Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абдуманапов Абдуғопур

15 желтоқсан 2012, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Садвақасова Гулзия Бағдатқызы
11 «а» сынып оқушысы
жетекшісі Азиева Адилям Наримановна
Ұйғыр ауданы Бахар ауылы А.Розыбакиев атындағы ОМ

Тақырыбы: Абдуманапов Абдуғопур

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Балалық шағы
2. Жастық шағы
3. Еңбек жолы
4. Бахар ауылының құрылуы
5. Жеткен жетістіктері
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Мен бұл ғылыми жұмысымды Бахар ауылының негізін қалаған Абдуғопур ата Абдуманаповқа арнадым. Ол кісі бүкіл өмірін еңбек етіп, еліне жақсылық жасаумен өткізген. Ғоппа атамыз өз өмірінде асқан мейірімді, кешірімшіл, кішіпейіл, ешкімге қиянат жасамаған, адамдарға қол ұшын көп берген жан болған екен. Бұл күндері ауылдастары ол кісіні тек қана ыстық сағынышпен еске алады.

Абдуманапов Абдуғопур 1929 жылы 15-қаңтарда Ұйғыр ауданы, Кіші Ақсу ауылында дүниеге келген. 1945 жылы Үлкен Ақсу орта мектебін бітіргеннен кейін, еңбек жолын 1945-1948 жылдары Сүмбе ауылындағы орта мектепте пионер - вожатый, комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс істеуден бастаған. 1946 жылы «Эмгек» колхозында, 1947 жылы Подгорное (Қырғызсай) ауылында еңбек еткен. 1948 жылы Алматы қаласындағы ауылшаруашылық институтының толық курсын инженер-механик мамандығы бойынша 1953 жылы бітірген.1953 жылы тамыз айынан ауданның Заилийский РТС–та механик, бас инженер, 1959-1961 жылдары осы мекеменің директоры және аудандық Қазсельхозтехника мекемесінің бастығы болып қызмет атқарған.

1961-1976 жылдары «Эмгек» колхозының төрағасы, 1976-1992 жылдары жаңа құрылған А.Розыбакиев совхозына директор болып, зейнеткерлікке шыққанға дейін басшылық қызметтерін атқарған. Совхоздың атын – Бахар деп атаған. Қазақ тіліндегі мағынасы «көктем».осы жерде қара тастан су шығарып, үй тұрғызып, бау-бақша отырғызған да Ғопа ата.
Өмірінің соңына дейін еңбектен қол үзбей, қайтыс болғанша Бахар ауылындағы «Бахтияр» шаруа қожалығының төрағасы қызметін атқарған. Бүгінде бұл қожалықты балалары мен немерелері басқарып келеді.

Мен үшін Ғопа ағаның өмірін зерттеу өте қызық болды. Мен кітапханаларды ақтарып, мұрағаттан мағлұматтар жинап, атамыздың көзін көрген адамдармен сұхбаттасып, Ғопа ағамыздың отбасымен танысып, көп еңбектендім.
Менің бұл ғылыми жұмысымды бастаудағы мақсатым – кіндік қаным тамған жер Бахар ауылымның негізін қалаған кемеңгер басшы Абдуғопур аға Абдуманапов жайлы білгенімді арттырып, тарихта қалар тұлғаны республика көлемінде таныту.

Негізгі бөлім

Бахар ауылының негізін қалаған – Абдуманапов Абдуғопур 1929 жылы 15 қаңтарда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кіші Ақсу ауылын - да өмірге келген. Балалық шағы сол жерде өткен. Анасы –Баратова Хузра 1888 жылы өмірге келген.
Ғопа ағаның жастайынан білімге деген құштарлығы зор болған.
1945 жылы Үлкен Ақсу орта мектебін бітірген. 1945-1948 жылдары Сүмбе ауылында орта мектепте пионер - вожатый, комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс істеген. 1946 жылы «Эмгек» колхозында трактор бригадасының есепшісі болып, 1947 жылдан Подгорное (Қырғызсай) ауылындағы детдомда пионер - вожатый (балалар үйінде тәлімгер) және комсомол комитетінің хатшысы болып қызмет еткен.

