Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күзгі өнімді жинауға арналған себет

14 қараша 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Білім көздері: Жапсыру
Тақырыбы: «Күзгі өнімді жинауға арналған себет»

Мақсаты: Балаларды өз қолдарыменен қағаздан әртүрлі бұйымдар жасауға үйрету. Қағаздармен жұмыс жасау техникасын игерту. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. Достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жыл мезгілдерінің суреттері, жеміс - жидек суреттері
Құрал - жабдықтар: Түрлі түсті қағаз, желім, қайшы

Сабақ барысы:
Ынталандыру, сезімді ояту
- Қане балалар бәріміз амандасып алайық:
Алма баққа барайық
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін, дәмдісін
Анамызға сыйлайық!
Ізденістер ұйымдастыру:
Тосын сәт: Есік қағылады. Ішке бағбан атай келеді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен бағбан атаймын. Менің себетім сынып қалды. Сендер маған көмектесесіңдер ме?(балалар қуана амандасады)
- Иә, әрине
Тәрбиеші: - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі
Тәрбиеші:- Ауа - райы қандай?
Балалар: Суық, жаңбырлы
Тәрбиеші: - Балалар күз айында астық жинаймыз. Көкөніс, жеміс - жидектер піседі. Оларды жинап аламыз. Олар бізге көп еңбекпен келеді. Егеміз, суарамыз, баптап күтеміз. Піскеннен кейін жинап аламыз. Балалар мына суреттерде қандай жемістер?
(балалардың жауабы)
Тәрбиеші:
Дәмі қандай?
Түсі қандай?
Ал пішіні ше?
Балалар аналарымыз базардан жеміс сатып әкелгенде оны қайда саламыз?
Балалар: себетке саламыз.
Тәрбиеші: Ендеше қағаздан себеттер жасаймыз және бағбан атайға да көмектесейік. Жарай ма?
Балалар: Әрине!
Балалар жұмысты қызығушылықпен жасайды. Қауіпсіздік техникасы еске түсіріледі. Алдымен түс таңдап алып, себеттің бейнесін бастыру тәсілі арқылы себетті қиып алып, қағаз бетіне орналасу бірізділігін сақтап, жапсырады.
- Себетті жасап болсақ, балалар, ойын ойнап алайық.

Ойын: «Бөлігін тап»
Тәрбиеші: Балалар мен тақтаға бөлінген жемістерді орналастырдым. Осы бөлінген жемістердің бөліктерін тауып құрастыруларың керек.

Сергіту сәті:
1 - дегенде тұрайық.
2, 3, 4 – дегенде алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып
Біз шынығып алайық.
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, отырыңдар.
Бағбан атай да бірге қайталайды.
Ойын: «Жемістер жинау»( Бағбан атай ұйымдастырады)
Қане, балалар жасаған себетімізге жемістерді салайық.
Қорытынды. Балаларды мадақтау. Қорытындылау. Жұмыстарын бағалау.
Тәрбиеші:
Енді балалар, бәріміз үлкен шеңбер құрып, келген бағбан атаймен қоштасайық:
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы.
Сау саламат болайық!
18 455
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Берекелі күз!
Берекелі күз!
Балалардың күз туралы түсініктерін молайта отырып, күз мезгілі туралы толық мағлұмат беру. Ойындарда өз күштерін сынап көруге ынталандыру.
Қуыршақ Айгүл бізде қонақта
Қуыршақ Айгүл бізде қонақта
Балалардың тілін дамыту. сөздік қорын байыту. Сабақтың мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, заттарды бір - бірімен салыстыруға, оларды ажыратуға және танып білуге үйрету.
Күз мереке, күз береке
Күз мереке, күз береке
Күз мезгілінің мерекелі, берекелі екенін ұғындыру, жемістер мен көкөністерді ажырату, пішінін ажыратуға үйрету, күз ерекшелігі туралы түсінігін кеңейту. Сөздік қорын дамыту.
Жемістер
Жемістер
Жемістердің түрлері мен таныстырып, оларды бір-бірінен түсі, пішіні, дәмі арқылы ажыратып білуге үйрету. Балалардың сүйіп жейтін жемістерімен жақын таныстыру, түстер туралы ұғымын бекітіп, ойлау қабілеті мен сөздік қорларын жетілдіру
Бағбан атада қонақта
Бағбан атада қонақта
Зал көкөністер мен жемістер, жапырақтармен безендірілген, Бағбан атаның суреті. Сахнаға жүргізуші мен балалар паровоз әуеніне келеді. Балалардың қолында жапырақтар.
Бау-бақшаға саяхат
Бау-бақшаға саяхат
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №5 "Балғын" балабақшасының тәрбиешісі Әлменова Ботакөз Ақылбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×