Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жар-жар айтысы

14 қазан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: 1. Жар - жар айтысы
2. Ән үйрену «Не деу керек?»
Сөзі: Ә. Дүйсенбиевтікі. Әні: Ө: Байділдаевтікі
3. 2/4 өлшемі және дерижерлеу әдісі
Сабақтың мақсаты: Айтыс түрлерімен танысу. Әнді таза орындап, нота ұзақтықтары мен өлшемдерді меңгеру
Дамытушылығы: Музыкаға қызығушылығын арттырып, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Қазақтың салт - дәстүрлерін қастерлеуге, адамгершілікке және айтыс өнерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, музыкалық аспаптар: домбыра. қобыз, ребустер мен сөзжұмбақтар және тест сұрақтары.
Әдісі: Аралас сабақ.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасын тексеру үшін слайд арқылы сұрақтар.
№1 - слайд
1. Айтыс дегеніміз не?
2. 2/4 өлшемінің дерижерлеу схемасы қалай көрсетіледі?
3. Өткен сабақтағы үйренген ән және орындау
4. Тақпақтатып айтылатын өлең қалай аталады?
5. Қыз бен жігіт айтысының ерекшелігі, неше буыннан құрылады?
6. Айтыстың қандай түрлері н білесің?

ІІІ - Негізгі бөлім
№2 слайд - Жар - жардың суреттері арқылы тақырыпты ашу
№2 - слайд
1 Бәдік айтысы - айтыстың көне түрі. Сонау ерте заманда адамдар мал ауруының да иесі бар деп білген. Малмен күн көріп отырған халыққа ең бір қиын ауру «айналма» деген мал ауруы болған екен. Одан құтылу амалы аурудың иесі бәдікті үркітіп көшіру деп білген. Ол үшін ауыл жастары кешқұрым сауық кеш өткізетін болған. Екі жақ болып, айтысқан кезде «көш - көш» деген сөзбен бастап, бәдікті қорқытып көшіреді екен.
«Асқар - асқар тауға көш,
Ағыны қатты суға көш.
Айнала соққан желге көш,
Иесіз қалған жұртқа көш» деп, ауруды бүкіл ауылдан, тау - тастан, тіпті жер бетінен қуып тастауға тырысқан. Бертін келе бәдік айтысы жастардың әзіл - қалжың айтысына айналған.

2. Ақындар айтысы.
Ақын - өз жанынан өлең шығаратын өнер иесі. Ақындар сөзге жүйрік, суырып салмалық қасиеттері шебер дамыған, тапқыр, ел тарихын анық білетін, білімді, ойы ұшқыр, талантты әрі білікті, аспаптарды да жақсы меңгеретін асыл жандар деп танимыз. Ақындар кез - келген тақырыптарды жырлап айтысқа түседі.
Слайд Ақындар суреттері
3. Қыз бен жігіт айтысы
Қыз бен жігіт айтысы - халықтың ойын - сауық кезінде айтылатын болған. Қыз бен жігіт айтысы екі жастың әзіл қалжыңына құрылады. Өлең құрылысы 11 - буынды болып келеді. Өлеңнің бастапқы екі жолы қайталана отырып, негізгі ой 3 - 4 жолдарында айтылады. Жастар айтысты кез - келген мақамға салып орындауға болады.

4. Мысал айтысы
Мысал айтыс - айтыстың ертеден келе жатқан түрі. Мұнда ақындар жан - жануарлар мен құстардың атынан сөйлеп, айтар ойын мысал арқылы білдіреді. Мысалы: «Аңдар айтысы»,
«Ноталар айтысы».

5. Жар - жар айтысы
Жар - жар айтысы - ерте заманда қызды ұзатар алдында айтылатын айтыс түрі. «Жар - жарды»жігіттер жағы бастап, ұзатылатын қыздың көңілін көтереді. Той тарқар кезде жастар қыз отырған үйге келіп, өлеңмен қоштасқан. Жастардың қоштасып айтқан әрбір өлеңіне ұзатылатын қыз жауап береді. Қыз ата - анасы, бауыр, аға - жеңгесі, туған - туыс, ел - жұртымен қоштасуды өлеңмен айтатын болған. Жар - жардың өлең құрылысы 7 - 8 буынды болған.
№3 слайд Жар - жардың суреттері арқылы тақырыпты ашу

