Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Елімізді сүйеміз» әнін нақышына келтіріп орында

19 наурыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы:
«Елімізді сүйеміз» әнін нақышына келтіріп орындау
Мақсаты:
Білімділік: Нота грамматикасын жетіп меңгеру
Дамытушылық: Әр оқушының мүмкіндігін, қабілетін музыка өнеріне деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз Отанының патриоты болуға, қайырымдылық, мейірімділік, адамгершілік, ізгілік парасатқа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: баяндау, сұрақ - жауап.

Көрнекіліктер: Плакатқа сызылған әннің нотасы. Әнді жазған композиторлардың суреттері.
Қолданылатын ТСО: Баян, синтезатор, диск.
Пән аралық байланыс: Әдебиет, өнер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
3. Жаңа сабақты бекіту.
4. Үй тапсырмаларын сұрау
5. Бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу. Оқушыларға 16 желтоқсанның 1991 жылы еліміз үшін ерекше орын алатын туралы түсініктеме жасаймын. Сонан соң Оқушылардың отан туралы өз түсініктерін жасап, бүгінгі -«Елімізді сүйеміз» әніне тоқталамын.

Әннің құрылымы: Әннің не туралы жазылған туралы оқушыларға түсініктеме жасаймын. Сонан соң әнді жазған композиторлар туралы түсіндіремін
Дауысты жаттығу: Оқушылармен гамма айтып дауыс жаттықтырамын.
Әнді үйрену: Оқушыларға тақтадағы нотадан ән қай тональностте жазылғаны туралы түсіндіріп, әннің размерімен таныстырып өтемін. Ән қандай екпінде жазылған. Сонан соң әнді өзім орындап беремін.

Әнді оқушылармен нота граматикасының көмегімен әр жолын айту арқылы айтып үйренеміз. Әннің «1 - куплетін үйреніп, аспапсыз айтып көреміз. Сонан соң нота грамматикасына сүйене отырып әннің қате жіберген тактілерін бірнеше рет қайталау арқылы айтып үйренеміз.
Әнді әбден дұрыс тактілермен үйренген соң басынан бастап орындаймыз.

Нота грамматикасымен жұмыс: Әндегі лига, нүктелі ноталар, бемоль, диез, бекар таңбалары бар тактілерді түсіндіріп сол ноталар мен таңбалары бар тактілерді айту.

Нюанстармен жұмыс.
Әндегі форте, пиано тағы басқа таңбалар болса, және реприза таңбалары болса, сол таңбалар туралы түсініктеме жасап сол тактілерге қойылған таңбалар мен жұмыс жасау.

Әнді қатар - қатармен және тақтаға оқушыларды шығарып сайыстыру.
Елімізді сүйеміз әнін үш қатарға шумақтарын бөліп айтқызамын. Сонан сон бір неше оқушыларды тақтаға шығарып әнді орындатып білімдерін тексеремін

Әуенді тап сайысы:
Бірнеше отан тақырыбында әуендер ойнатылып оқушылардың білімін тексеремін. Отан туралы әндерді дисктен тыңдату.
1. Біз отанның ұланымыз әуені ойналады
2. Көк тудың желбірегені әуені ойналады
3. Атамекен әуені ойналады
4. Ауылым әуені ойналады

Карточкамен жұмыс:
Бірнеше карточкаға сұрақтар ілініп жауап аламын.
1. Диез дегеніміз не?
2. Бемоль дегеніміз не?
3. Бекар дегеніміз не?
4. Екі адамның қосылып ән салуы қалай аталады?
5. Үш адамның қосылып ән салуы қалай айтылады?
6. Төрт адамның қосылып ән салуы қалай айтылады?
7. Бес адамның қосылып ән салуы қалай айтылады?

Мұғалімнің сұрағы:
1. Әннің екпіні
2. Әннің размері
3. Әннің композиторлары
4. Әнде қайырма бар ма?

Қорытындылау:
Әнді басынан бастап орындау.
Үй тапсырмаларын сұрау.
Еуропа халықтарының музыкасы.
Дисктен Орыс, Украин, Белорусь әуендерін ойнап табу. Аспаптарын табу.
8 255
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бақшада. Даңғой
Бақшада. Даңғой
Оқу мақсаты: 2. 2. 8. 2. Ақын сезімін бере отырып, нақышына келітіріп оқу.
Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы. С.Бәйтерековтің «Наурыз» әнін үйрену
Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы. С.Бәйтерековтің «Наурыз» әнін үйрену
ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы, «Жарбұлақ орта мектебі» КММ - нің музыка пәні мұғалімі Байшойынов Ғазиз Сейілғазыұлы
Халық музыкасының концерті
Халық музыкасының концерті
ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы, «Жарбұлақ орта мектебі» КММ - нің музыка пәні мұғалімі Байшойынов Ғазиз Сейілғазыұлы
Халық әнінің орындалу шеберлігі
Халық әнінің орындалу шеберлігі
Сабақтың мақсаты: Оқушының халық әніне деген қызығушылығын арттырып, әндерді өз нақышына келтіріп, орындау шеберлігін жетілдіру. Өз халқының ән өнерін түсіне білуге баулу.
Қазақтың ұлттық би өнері
Қазақтың ұлттық би өнері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Жыр алыбы - Жамбыл
Жыр алыбы - Жамбыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі. Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×