Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев «Қараңғы түнде тау қалғып»

29 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың мақсаты: Композитор туралы толық мағлұмат беру, шығармаларын тыңдап, үйрету арқылы оқушылардың бойына табиғат әсемдігін, сұлулығын сезінуге үйрету.
Білімділік: Ән айтудағы дауыс көлемін, тыныс алу ерекшеліктерін, дикциясын, бір - бірін тыңдауға баулу.
Тәрбиелік: Өнерді сүюге, шығармашылыққа, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін, ой - өрістерін, музыкаға қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас - сабақтас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, ой - қозғау, сұрақ - жауап, ән үйрету, сөзжұмбақ шешу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үнтаспа, баян, интерактивті тақта, баян.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Музыкамен класқа кіру. «Қараторғай»Ақан сері әні
- Саламатсыздар ма, балалар!
- Саламатсыз ба, апай!
- Бүгінгі сабақтағы көңіл - күйлерің қандай?
- Жақсы.
- Бүгін бізде ерекше күн. Сіздерге бүгін қонақтар келді. Сабаққа жақсы атсалысып отырамыз. Бәріміз бір - бірімізге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, сабақты бастаймыз.
- Кезекші кім? Класта кім жоқ?
- Үйге қандай тапсырма берілді?

Класты үш топқа бөлдік. «Сегіз сері»тобы, «Ақан сері»тобы, «Біржан сал»тобы.
«Сегіз сері»тобының басшысы - Қуаныш.
«Ақан сері»тобының басшысы - Айдын.
«Біржан сал»тобының басшысы - Дастан.

- Сегіз сері, Ақан сері, Біржан сал кімдер?
- Әнші, ақын, композиторлар.
- Ендеше осы сөздерге байланысты сөзжұмбақтар шешеміз.
І - топ. «Сегіз сері»тобы - «Әнші»сөзжұмбағын шешеді. Әнші деп кімді айтады? Әнші - Жазған әнді орындаушы.
1. Ақылың болса - тыңда.
2. Музыка зерттеушісі А. Эйхгорн 1880 жылы қазақтар арасынан бұл аспапты көрген.
3. Тілшікті аспап.
4. Сарамен айтысқан ақын.

ІІ - топ. «Ақан сері»тобы - «Ақын» сөзжұмбағын шешеді. Ақын - деп кімді айтады? Ақын - әннің сөзін, мәтінін жазады.
1. Қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдейтін сілкімелі аспап.
2. Күй атасы.
3. «Гәкку»әнінің авторы.
4. Жеті ішекті аспап.

ІІІ - топ. «Біржан сал»тобы - «Композитор»сөзжұмбағын шешеді. Композитор кім? Композитор - әннің әуенін шығарады.
1. Күй тартатын кім?
2. Қорқыттың ойлап тапқан аспабы.
3. Қағып шертіп ойнайтын аспап.
4. Біржан қандай ақын.
5. Біржанның ақындық өнерін кім жалғастырды?
6. Бақташылардың сүйікті аспабы.
7. Құрманғазы шәкірті.
8. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты бұл аспап не деп аталды?
9. Сегіз серінің әні.
10. Саздан жасалатын аспап.

ІІ. Үй тапсырмасы. Әр топ берілген өз әнші - композиторлары туралы қысқаша айту.
І - топ. Сегіз сері Бахрамұлы
ІІ - топ. Ақан сері Қорамсаұлы
ІІІ - топ. Біржан сал Қожағұлұлы

Оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқау мақсатында «Ойлан, тап?» деп аталатын сұрақ - жауап сайысын бастаймыз.
Сендерге ұяшықтар берілген, сол ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береміз.
Сол жақтағы 10 ұяшығы - Дәстүрлі ән айту өнері дегеніміз не?
Сол жақтағы 20 ұяшығы - XIX ғасырдың ІІ - жартысындағы ән өнеріне үлес қосқан әнші - композиторлар.
Сол жақтағы 30 ұяшығы - Музыка тыңдау. Бұл кімнің әні? Әннің аты не деп аталады?

Ортадағы 10 ұяшығы - Дәстүрлі халық әндерінің нотаға түсіп жүйеленуіне үлес қосқан музыка зерттеушілері.

Ортадағы 20 ұяшығы - Әнші - композиторлардың әндерін ұрпақтан - ұрпаққа жалғастырып, бүгінгі күнге жеткізген әншілер.
Ортадағы 30 ұяшығы - Музыка тыңдау. Бұл кімнің әні? Әннің аты не деп аталады?