1948 жылы Алматы қаласындағы ауылшаруашылық институттың толық курсын инженер-механик мамандығы бойынша 1953 жылы бітірген.
1953 жылдың тамыз айынан бастап ауданның Үлкен Ақсу ауылындағы Заилийский РТС-та контролер –механик, 1953-1959 жылдары бас инженер, 1959-1961 жылдары осы мекеменің директоры және аудандық Қазсельхоз-техника мекемесінің бастығы болып қызмет атқарған. Ғопа аға РТС-та бас инженер және директор болып істеген мерзімде, алғашқы кезінде РТС –тің өндірістік техникалық базасы және құрылыс жұмыстары өте төмен жағдайда болған екен. Кейінен Ғопа аға талапқа сай шеберхана, қойма, контор, монша, таудан құрылыс материалдарын дайындайтын пилорамды іске қосқан.

Құрылыс жұмыстары проектілік жоспармен атқарылған. Тұрақты құрылыс бригадасы жоғарыдағы жоспарлы жұмыстарды сапалы аяқтап, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. РТС –тің жанынан қысқа мерзімді 3 айлық механизаторлар даярлайтын курс ашылып, ауданның ауылдарына 1953-1956 жылдар арасында 300 жас механизаторлар даярлап, ауданның колхоз, совхоздарын механизатор кадрлармен қамтамасыз етуге үлес қосқан. Жұмысшылар мен мамандарды, әсіресе, жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуде тұрақты құрылыс бригадасы жұмыс істеген.
1961-1976 жылдардың мамыр айына дейін «Эмгек»колхозы басқармасының төрағасы болған. Колхозда басшы болған мезгілде ауыл шаруашылығының өнімдерін молайту және сапалы өнім өндіруге көп үлес қосқан.

Колхоздың «Ақтөбе» каналы учаскесі жанынан егістікке жер ашу жұмысын қолға алып, сол учаскедегі бар 40 га егістік жердің көлемін жаңа жер ашудың нәтижесінде 3 жылда 2500 гектарға жеткізіп, сол жерден өндірістік бригада ұйымдастырылып, колхозшылар тұруға, 40 отбасына үй салғызып, 1500 га көп-жылдық жоңышқа, 800 га жүгері егуде, агротехникалық шараларға сай егін өнім өндіруді қамтамасыз еткен. Осы жылдары колхозда мәдени құрылыстан мектеп, монша, балабақша, контор , клуб жаңадан салынды.

Осындай қарқынды еңбектену нәтижесінде колхоздың экономикасын жоғарғы деңгейге көтерген.
1976 жылдың 15 мамырында ауданда тың жерден жаңадан құрылған А.Розыбакиев совхозына директор болып ауысқан. Совхоздың атын – Бахар деп атаған. Қазақ тіліндегі аудармасы – көктем. Совхоз орталығы «Төменгі Шонжы» каналының астына қара тақыр жерге орналастырылған. Ауылдың құрылысын жасау генпланға сай жүргізіліп, 3 жылда қалалық типті Бахар ауылының құрылысы қарқынды жүріп, тұрғын үй, совхоздың конторы (әкімшілік), сауда орталығы, клуб, балалар бақшасы. ФАП, монша, гараж, орталық складтар салынған. Ауылдағы 300 отбасылық үйдің құрылысы жоспар бойынша жүргізілген. Көшелер асфальталып, көше ортасында гавандар жасалынып, ауыл орталығына және төңірегіне ағаштар, әрбір отбасына 10 түптен абрикос, 5 түптен алма ағашы т.б жеміс-жидектер отырғызылды. Ауыл түгелдей орталықтан жиналатын, суландырыла

