Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айтыс туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)

30 қыркүйек 2016, Жұма
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 9 сынып
Тақырыптар:
71. Айтыс туралы түсінік
72. "Біржан мен Сара" айтысы
73. Осы күнгі айтыстар
74. ХV - XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
75. Асан Қайғы


Сабақтың тақырыбы: Айтыс туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
а) Айтыстың түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар.
Айтыс — халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдәуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар.
Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір - бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.
Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын.
Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағанда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.
Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып — жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысыңда өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Табия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т. б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған.
Топтастыру стратегиясы:
Айтыстың түрлері

Бәдік айтысы
Жануарлар мен адамның айтысы
Жұмбақ айтыс
Салт айтыс

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Айтыстың түрлерін оқып келуге беремін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
19 640
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халық ауыз әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Халық ауыз әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Ауыз әдебиеті — халқымыздың асыл мұрасы. Ол — төгілген сөз маржандарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, арман -
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңі ХІХ ғасыр – ХХ ғасыр бас екені анық. Бұл қазақ елінің бостандыққа ұмтылған, өзін - өзі іздеген, өткен күндерін аңсай еске алып, бүгінінен түңіліп, бірақ болашағына үмітпен қараған шағы еді.
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау; Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу
Мысалдар (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Мысалдар (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Мысал өлеңдердің адамға сабақ болатын тағлымдық шығарма екенін түсіндіру; оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып, шешендік өнерге баулу.
Сөз басы (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Сөз басы (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Қазақ әдебиетінен сабақтар топтамасы 7 сынып
Қазақ әдебиетінен сабақтар топтамасы 7 сынып
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Кошбаева Алтынгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×