Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дина «Тойбастар»

29 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың мақсаты: Күйшінің өмірбаяны, күйлерінің шығу тарихымен
таныстыру.
І. Күй ойнау қызығушылығын ояту.
ІІ. Есте сақтау қабілетін дамыту.
ІІІ. Динаның күйлері арқылы оның тәрбиелік маңызын жеткізу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Домбыра үйрену: оң қол қағыстарына жаттығулар.
Көрнекілік: Күйші суреті, аспаптар, ноталар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: (Сәлемдесу оқушыларды түгендеу, аспаптарды
даярлау)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмасын бекіту.
ІV. Жаңа сабақ: Динаның күйі «Тойбастар» Нүрпейіс келіні Дина - қазақтың әйгілі композиторы 1861 жылы Бекетай құмы, Жаңақала ауданында дүниеге келген. Дина жас кезінің өзінде ақ Даулеткерей, Түркеш, Есжан, Байжұма сияқты күйшілердің күйін нақышына келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын беріп домбыра тартудың терең сырларын үйреткен. Динаның көптеген күйлері бар «Әсем қоңыр», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Тойбастар» т. б. сол күйлердің ішінен біз «Тойбастар» күйін үйренеміз. Халық творчествосының 1 - олимпиадасында домбырашылық өнерімен көзге түсіп бірінші дәрежелі сыйлық беріледі. Осы орайда өзінің «Тойбастар» атты күйін сыға тартады. Бұл шығарма жарқын көңіл мен қуанышты сезімді білдіреді. Халықтың ерлік еңбегі, салтанатты тұрмысы жырланады. Үш бөлімді шағын композициядан тұратын шығармашылық І - бөлімін үйренеміз.
І. Күйдің екпіні – жүрдек.
ІІ. Өлшемі 2/4
ІІІ. Қағысы. П П V П V I П П V П V І П V П
Үнтаспадан «Тойбастар» күйін тыңдап тактілеп талдап ойнаймыз жәй екпінде.

Сабақты бекіту: І. Домбыра тартудың терең сырларын үйреткен күйші кім?
ІІ. Қандай екпінде орындалады.
Сабақты бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды мақтау әдісімен бағалау.
Үйге тапсырма: Күйші туралы мәнжазба жазып келу. Күйді жәй екпінде ойнап келу.
9 336
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Нағыз қазақ – домбыра» Дәстүрлі ән, күй әдеби сазды кешінің сценарийі
«Нағыз қазақ – домбыра» Дәстүрлі ән, күй әдеби сазды кешінің сценарийі
Қазақ халқының күйшілерін таныстыру, олардың күйлерін тыңдап, шығу тарихымен зерттеп, рухани азық беру. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қазақы киіз үй жабдықтары, шарлар.
Күй анасы
Күй анасы
1. Күй анасы атанған композитордың домбырашылық өнерін түсіндіру. 2. Динаның күй тарту дәстүріндегі ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Дина
Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Дина
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қайыңды ауылы, Абай атындағы орта мектеп музыка пәні мұғалімі Докина Фарида Таңбайқызы
Дина "Әсемқоңыр"
Дина "Әсемқоңыр"
Сабақтың мақсаты: Күйшінің өмірбаяны, күйлерінің шығу тарихымен таныстыру
Сәуірбек Бақбергенов “Құрманғазы”
Сәуірбек Бақбергенов “Құрманғазы”
Атырау қаласының Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзиева Нұрғаным Баймурзиевна
Құрманғазы Сағырбайұлы
Құрманғазы Сағырбайұлы
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мурсалимова Эльвира Ғабитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×