыкасы
Өзбек музыкасы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы ГКС - 12 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Алматова Гауһар Жылқыбайқызы
Кавказ халықтарының музыкасы
Кавказ халықтарының музыкасы
Қызылорда облысы,Байқоңыр қаласы, Қ. Тоқмұхамедов атындағы №14 мектеп Музыка мұғалімі Ильясова Гулзира Кенесовна
Орыс халқының музыкасы
Орыс халқының музыкасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі)
Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі)
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Қарлығаш
Көңілді тапқырлар
Көңілді тапқырлар
Музыка пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс Мараимова Ақбота
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×