Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дәстүрлі күйшілік өнер

29 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі күйшілік өнер туралы оқушыларға нақты мағлұмат беру.
Білімділік: Күйшілік өнер туралы баяндау арқылы күйді тыңдатып, музыканы сезінуге, түсінуге баулу.
Тәрбиелік: Балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге баулу. Өнер иелерін үлгі тұтып қастерлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ән айту дағдыларын қалыптастыру, музыкалық қабілеттерін арттыру, балалардың шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс – тәсіл: сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, музыка.
Көрнекілік: аспаптар, композитор суреттері, үнтаспа, баян.

Сабақтың барысы:
Оқушылар класқа ‘’Адай’’күйімен кіреді.
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын түгендеу.
Класты 3 - топқа бөлу: 1 - топ домбырашылар
2 - топ қобызшылар
3 - топ сыбызғышылар
- Сәлемет пе, балалар?
- Сәлеметсіз бе, апай.
2. Үй тапсырмасы: Қайталау.
1 - бөлім: ’’Қазақ халқының музыкасы туралы не білдік? ’’ сұрақтарға әр топ жауап береді.
1. Дәстүрлі ән айту өнері дегеніміз не?
2. XIX ғасырлардағы әнші - композиторлар.
3. Дәстүрлі әншілік өнер айтылу ерекшелігіне байланысты қандай мектептептерге бөлінеді.
4. Халық әндерін жеткізуші дарынды әншілер.
5. Музыка зерттеуші ғалымдар.
6. Ақан серінің әндерін ата.
7. Абай әндері.
8. Біржан салдың әндері.
9. М. Мералыұлы ел арасында қандай атақ алды?
10. Гамма дегеніміз не?
11. Арпеджио дегеніміз не?
12. Альтерация белгісі дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
2 - бөлім.
Дауысқа жаттығу жасау.
‘’Ән әуенін тап’’.
Бір шумағын орындау.
1. Қараторғай 1 - топ.
2. Ақбақай 2 - топ.
3. Қараңғы түнде тау қалқып 3 - топ.
3 - бөлім.
Ойлан тап! ‘’Аспаптарды ата’’. Әуендері арқылы табу.
1 - топ: Домбыра қандай аспап? (Ішекті.)
2 - топ: Қобыз қандай аспап? (Ысқышты.)
3 - топ: Сыбызғы қандай аспап? (Үрмелі.)
1 - топ: Сазсырнай қандай аспап? (Үрмелі.)
2 - топ: Жетіген қандай аспап?(Көп ішекті.)
3 - топ: Шаңқобыз қандай аспап? (Тілшікті аспап.)
3. Жаңа сабақ. ‘’Дәстүрлі күйшілік өнер’’
Ой – қозғау. Ереже шығару.
- Аспаптық музыка дегеніміз не?
- Көрген суреттерден қарап, ереже шығарамыз
Аспаптық музыка дегеніміз – музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды айтамыз.
- Күй дегеніміз не?
- Домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер т. б ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен күй деп аталады.
М:- Ең көне күйлер күй атасы – Қорқыт атамыздан бастау алған.
Күй дегеніміз – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр.
"Күй" сөзін топтастыру
Т. б түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы, мазмұнына қарай жіктеледі
Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді.
18ғасыр күйшілерін топтастыру
Атағы халыққа кеңінен мәлім болды.
Әрі қарай дәстүрлі күйшілік өнердің өрістеп дамуына Ірі тұлғалар үлес қосты.
Домбыра күйлері орындалу мәнеріне, құрылымдық ерекшеліктеріне қарай 2 үлкен түрге бөлінеді:
Ең көне күйлердің көпшілігі – қобыз күйлері. Қорқыт атамыздан кейін жалғастырушылар, үлес қосқан
Сыбызғы, шертерде күйлер сақталған. Сыбызғышы – күйші Сармалай (1835 - 1885) есімі ел есінде. Шертер аспабында шертпе күйлер тамаша орындалады.
Халық аспаптарында бүгінгі күнге жетуіне үлес қосқан
Сіңірген еңбектері ұшан – теңіз.
4 – бөлім. ’’Күйді тыңдау, мазмұнын жеткізу. ’’
‘’Ақсақ құлан’’ халық күйін тыңдау.
‘’Ақсақ құлан’’ күйінің шығу тарихын баяндау.
- Күй қандай көңіл күйде орындалады?
- Қандай аспапта орындалады?
Ертеде Жошы хан өмір сүріпті. Жалғыз баласы әкесінің тілін алмай, нөкерлерін ертіп, аңға шығады. Құлан аулап жүріп, хан баласы ұзап кеткенін байқамай қалады. Жазық далада бір топ құланның ішіндегі атуға болмайтын киелі құлан бар еді. Хан баласының атқан оғы киелі құланға тиеді. Ол қарсы шауып келіп, баланы теуіп өлтіреді. Хан жүрегі сезгендей кімде - кім баламды өлді десе, көмейіне қорғасын балқытып құйдырамын – дейді.
Хан нөкерлері сол елдегі атақты Кетбұға деген күйшіге келіп, қазаны естіртуін сұрайды. Күйші хан сарайына келіп, күй тартады. Хан болған жағдайды түсінеді. Күйші қайғылы хабарды күй тілімен жеткізеді. Баласының қазасын естіген хан домбыраның шанағына қорғасын балқытып құйдырады.

