Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Ән – аға, Шәмші аға» әдеби - музыкалық кеш

31 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Музыка
«Ән – аға, Шәмші аға» әдеби - музыкалық кеш

Кештің тақырыбы: «Ән – аға, Шәмші аға»
Кештің мақсаты: Қазақтың көрнекті сазгері Ш. Қалдаяқовтың өмірімен таныстырып, әндерінің шығу тарихы, мәні мен маңызын ашу. Ән өнерінің қыры мен сырына қанықтыра отырып, оқушыларды әсемдікке тәрбиелеу. Ш. Қалдаяқовтың әндерін насихаттау.

Білімділік мәні: XX ғасырда қазақ вальсінің королі атанған сазгер өмірімен, оның халық сүйіп тыңдайтын әндерімен таныстыру.
Дамытушылық мәні: Оқушылардың қазақ әндерінің әуенімен таныстыру, әннің сөздерінің мәнін, мағынасын түсініп айтуға талпындыру, қазақ әндеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Тәрбиелік мәні: Халық жүрегінен үлкен орын тапқан сазгердің әуендерін тыңдай отырып, ата - анасына, туған өлкеге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттырып тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Ән - аға, Шәмші аға» буклеті, Шәмші әндері» ән альбом Ш. Қалдыаяқовтың суреті, Т. Айбергеновтың сөзі жазылған плакат:
«Жансын деп жақсы орталарыңда маздап ән,
Қалсын деп жақсы көңілдер ойды қозғаған
Тік тұрып қарсы ал - О, туған елім тілектес,
Тілектестікпен ортаңа келді өз балаң.»

Ғ. Мүсіреповтің сөзі:
«Қазақ өнерін білгісі келгендер Қастеевтің суреттерін, Қалдаяқовтың әндерін зерттеулері керек»

Кештің барысы:
1. Сөзі И. Исаевтың, әні Қалыбек Құрманалиевтікі
«Ән - аға немесе Шәмшімен сырласу» әнін Қожабаев Елдос орындап тұрады, 3 пар вальс билеп жүреді.
- Ән кім туралы?
- Ән Шәмші Қалдаяқов.

Олай болса құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі біздің кешімізде Қазақтың көрнекті сазгері Шәмшінің өмірімен танысып, әндерінің шығу тарихымен, мәні мен мазмұнын ашып әндерін насихаттау.
Жүргізуші:

Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жердегі қойнауында Сарыкөл деген шағын көл бар. Міне осы көлдің жағасына 1927 жылы Қалдаяқ деген кедей келіп, қамыстан күрке салып, осында мекендеп қалады.
Қалдаяқтыңшын аты Әнапия екен. Оның оң аяқ балтырында қалды көріп жеңгелері Қалдаяқ деп атап кеткен.
Қалдаяқтың сол күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келеді. Басқа балалардай шыңғырып жыламай, бір түрлі әуезді ырғаққа ұқсайтын үн шығарады. Хиссадағы Шәмшид патшаның атымен аталып, сол бала аттай 30 жыл өткен соң Шәмші Қалдаяқов болып өсіп жетіліп, вальс королі атанады.

Шәмші Қалдаяқовтың өмірбаяны
Ш. Қалдаяқов 15 - ші тамыз 1930 жылы Шымкент облысының Қызылқұм ауданы Арыс өзенінің бойында дүниеге келген. Әкесі Қалдыаяқ Теріскейде туып өскен атақты шежіресі, көпшіл, ақынжанды, зергер, өнерлі жан болды. Шешесі Сақыпжамал үні қоңыраудай сылдырлап, ән салса, ажары ашылып, тоты құстай түрленіп кететін жан екен. 1952 - 1962 жылдары Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында Великановтың класы бойынша оқыған, аяқтай алмаған. 1950 жылдан творчествалық жұмыспен шұғылданған. 1965 жылы Қазақстан Ленин сыйлығының лауреаты атанған. 1991 жылы 29 - шы желтоқсанда «Қазақстан халық артисі» атағын алды. Қазақ жастарының бақытыты өмірін жырлайтын «Қаракөз», «Менің Қазақстаным», «Сыр сұлуы», «Ақ бантик», «Қуаныш вальсі» т. б халақ арасында кең тараған сезімге толы әндердің авторы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 622
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ән падишасы – Шәмші аға
Ән падишасы – Шәмші аға
Қазақ халқының танымал сазгері Шәмші Қалдаяқовтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру; оның халқына қалдырған мол мұрасын ұрпаққа жеткізе отырып, сазгерді, әндерін құрметтеуге шақыру.
Ашық тәрбие сағаты: Ән падишасы – Шәмші аға
Ашық тәрбие сағаты: Ән падишасы – Шәмші аға
Шәмші Қалдаяқовтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру; оның халқына қалдырған мол мұрасын ұрпаққа жеткізе отырып, сазгерді, әндерін құрметтеуге шақыру
Ән аға немесе Шәмшімен сырласу
Ән аға немесе Шәмшімен сырласу
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектептің музыка пәні мұғалімі Нұрниязова Айсұлу
Нәр берген ән - бұлақтан
Нәр берген ән - бұлақтан
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған ЖОББМ музыка пәні мұғалімі Шындаулетова Нурлы
Шәмші Қалдаяқов шығармашылығы
Шәмші Қалдаяқов шығармашылығы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Мухамедиева Дәмелі Орынбасарқызы
"Сағындырған әндер-ай" Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы
"Сағындырған әндер-ай" Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 1 орта мектеп тәлімгері Мунайтбасова Жулдыз Темирхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×