Мұғалім: Міне, балалар, біз суреттер арқылы бүгінгі танысатын айтысымыздың тақырыбын білгелі отырмыз. Бұл суретте Жар - жар айтысы көрсетілген екен. Жар - жар айтысы қазақтың айтыстары ішіндегі дәстүрімізді жалғастырып келе жатырған айтыстың түрі Бұл айтыс қыздардың ұзатылар алдында айтылатын бір топ қыздар мен бір топ жігіттердің айтысы. Ұзатылатын қыз өзінің туған жұртымен, ата - анасымен, туған туыстарымен қоштасарда өлең айтатын болған.. Айтысқа түсетін қыз - жігіттер өлеңдерін қазақтың домбыра және қобыз аспаптарымен де сүйемелдеген. Жар - жардың бұл түрі қазақтың ән дәстүрінде сыңсу деп аталады. Қыз өз жұртынан ұзап, өзге үйге келіп келін атанады. Бұл келін түсіретін үй үлкен қуаныш пен ұлы той жасайды. Осы кезде жаңа түскен келінге «Беташар»рәсімі жасалады. Келіннің бетін, ауылдағы өнегелі ақын ашып, келінге бата - тілектер айтады.
Осы той үстінде тағы да «Жар - жар» айтылып, «Той бастар» жалғасып, қыз - жігіттер күйде тартысатын болған. Олай болса, жар - жар айтысына байланысты сіздер мына суретті ребус арқылы тыңдайтын күйлеріңіздің атын білесіздер
№ 4 - слайд
Алдымен суреттің бас әріптерін тез оқып, сөз құраймыз. Сонда Келіншек сөзі шығады. (келіншек, ер, лақ, ірімшік, нан, шапан, елтаңба, киіз үй)
Халық күйі «Келіншек» күйін орындау.

ІV. Ән үйрену. «Не деу керек» Сөзі: Ә. Дүйсенбиев, Әні: Ө. Байділдаев
№ 5 - слайд (Авторлар суреті, ән мәтіні жазылған).
Мұғалім: Алдымен әнді домбыра аспабымен өзім орындап көрсетемін. Көп нүктенің орнына сіздер әдеппен жауап бересіздер. Әннің авторы әнді оқушылардың тәртіпті, әдепті болуларына үн қосқан екен. Енді, бұл әнді айтысып орындап көрейік.
Мұғалім:
1. Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, дәмдісін,
Саған таңдап әперді.

- Не деп барып жеу керек?
-......... айтып жеу керек.

2. Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу - айқай.
Сенде шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.

- Мұндайда не деу керек?
-.........! – деу керек.

3. Осы келген бетіңде,
Допты қудың, жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың.

- Ұмыттың сен не деуді?
-.........! – демедім.
Дәптермен жұмыс.
Оқушылар әнді көшіріп жазып алады.
Әнді домбыра аспабымен қостап, хормен орындау.

V. Нота сауаты.
Мұғалім: Осы үйренген әндеріміз бен тыңдаған күйлеріміздің өлшемдері болады. Оны біз қол қимылдары арқылы дерижерлеп көрсетеміз. Дирижердің қызметі әнді немесе күйді бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтауға көмектеседі. Дирижер шығарманың өлшемдерін схема арқылы көрсетіп тұрады. Өлшемдердің белгілі бір схемасы болады. Бүгінгі танысып отырған 2/4 өлшемінің схемасын бәріміз қол қимылдарымызбен «Не деу керек» әнін дирижерлап көрелік.
№ 6 - слайд (2/4 өлшемі схемасы)
М: 1) Музыкада неше дыбыс болады?
О: Музыкада жеті дыбыс болады.
М: 2) Ноталар қайда жазылады?
О: Ноталар бес сызықтың бойына жазылады.
М: 3) Ноталардың таңбаларын қалай аталады?
О: Бүтін, жартылық, төрттік немесе ширектік, сегіздік, он алтылық болып аталады.
Мұғалім: Олай болса, жеті нота дыбыстарын мысал айтыс ретінде ноталарды айтып көрелік
Мұғалім: Олай болса, бүтін нота таңбасымен нота дыбыстарын орындайық.
Бес сызыққа әрбір нота дыбыстарды сипаттай отырып орындарына қою.
Электронды оқулық тапсырмаларын қолдану
№7 - слайд (Балалар ноталарды орналастырған соң)

VІ. Не үйрендік, не түйдік?
Қортынды: Бүгінгі сабақтан не үйрендік, айтыстың қай түрімен таныстық?
Үйренген әніміз қалай аталады және авторлары кімдер еді?
«Не деу керек»әнін хормен СД диск арқылы орындау
Қазіргі айтыстарды қайдан көріп тамашалаймыз?
Үй тапсырмасы: Жар - жар айтысын оқып, «Не деу керек» әнін жаттап, 2/4 өлшемін есте сақтай отырып, нота дыбыстарын қайталау
Бағалау.

Маңғыстау облысы,
Ақтау қаласы, №10 орта мектебінің музыка пәні мұғалімі
Есмағамбетова Қарагөз
22 416
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Айтыс, оның түрлері. Айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшелігі
Айтыс, оның түрлері. Айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшелігі
Айтыс тақырыбын оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлап талқылауға үйрету. Осы мақсатқа жету үшін пайдаланылатын стратегиялар біздің маңызды істерге бастайды.
Айтыс туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)
Айтыс туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс — халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі.
Айтыс - шешендік өнердің падишасы
Айтыс - шешендік өнердің падишасы
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакупова Назия Казымовна
Ақындар айтысы
Ақындар айтысы
Атырау қаласы, Құрманғазы селосы, Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектептің ағылшын және музыка пәні мұғалімі Абилтаева Гүлхат Имуханқызы
Айтыс өнері дегеніміз не?
Айтыс өнері дегеніміз не?
БҚО, Орал қаласы, №42 "Ақ ниет" гимназиясының музыка пәні мұғалімі Абдушева Армангүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×