Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қара сөздер. Абайдың отыз жетінші қара сөзі

13 қараша 2018, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Қара сөздер. Абайдың отыз жетінші қара сөзі

ОТЫЗ ЖЕТІНШІ СӨЗ

Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.

Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.

Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады.

Әкесінің баласы - адамның дұшпаны.
Адамның баласы - бауырың.

Ер артық сұраса да азға разы болады.
Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.

Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың.

Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.

Адам баласын заман өсіреді, кімде - кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват.
Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.

Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?

Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың, қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?

Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны.

Қуанбақтық пен бақ – мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі - ақ к... н ашпайтұғын ақылы бойында қалады.

Егер ісім өнсін десең, ретін тап

Биік мансап - биік жартас

Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,
Екпіндеп ұшып қыран да шығады;

Жікшіл ел жетпей мақтайды,
Желөкпелер шын деп ойлайды.

Дүние - үлкен көл,
Заман - соққан жел,

Алдыңғы толқын - ағалар,
Артқы толқын - інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер.

Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық;
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық.

Тоқ тіленші - адам сайтаны,
Харекетсіз - сопы монтаны.

Жаман дос - көлеңке:
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың;
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың.

Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас;
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.

Қайратсыз ашу - тұл,
Тұрлаусыз ғашық - тұл,
Шәкіртсіз ғалым - тұл.

Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің
Абайдың басқа да қара сөздері
14 974
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қара сөздер. Абайдың отыз алтыншы қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың отыз алтыншы қара сөзі
Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: «мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген.
Қара сөздер. Абайдың отыз бесінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың отыз бесінші қара сөзі
Махшарға барғанда құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт - соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат үшін, сый-құрмет алмақ үшін қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт болғандарды бір бөлек қояр дейді.
Қара сөздер. Абайдың жиырма үшінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың жиырма үшінші қара сөзі
Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш дегендер бар. Оның қуанышы - елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса, қуанады. Айтады: құдай пәленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз
Қара сөздер. Абайдың бірінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың бірінші қара сөзі
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре - көре келдік.
Өлмейтін сөздің иесі
Өлмейтін сөздің иесі
Ұлы адам дәрежесінде жеткен тамаша гуманист, ойшыл, философ, ұлы ақын, өмір сүрген заманның әлеуметтік сипатын айқындау. Абай, Зере, Ұлжан бейнесін таныту.
Абай Құнанбаев "Отыз жетінші сөз"
Абай Құнанбаев "Отыз жетінші сөз"
БҚО, Казталов ауданы, Қараөзен мектеп - лицейі Тасқалиева Альбина Ерболатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×