Оң жақтағы 10 ұяшығы - Дәстүрлі әншілік өнер айтылу ерекшелігіне байланысты қандай мектептерге бөлінді?
Оң жақтағы 20 ұяшығы - Біржан сал өз әндерінде қандай мәселелерді қозғады?
Оң жақтағы 30 ұяшығы - Музыка тыңдау. Бұл кімнің әні? Әннің аты не деп аталады?
Жауаптары:
1. Қазақтың домбыраға немесе басқа аспапқа қосылып айтатын әншілік дәстүрін ән айту өнері дейміз.
2. Ақан сері, Жаяу Мұса, Біржан сал, Сегіз сері, Абай, Үкілі Ыбырай.
3. Сегіз серінің әні «Ақбақай»
4. А. Жұбанов, А. Затаевич, Т. Бекхожина.
5. К. Байсейітова, Қ. Жандарбеков, К. Әзірбаев, Ғ. Құрманғалиев.
6. Ақан серінің әні «Балқадиша»
7. Жетісу өңіріндегі, Шығыс өңіріндегі, Батыс Солтүстік өңіріндегі әншілік мектептер
8. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан оқиғаларын, адамгершілік, ізгілік сезімдерін лирикалық әсем сазға бөлейді.
9. Жаяу Мұсаның әні «Ақ сиса»
Дауысқа жаттығу.
Үйге берілген әнді 1шумақ қайырмасымен орындау.
Дәптермен жұмыс.

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қараңғы түнде тау қалғып»
Оқулықпен жұмыс.
Сұрақ - жауап. Абай кім? Абай Құнанбаев туралы не білеміз.
"Абай" топтастыру
ББҮ кестесін толтырады.
- Абайдың қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
Ақынның балалық шағы
Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ибраһим екен.

Абай ислам дінінің қағидаларын барынша құрметтейтін діни отбасында өсіп, тәрбие алды. Оның әкесі Құнанбай қажы тобықты руының өте ықпалды, орыс тілін жақсы білген биі болды. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерімен қарым - қатынас жасап тұрды. Ол шыққан тегі сұлтан әулетінен болмаса да Қарқаралы округында алғашқы аға сұлтандардың бірі болып сайланды. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да атақты би әрі батыр болған.

Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын - ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл - қалжыңга шебер, жөн - жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседеараб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.

Ақын өзінің талантты шәкірттерін тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар шәкірттері Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия болды.
Абай көзі тірісінде өзінің өлеңдерін жинаған емес. Олардың әрқайсысын бір жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере берген. Олар Абайдың өлеңдерін жаттап алып отырған. Сөйтіп Абай өлеңдері қазақ даласында ауыздан ауызға таралып кете барды. Оның өлеңдері қолдан қолға көшіріп алынды. Ондай қолжазба көшірмеге ие болу әрбір сауатты қазақ үшін зор ғанибет болатын. Кейінірек Абайдың туындыларын оның ұлы Тұрағүл жинастыра бастады. Абай өлеңдерінің ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкітайдын арқасында Қазан қаласында басылып шықты. Абай Құнанбаевтың өлең - дерін жинауға және бастырып шығаруға көп күш - жігер жұмсап, игі ықпал еткен адал ақын Көкбай Жанатайұлы (1864 — 1927) болды. Ол өлеңдер белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың редакциясымен басылып шықты

Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүние жүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гетелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.[12]

Абай Құнанбаев - 1845 - 1904жылдар аралығында өмір сүрген. Қазақ халқының ұлы ақыны. Ол - өз өмір сүрген кездегі адамдардың надандығы мен қараңғылығына қатты қынжылып, халқының көзі ашылып, алдыңғы қатарлы мәдениетті елдер қатарына қосылуын армандаған ақын. Оның шығармалары терең ойға, философиялық толғаныстарға толы. Абай адамдардың бойында кездесетін жағымсыз қылықтар мен жаман мінездерді қатты сынайды, өсек, өтірік айту, мақтаншақ, даңғой болу, еріншектік, тойымсыздық - осының бәрі азаматтыққа, елдікке залалын тигізетін зиянды қасиеттер екенін айтады. Әрқашан халық қамын жеп, оған жанашыр бола білген ұлы ақын еңбек пен өнер - білімді, татулықты, бірлікті уағыздайды. Абай махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін де кеңінен жырлаған. Әрі ән шығарушы композитор болған. Абай әндерінің ішінде сазды, созылмалы, шырқай айтылатындары да, келте қайырылатындары да, жылдам айтылатындары да кездеседі. Мысалы: «Айттым сәлем Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң»т. б.

