Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бағбан атада қонақта

30 қазан 2015, Жұма
Категориясы: Музыка
Тақырыбы: Бағбан атада қонақта

Зал көкөністер мен жемістер, жапырақтармен безендірілген, Бағбан атаның суреті. Сахнаға жүргізуші мен балалар паровоз әуеніне келеді. Балалардың қолында жапырақтар. Күз аялдамасына тоқтайды.
Би: «Жапырақтар биі»барлық бала билейді

Жүргізуші Айзада: Балалар біз бүгін бағбан атаға қонаққа келдік, мұнда көп көкөністер мен жеміс - жидектер бар екен. Бағбаншы үлкейді біз одан көмегімізді аямайық.
Бағбан ата келеді Наташа: Үшкіреді, иеее маған көп қонақтар келіпті. Бір өзіме қиын болып еді жинауға, жақсы болып кетті. Сәлеметсіңдерме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! Гудмонинг!
Бағбаншы: Балалар менің бақшамда көп көкөністер мен жемістер пісіп қалыпты. Қалай ойлайсыңдар, қазір қай мезгіл?
Балалар: жауап береді
(Осы жерде музыка әуенімен күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы Айнұр: Ерінбестен еңбек етіп келетін
Еңбекшіге бар жемісін беретін
Мен мырза күз, ынтымақты еліне
Берекелі ырыс болып енетін. Сәлеметсіңдер ме балалар! осы жақтан әдемі әуен естіп келіп тұрмын. Сендерді білгіш балалар деп естідім, олай болса кәне сұрақтарыма жауап беріңдерші
Күзде ауа райы қандай болады?
Үстеріңе қандай киім киесіңдер?
Жаңбыр жауғанда қолдарыңа не ұстайсыңдар?
Балалар күз мезгілінде неше ай болады?
Сол айларды атап беріңдерші? Сендерге бүгін үш ай амандасуға келді. Оларға сөз берейік.
Қыркүйек, Қазан, Қараша әндерін айтады:
Бағбан ата: Ой тамаша ән екен.

Жүргізуші: Біздің балалар құр қол келмеді, сізге арнап өздерінің өлеңдері мен әдемі әндерін ала келді.
Бағбаншы: Ой кішкентайларым менің, кәне тыңдайық.
Тақпақтар:

Ән: «Күзгі жапырақтар»
(Қызанақ киімін киюге кетеді Шынтас, Аслан, Сергей, Аманғали)
Жүргізуші: Бағбаншы ата біздің балалар тез әрі алғыр, сенен көмектерін аямайды. Солай ма балалар?(Ия)

Ойын: «Кім тез компот пісіреді»(Балалар төртеуден екі командаға бөлінеді, бірінші балаға ыдыс, екінші алма, үшінші балаға банан, төртінші балаға қасық береді)
(Балалар орындарына жайғасады)
Бағбаншы: Ой балалар рахмет көп - көп бірталай көмек көрсеттіңдер маған. Мына жерде аздап қызанақтар қалып қойыпты ғой, жинап тастайын.

Би: «Қызанақтар мен бағбаншы»
(Осы жерде күркіреген дыбыс шығады, қоян дірілдеп келеді)
Қоян Күнсұлу апа: Сәлеметсіңдер ме балалар! Күн күркіреп, жаңбыр жауып жатыр енді қайттық, жаурап қалатын болдық қой.
Жүргізуші: Амансың ба қоянжан, сен қорықпа, біздің балалар жаңбырдан қорықпайды, олар саған арнап әдемі әндерін айтып береді.
(Күнбағыс киінуге Маргарита, Руслана, Айкерім кетеді)

Ән: «Алтын күз»
1. Қызыл, сары жапырақтар, алтындай жарқырайды
Ағыл - тегіл жаңбырдай, жерге тербеледі тамаша ай. 2рет
Қандай тамаша ай, алақай ау алақай
Өлкеме күз келді, әнімен төгіп өнерді.
2. Күз келгенде жемістер, жұпар иіс аңқиды - ай
Алма, алмұрт ағашы, бақшамызда толып өсті - ай. 2рет
Қоян: Мен құр қол келмедім балаларға сәбіздер әкелдім, балалар сәбізді жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Жоқ
Қоян: Неге, сәбіздің пайдасы көп балалар. Бойларың өседі, әдемі боласыңдар, ақылдарың көбейеді. Мүмкін араңызда сәбіз туралы тақпақ білетін бала бар шығар.

Тақпақ: Сәбіз деген көкөніс,
Пайдасы мол балаға
Жесең бойың өседі,
Ақылың кірер алайда.
Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа күнбағыстар келген екен кәне қарсалайық.

Би: «Күнбағыстар биі»
Қоян: Тамаша би екен, Ал балалар мен кетейін, балаларымның қарны ашты, мына тәтті сәбіздерден балаларыма апарып берейін, сау болыңдар!
Күз ханшайымы: Қоянжан, екеуміздің барар жолымыз бір екен, орманға бірге қайтайық. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Балалар күз мезгілінде қандай құбылыстар болады, айтып беріңдерші?(жауап береді) Ендеше ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «Күзгі құбылыстар»(Күн жарқырайды, күн күркірейді, жел үреді, жаңбыр сіркірейді жайлап қатты)

Ән: «Дождик и малыш»
Жүргізуші: Балалар, Бағбан атаға көп көмек бердіңдер, енді тобымызға қайтатын уақыт болды
Бағбаншы: Балаларым сендерге көп рахмет, сендермен бірге өте тамаша уақыт өткіздім, бірталай көмек көрсеттіңдер, бақытты болыңдар! Менің бақшамнан мына сыйларды қабыл алыңдар!(Жүргізушіге береді) Сау болыңдар!

Жүргізуші: Міне балалар, Бағбан ата сендерге көп сыйлық берді, топқа барғасын бәріңізге таратып беремін. Ал балалар бәріміз бұрылып көзімізді жұмайық, сонда тобымызға келеміз. Міне топқа да келдік. Ендеше келесі күзде Бағбан атаға тағы қонаққа баруға дайынсыңдар ма?(Ия) Құрметті қонақтар бүгінгі мерекеміз аяқталғалы отыр, келесі кездескенше сау болыңыздар!
9 619
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қоңыр күз
Қоңыр күз
Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау.
Қамба толы Алтын күз
Қамба толы Алтын күз
Тілегім аман болсын ел іргесі Алтын күз қайта келді ел іргесі Молшылықтың жаршысы бола білді Алтын күз - ырыс береке ала келді.
Жемістер
Жемістер
Жемістердің түрлері мен таныстырып, оларды бір-бірінен түсі, пішіні, дәмі арқылы ажыратып білуге үйрету. Балалардың сүйіп жейтін жемістерімен жақын таныстыру, түстер туралы ұғымын бекітіп, ойлау қабілеті мен сөздік қорларын жетілдіру
Күзгі орман (ересек тобына)
Күзгі орман (ересек тобына)
Балауса" балабақшасының тәрбиешісі Даниярова Айнұр Шахметқызы
Күзгі өнімді жинауға арналған себет
Күзгі өнімді жинауға арналған себет
Тәрбиеші: Тулегенова Толқынай Купжасарқызы
Бау-бақшаға саяхат
Бау-бақшаға саяхат
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №5 "Балғын" балабақшасының тәрбиешісі Әлменова Ботакөз Ақылбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×