тын канализация құрылысы салынып, нәтижесінде ауыл талапқа сай, қалалық типтегі селоға айналған. Негізгі құрылыс материалы –кірпіш. Кірпішті өздері салған кірпіш заводта өндірген. Ағаштарды Сібірден жеткізген. Совхозда 3200 га егістік жер игеріліп, оның ішінде 1200 га жоңышқа ұрығын өндіретін 800 га жүгері өндіретін жер айналымда болып, 40 гектарға бау-бақша отырғызылған. Жоңышқаның әр гектарын 1, 5 центнер ұрық жүгеріні, әр гектарынан 40 центнер дән, үрлемге өнделген жерден 1500 центнер сүрлем дайындалып отырған. Мал азығы үшін қажетті 5000 тонна шөп, 3000 тонна сүрлем, 2000 тонна пішіндеме, 100 тонна жоңышқа ұнын әр жылы дайындау қамтамасыз етілген. Совхозда 2000 бас ірі қара, 10000 бас қой, 350 бас жылқы, 30000 үйрек өсірілді. 300 бас сауын сиыры сауылып, әр бір сиырдан жыл сайын 3000 литрден сүт сауылып отырған. Ірі қара бордақылау алаңы жасалынып, етке тапсырылатын ірі қараның орташа тірі салмағы 450 кг тапсырылған. Әр 100 бас аналықтан 95 қозы, 80 бұзау, 70 құлын алынып, мал басын өсіру, оның өнімділігін арттыру қарқынды жүргізілген.

Ауылды көркейту, көгалдандыру жұмысына ерекше көңіл бөлініп, жыл сайын село орталығына декоративті, мәдени ағаштармен қоса, егістік алқапты жел эрозиясынан сақтандыру мақсатында, 10000 ағаш отырғызу әдетке айналған. Осы жылдары колхозда мәдени құрылыстан мектеп, монша, балабақша, контор , клуб жаңадан салынды. Сол кездері сырттан қарағанда ауыл бір орманның арасында орналасқандай әсер қалдырған.

Совхоз тұрғындары негізіне, ауданымыздың колхоз, совхоздарынан, басқа аудандардан, қалалардан келіп орналасқан ауылда , 7 ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүрген.
Ғопа аға совхозда директор болып қызмет атқарған мезгілде совхоздың экономикасының өсуіне, оның құрылысының қарқынды және сапалы салынуына ауыл мәдениетінің көркеюіне, егін шаруашылығы өнімдерінің молаюына өз үлесін қосқан жандар: Куцев Виктор - прораб , Супиев Карим –мастер құрылысшы, Алдибеков Сәдуақас –тракторшы , Жоллаев Қорғас –құрылысшы, диқандар: Сейитахун, Омаров Байнұр, Түбекбаев Иемберген, Мухаметов Амет, Байғожаев Момбек, Бакиев Рози. Мамандар: Солтыбаев Каря , Саутов Керим, Мушрапилов Турди, Заиров Валидин, электрик –Еділбаев Көкетай. Білікті мамандардың қажарлы еңбектерінің нәтижесінде, еліміз үшін жоғарыдағы ауқымды жұмыстар атқарылды.
Осы жұмыстардың барлығын атқаруда күндіз –түні демей білікті ұйымдастырғаны үшін Ғопа аға Абдуманаповқа, мемлекеттік наградалар берілген.

Атап айтқанда : «Тың және тыңайған жерді игергендігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» , «Еңбектегі жетістігі үшін» медальдарымен ВДНХ-ның «Күміс медалымен» (23 мамыр 1957ж) , «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл ту» ордендерымен және жастарға тәлім-тәрбие беруге қосқан үлесі үшін «Қазақстанның халық ағарту ісінің үздігі» және Бахар ауылы ССГО Ауылшаруашылық министрлігі мен ССГО Архитекторлар одағының «За образцовый поселок» және «Құрмет» грамотасымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалымен, тағы да басқа аудан, облыс әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Ұйғыр ауданының құрметті азаматы.Алматы облыстық Кеңесінің 12 және 13 шақырылуының депутаты болып және Қазақстан Компартиясының XVII съезіне делегат болып сайланған.

