Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі

26 сәуір 2018, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі
Конспект
Көшпелілер жазда – жайлауға, күзде – күзеуге, қыста – қыстауға, көктемде – көктеуге көшіп жүрген.
Күзеу – қыс жақындағанда қоныстанатын, қыстауға жақын жайылым. Халық жиналысы өткізіліп, ру мен тайпаның маңызды мәселелері шешілген.
Қыстау – жылы қоралары бар тұрақты орын. Ерте көктемде мал қыстауда төлдетіледі.
Көктеу – қыстан қиналып шыққан түлік ұзап алысқа өрістей алмайтын және мал төлдеп жатқан кездегі қора маңындағы жайылым.
Көктеу шоқылар мен қыраттарда орналасқан. Көктеуде ежелгі мереке – Наурыз мейрамдалған. Бұл мереке бұдан 3000 жылдай бұрын пайда болған. Көктемгі және күзгі жайылымдарда қой мен түйе қырқымы жүргізілген.
Жайлау – малды алысқа ұзатып жаятын жайылым. Жайлауда үйлену тойы, әр түрлі ойын - сауық, ат жарысы, күрес өткізілген және жыршылардың жыры, ақындар айтысы тыңдалған. Қысқы азық - түлік әзірленген.
Көшпелі мал шаруашылығының бірнеше түрі болған.
Таза көшпелі тұрмыс – еліміздің батысы мен орталық аудандарында қалыптасқан.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы – Қазақстанның шығысында, Алтай мен Тянь - Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында дамыды.
Отырықшылық – оңтүстіктегі Сырдария, Шу, Келес өзендерінің бойында болған.
Киіз үй екі бөліктен – ағаш қаңқадан және жабуға арналған киізден құралған.
Ағаш қаңқа үш бөліктен тұрады: кереге – киіз үйдің негізі, уық – керегеге байланып, шаңырақты көтеріп ұстап тұратын бөлігі, шаңырақ – дөңгелек немесе конус тәрізді етіп жасалған төбесі. Көшпелілер киіз үй ішіндегі ошақты киелі санаған.

Конспект сұрақтар
1. Киіз үйдің негізгі бөлігі:
2. Батыс және Орталық Қазақстанда қалыптасқан шаруашылық түрі:
3. Жайлаудағы мал жаю тәсілі:
4. Наурыз мейрамы пайда болды:
5. Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші - қон түрлері:
6. Қыстау дегеніміз:
7. Көшпелілердің негізгі баспанасы:
8. Қанша үй ауылды құраған:
9. Қай жайылымда малды алысқа шығарып жаятын болған:
10. Киіз қандай негізі 2 бөліктен құралған:
Тақырыптың тесті

Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі. жүктеу
4 818
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру. Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу.
Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
II БӨЛІМ. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы Конспект Адамдар жылқыны азық және мініс көлігі ретінде пайдаланды. Жылқы суыққа төзімді әрі қыста тебіндеп жайылады, шөпті қар астынан тұяғымен аршып алады. Металл
Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы
Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы
Оқушыларға көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен пайда болу себебін, малшылардың ғасырлар бойы мал өсіру, баптау мәдениетін сақтай отырып, үзбей көшіп жүруін және баспаналары туралы ашып айтып, жаңа сабақты меңгерту.
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын сипаттайды. Жыл мезгілдерін, жайылым түрлерін айта алады. Төрт түлік малдан алынатын өнімдерді атайды.
Көшпелі бақташылық - шаруашылықтың негізгі түрі
Көшпелі бақташылық - шаруашылықтың негізгі түрі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Толегенова Мончак
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×