5 – бөлім. Ән үйрету.
Екі ішектің бірін қатты
Бірін сәл - сәл кем бұра
Қазақ нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра.
‘’Домбырасыз ән қайда’’ - әні: И. Нүсіпбаев, өлеңі: Х. Талғаров
- ән қандай көңіл - күйде орындалады?
ән не туралы?
қандай альтерациялық белгі бар?
Ь - нені білдіреді?
Қандай ноталар жазылған?
Өлшемі қандай?
Әе әуенін үйрету

6. Қорытынды.
Шығармашылық тапсырма.
1 – топ: Күй туралы төрт жол өлең шумағын шығару.
2 – топ: Аспаптардың суретін салу.
3 – топ: Эссе жазу. ’’бүгінгі сабақтан алған әсерім’’.
- Бүгінгі тақырып не туралы?
- Қандай күй тыңдалды ‘’Ақсақ құлан’’ кімнің күйі?
- Халық күйі.
Сөзжұмбақ: ‘’Ақсақ құлан’’ халық күйі.
1. Ішекті аспап. (Домбыра)
2. Ысқышты аспап. (Қобыз)
3. Үрмелі аспап. (Сыбызғы)
4. Тілшікті аспап. (Шаңқобыз)
5. Ең көне күйлер атасы. (Қорқыт)
6. Қорқыттан кейінгі қобыз аспабын жалғастырған күйші. (Ықылас)
7. Күй атасы. (Құрманғазы)
8. Сыбызғышы – күші.(Сармалай)
9. Құрманғазының шәкірті. (Дина)
10. Коп ішекті аспап. (Жетіген)

7. Үйге тапсырма. 88 - 89 бб. оқу
8. Бағалау.
11 580
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақтан жырау. «Он жаман»
Ақтан жырау. «Он жаман»
Ақтан жырау шығармашылығымен таныстыру. Жыраулық өнер және жыраулар шығармашылығының ерекшелігі, халыққа айтқан өсиеті, батырларға рух беруі жайлы әңгімелеу. Музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу.
Филармония - өнер шаңырағы
Филармония - өнер шаңырағы
Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы №19 орта мектеп музыка пәні мұғалімі Қапизова Райхан Ғазизқызы
Өзбек музыкасы
Өзбек музыкасы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы ГКС - 12 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Алматова Гауһар Жылқыбайқызы
Қазақтың ұлттық би өнері
Қазақтың ұлттық би өнері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Халық музыкасы және опера
Халық музыкасы және опера
Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясы Музыка пәнінің мұғалімі Қазиева Назгүл Жеңісқызы
Дәстүрлі күйшілік өнер
Дәстүрлі күйшілік өнер
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебі музыка пәнінің мұғалімі Сафина Лиза Куантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×