Жоғарыдағы Ғопа ағайдың еңбек етуге қол жеткізген жетістіктеріне жетуіне негізгі қамқоршы болған, жан-жары Абдуманапова Мариям апайдың еңбегі зор екендігі өзінен -өзі сұранып тұрғанын атап айтуымыз керек.

А.Розыбакиев совхозында жұмыс істеген мезгілінде Мариям апай балалар бақшасының меңгерушісі болып қызмет атқарған. Жасөспірімдерді тәрбиелеуге қосқан еңбегі үшін Мариям апай Абдуманапова басқарған балалар бақшасы Республика көлемінде алдыңғы қатарда болып, марапатталған. Мариям апайдың еңбектері үшін Қазақ ССР-ның «Халық ағарту ісінің үздігі» атағы берілген. Халыққа білім беру қызметкерлерінің Бүкілодақтық съезінің делегаты. Розыбакиев атындағы совхоздың бала-бақша меңгерушісі Мариям Абдуманапова бүлдіршіндердің жан-жақты тәрбие алып шығуы жолында өзінің мол тәжірибесін бала-бақша тәрбиешілеріне, өмірінің соңына дейін айтып отырған, өз ісінің шебері.

Ауданның құрметті азаматшасы. Мариям апай 3 бала өмірге алып келген. Бірақ, бір баласы қайтыс болған. Ғопа аға екеуі 1953 жылы 3 тамызда үйленген. Екі ұл, бес немере тәрбиелеген, олар да өз алдына жанұялы. Алматы қаласында тұрады.
Ғопа аға Бахар ауылын 1992 жылға дейін басқарған. Кейін өмірінің соңына дейін «Бахтияр» шаруа қожалығының төрағасы болған. Бүгінде бұл шаруашылықты немерелері мен балалары басқарып келеді.
Ғопа аға Абдуманапов 2009 жылы 28 мауысымда өмірден өтті.
Мариям апай Абдуманапова 2011 жылы 11 қарашада қайтыс болған.
Артына өшпес мұра қалдырған жандарды ұрпақ ұмытпақ емес.

Қорытынды

Мен бұл ғылыми жұмыспен айналысқанда көп нәрсені ойыма түйдім. Атап айтқанда егер адам шынымен жігерленсе, қолынан келмейтін іс жоқ екеніне және бірлік бар жерде –тірлік бар екеніне көзім жетті.
Бахар ауылының негізі қаншама адамның еңбегінің, қажыр –қайратының арқасында қаланды. Осыншама еңбек етіп, халқының қалаулысы болған жандарды елге таныту, жас ұрпаққа, яғни бізге парыз деп санаймын.
Бүгінде Ғопа атамыз бастамасын көтерген ауыл гүлденіп, көркеюде.
Қазіргі кезде Бахар ауылында 13 көше, 353 үй, 353 жанұя, 42 үй салынатын жер телімдері бар. Халық саны -1846 адам.
3 793
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаев – қайталанбас дара тұлға
Мұқағали Мақатаев – қайталанбас дара тұлға
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі. Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
Менің туған жерімнің батыры
Менің туған жерімнің батыры
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әділжан Сыздықбаев
Иманжанов Мұқан
Иманжанов Мұқан
Иманжанов Мұқан (1916-1958 жж)
Әбіш Кекілбайұлы
Әбіш Кекілбайұлы
Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Н.Ә.Назарбаев
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы, Теңіз негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусина Балдырған Әлиқызы
Жақсылық Үшкемпіров
Жақсылық Үшкемпіров
Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандығын қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×