Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Сағындырған әндер-ай" Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдығына арналған ән байқауы

05 ақпан 2012, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты: Ш.Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттау, әндерінің сырын сезініп, құрметтеу және де әр бірлестік жетекшілерінің мектеп ішінде өтіп жатқан мәдени шараларға жауапкершілігін байқап, белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі:Ш.Қалдаяқовтың портреті, презентациялар, суреттер,
Түрі: ән кеші
Кештің барысы:
І-жүрг.
Қайырлы күн! Қымбатты ұстаздар мен оқушылар , ата-аналар!

ІІ-жүрг.
Қадірменеді ән сүйер қауым ән әлемінің падишасы, қазақ вальсінің королі атанған халық артисі, ұлы сазгер Ш. Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Сағындырған әндер-ай » атты ән байқауына қош келдіңіздер!

І-жүрг
Бұл байқауды өткізу мақсатымыз Шәмші әндерінің сырын сезініп, құрметтеу және де әр бірлестік жетекшілерінің мектеп ішінде өтіп жатқан мәдени шараларға жауапкершілігін байқап, белсенділігін арттыру.
Ән айтушы Ш. Қалдаяқовтың бір әнін орындайды.

І-жүрг .
Бүгін сіздердің алдарыңызда мектеп мұғалімдері дайындаған Шәмші әндері шырқалады. Ендеше «Ақ Ерке –Ақ Жайықтың» жағасында шалқып, «Бақыт құшағында» балқып, айдын көлде жүзгендей «Қайықтың» сазында тербеліп, әсем ән мерекесін бірге тамашалайық.

ІІ-жүрг.
Осынау кешімізді мектебіміздің жез таңдай әншісі Ш.Мұстафинаның орындауындағы «Ақ Ерке –Ақ Жайық» әнімен ашқалы отырмыз.
Сахнада Ш.Мұстафина қарсы алыңыздар!

ІІ-жүрг .
Халықаралық Күншуақ фестивалінің лауреаты Әбдікаримова Жалғасгүлдің Шәмші әндерінен поппуриін қабыл алыңыздар!

Жүрг .
Ш.Қалдаяқов халқымыздың рухани азығы болып, ән өнерінің інжу маржаны атанған шығармалардың авторы

Жүрг .
Ендеше келесі кезекті Шәмші әндерін орындаушы сайыскерлерімізді сахна төріне шақырайық
1. Жанұзақова Орынгүл
2. Жұмасейіт Қайрат
3. Қаржауова Салтанат пен Тәңірбергенов Арман
4. Төретаева Алтынай
5. Ақбаева Алтынгүл
6. Көпжасарова Нұршаш
7. Садақбаева Нұргүл мен Аманова Ләззат
8. Аяғанова Мөлдір
9.
Жүрг .
Бүгінгі ән байқауына қатысып, өнерлерін көрсететін сайыскерлеріміздің әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1. Музыка пәнінің мұғалімі Ш.Мұстафина
2. Мектепалды дайындық тобының мұғалімі Қабақбаева Б
3. Оқушылар сарайынан хор және вокал үйірмесінің жетекшісі есалина Гүлжанат
Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

Жүрг.
Шәмшіге ән шығару қасиеті анасынан дарыған. Анасы Сақыпжамалдың үні қоңыраудай, ән салса ажары ашылып, тоты құстай түрленіп, ажарланып, ғажайыптанып кететіндей ару жан еді. Осы анасының арқасында Шәмші бүгінгі уақытта дарынды талант атағына ие болып отыр. Ендігі кезекті Шәмшінің «ана туралы жыр» әнін ұсынамыз. Сахнаға Орынгүл Жанұзақованы шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!

Жүрг .
Шәмшіде арнау әндер өте көп. Бір күні Қалқожа деген іздеп келіп:
-Аға сіздің әндеріңізде неге Арыс жоқ? Ерке өзенінің аруларын неге қоспадыңыз деген сауалдан «Арыс жағасында» әні туып еді. Қазіргі тыңдайтындарыңыз «Арыс жағасында» орындайтын Жұмасит Қайратты ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.

Жүрг.
Шәмшінің Қалдаяқовтың «Сыр сұлуы», «Қайықта», «Кешікпей келем деп ең», «Ақ бантик», «Теріскей», «Бәрінен де сен сұлу», «Бақыт құшағында» әндерінің де өмірі сөз жоқ ұзақ, қазақ халқымен бірге жасайтыны даусыз. Оның әндерін сан рет қайталап айтсаң да жалықпаймыз.. келесі тыңдайтындарыңыз «Сыр сұлуы» әні орындайтындар Қаржауова Салтанат пен Тәңірбергенов Арман.