Абай аудармаларында орыс ақындарының шығармалары ақын шығарған әуенмен астасып, ерекше бір көркем бейнеленіп, ұлттық нақышқа ие болды. Орыс композиторы Антон Рубенштейн ақын Михаил Лермонтовтың сөзіне «Горные вершины»шығармасын жазды. М. Лермонтов кезінде бұл өлеңді ұлы неміс ақыны Гетеден орыс тіліне аударған. Бұл өлеңнің сөзі мен әуенінің Абай жүрегін билегені сонша, өзінің «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін шығарған.
IV. Музыка тыңдау. «Горные вершины»А. Рубенштейн - орыс тілінде және Абайдың әні «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін тыңдап, ұқсастығы мен ерекшелігін анықтау.

Ұлы Абайдың кәрі Шыңғыстауы өткен жылы тағы бір оқиға куә болды. Ұлы неміс Гете, Өрен орыс Лермонтов.... Дана қазақ Абай. Бұлар бірін бірі әсте көрмеген, бірі бірімен әсте кездеспеген жандар. Көзінің тірісінде кездесе алмаған өнердің осы үш алыбы бір мың тоғыз жүз сексен төртінші жылы Қарауылда бас қосты.

Мәрмәр тақта - ескерткіш. Онда Абай, Лермонтов, Гете бейнелері жарқырайды. Әр бейненің астында қазақша, орысша, немісше қашалған сегіз жол өлең — Лермонтов аударған, Лермонтовтан Абай аударған Вольфганг Гетенің белгілі өлеңі: «Қараңғы түнде тау қалғып». Үш елдің үш ұлы перзентін бір өлең табыстырған.
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым - жырт дел - сал ғып
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол дағы,
Сыбдырламас жапырақ
Тыншығарсың сен дағы
Сабыр етсең азырақ.

Аударып қана қоймай, әдейі арнап ән шығарған Абайдың сыйқырлы сезімге толы, лиризмге тұнып тұрған осы бір сегіз жолын қай қазақ білмейді?! Қай қазақ әндетпейді?!
Адам тағдыры секілді өлең тағдыры да қызық. Бұл өлеңді Лермонтов немісшеден былай аударған:
Горные вершины
Спят во тьме ночной,
Тихне долины
Полны свежей мглой.
Не пылит дорога,
Не дрожат листы.
Подожди немного,
Отдохнешь и ты.
Қарауылда арнап ескерткіш - тақта орнатылған Гете өлеңінің тарихы міне осындай.
- музыканы тыңдағанда қандай әсер алдың?
- Көз алдыңа не елестеттің?
Дауысқа жаттығу.

V. Ән үйрету. «Қараңғы түнде тау қалғып»әні.
- ән сөзін анық айту.
- дыбыстарды жоғары алу.
Екі шығарманың ұқсастықтары, айырмашылықтары
Абай тек орыс әндерін ғана емес, классикалық музыканы да жақсы білген. Орыс және Еуропа музыкасы жөніндегі түсінігінің кеңеюіне сол кезде Петербургте оқып жатқан Әбдірахман (Әбіш) деген баласының ықпалы да болды.

VI. Шығармашылық тапсырма:
«Егер мен Абай сияқты ақын болсам......»өлең жолдарын жазар едім?
Барлығы бірігіп «Желсіз түнде жарық - ай»әнін орындайды.

VII. Қорытынды.
- Бүгінгі сабақтан алған әсерім....... эссе жазу. Нені үйрендім?
ББҮ кестесін жалғастыру
Абай әні: «Желсіз түнде жарық - ай» хормен орындау.

VIII. Үйге тапсырма. «Қараңғы түнде тау қалғып»әнін жаттау, Абай туралы ізденіп келу.
IX. Бағалау.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар. Барлығың да сабаққа жақсы қатыстыңыздар.
30 522
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Абай Құнанбаев «Жазғытұры» өлеңі
Абай Құнанбаев «Жазғытұры» өлеңі
Бастауыш сынып мұғалімі Парменова Маржан
Көсемше
Көсемше
Атырау қаласы, Махамбет ауданы, Бейбарыс селосы, Чкалов атындағы орта мектебі Мемлекеттік тіл пәнінің мұғалімі Есениязова Жанат Какимқызы
Дәстүрлі күйшілік өнер
Дәстүрлі күйшілік өнер
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Оразова Алтынай Махметжановна
Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай...»
Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай...»
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С.
Арқаның асқақ әншілері
Арқаның асқақ әншілері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Мухамедиева Дәмелі Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×