Жүрг.
Студент кезінде шығарған әндері «Қайдасың», «Қайықта» әндері студент жастар арасында кеңінен таралып, сол әндері осы күндерге дейін орындалуда. Ендігі тыңдайтын әндеріңіз «Қайдасың» орындайтын Алтынай Төретаеваны қарсы алыңыздар.

Жүрг.
«Бар қазақты тамсандырған,
Таңнан-таңға ән салдырған,
Өзін әнмен қарсы алдырған – Шәмші едің»- дей келе Шәмшінің «Өмір-өзен» әнімен Ақбаева Алтынгүлді ортаға шақырамыз.

Жүрг.
Әннің қадірін әнші білер
Әншінің қадірін Шәмші білер,- демекші қазақ сахнасының төрінде Шәмші әндерін шырқап жүрген жас әнші Әйгерім Қалаубаеваның орындауындағы «Кешікпей келем деп ең» әнін міне бүгін мектеп сахнасында Аяғанова Мөлдір орындағалы тұр.

Жүрг.
Жаңа ғана бойжеткен
Жас күнімді еске алам
Шәмші ағаның жазатын
Кездері ғой асқақ ән- деп Күләш апамыз жырлағандай келесі кезекті «Әнім сен едің» әніне береміз. Бұл әнді орындайтындар Садақбаева Нұргүл мен Аманова Ләззат.

Жүрг.
Халық Шәмшіні «Қазақ вальсінің королі» деп бекер айтпаса керек. Оның көптеген әндері вальс ырғағына жазылған. Шәмші әндеріне вальс билемеген жан бар ма? Біздің әке-шешелеріміз осы вальстің ырғағында жүріп бір-бірімен танысып табысты емес пе? Сонымен алдарыңызда тағы да вальс. «Қуаныш вальсі» орындайтын математика пәнінің мұғалімі Көпжасарова Нұршаш ортаға шақырамыз.

Жүрг.
Еліңмен әнің салмайды бөлек іргесін,
Болашаққа барасың, бастап жыр көшін
«Менің Қазақстанымменен» жан аға,
Қазақтың көк байрағыменен біргесің.
Әндеріңменен айдынды шалқар көлдейсің
Көңілімде әлі отырған күліп сол кейпің
Жер бетінде қазағым аман тұрғанда
Өлмейсіз аға, өлмейсіз аға, өлмейсің.

Шырқалса әнің қалада, дархан далада
Тыңдайды ұйып, бесікте жатқан балада
Соңына өшпес рухани мұра қалдырдың
Тірісің мәңгі, тірісің мәңгі жан аға,-дей келе бүгінгі Шәмші шығармашылығына арналған «Сағындырған әндер-ай» атты ән байқауымыз аяқталды. Әділқазылар орындарын белгіленше келесі кезекті кішкентай бүлдіршініміз Жақсылықова Шахризаданы «Өзбек» биімен қарсы алыңыздар.
21 375
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ән падишасы – Шәмші аға
Ән падишасы – Шәмші аға
Қазақ халқының танымал сазгері Шәмші Қалдаяқовтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру; оның халқына қалдырған мол мұрасын ұрпаққа жеткізе отырып, сазгерді, әндерін құрметтеуге шақыру.
Ән көгінің сұңқары - Шәмші. Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің сценарииі.
Ән көгінің сұңқары - Шәмші. Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің сценарииі.
Ән көгінің сұңқары - Шәмші. Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің сценарииі.
Оразбек Бодықов. Аққұс туралы аңыз
Оразбек Бодықов. Аққұс туралы аңыз
Сабақтың тақырыбы: Оразбек Бодықов. Аққұс туралы аңыз
Ән падишасы
Ән падишасы
Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылы, № 190 орта мектептің математика пәні мұғалімі Меңдібай Қарашаш
«Ән – аға, Шәмші аға» әдеби - музыкалық кеш
«Ән – аға, Шәмші аға» әдеби - музыкалық кеш
Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Жазымова Задаш
Нәр берген ән - бұлақтан
Нәр берген ән - бұлақтан
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған ЖОББМ музыка пәні мұғалімі Шындаулетова Нурлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×