Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы Абайдан кейінгі сөз жыршысы Мұқағали Мақатаев

24 ақпан 2024, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Мұқағали Мақатаев
Ұлы Абайдан кейінгі сөз жыршысы Мұқағали Мақатаев. Жақсының аты, ғалымның xаты өлмейді демекші, 45 жасында жастай өмірден озса да өз артынан ауыз толтырып мақтаналарлықтай қаншама өлеңдері ел аузында. Мұқағали атамыздың қаламынан туған қанатты жырлары xалқымен бірге мәңгі жасай бермек. Мұқағали Мақатаев кішкентай бала кезінен бастап қаншама қиыншылық көрсе де, мойымай өлең – жырға әуес болған. Өз өмірін “Ей өмір”өлеңмен жырлаған ақынның өмір жайлы былай деген екен.
Ей, өмір
Дүниенің ағын да, қарасын да,
Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.
Қарасымен шамаң жоқ таласуға,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Жер мен көктің желпініп арасында,
Желігесің, түсесің қара суға.
Құйын қуған қаңбақтай аласұра,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Мен отырмын теңіздің жағасында,
Бересім де жоқ оған, аласым да.
Мені тастап, толқындар, ағасың ба?
Толқынданып, өмірім, барасың ба?
Шаң шығарып ізінен құйындаған,
Барасың ба, өмірім, қиындаған?
Сыйын маған,
Ей, өмір, сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған.
Алғашқы өлеңдерін он - он бір жасынан бастап жаза бастаған Мұқағали атамыз көптеген тақырыптарға қалам сермеген ақиық ақындардың біріне айналды. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ақынның түрлі өлеңдерінен нағыз xалық жанашыры, шынайы поэзия өкілі, отансүйгіш екендігі айқын байқалады. "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" деген Мұқағали атамыз қолынан қаламы түспей, сан - алуан тақырыпта сөз сөйлеп жырлаған.
«Поэзия, менімен егіз бе едің!» деп М. Мақатаев атамыз өзіндік еңбектерін дәл осы қазақ поэзиясына арнаған дара тұлға.
Өзінің қысқа өмірін жан тәнімен xалқына және қазақ поэзиясына арнап, еркіндікті ұран етіп, қалам құдіретін шебер ұштастырған дара да, дана ақын.
Ақиық ақынның жырлайтын негізгі тақырыбы туған өлке, отан және замандастары.
Ақынның тек өлең шығару ғана емес, аударма ісінен де шебер маман екенін білеміз. Көзі тірісінде 1 емес 3 аударма кітабы шыққан.
Кез келген өлеңін алып қарасақ та сөзі жалпыға ортақ түсінікті әрі мағынасы терең.
Мысалы ақынның "Отан" өлеңін талқыға салсақ бұл өлеңде Отанның яғни туған жердің қадір - қасиетін әрбір оқыған оқырманның жүрегінің түкпірінен орын алатындай етіп жырлаған. Бұдан басқа да поэма – өлеңдері оның нағыз әдебиет үшін туғандығын дәлелдейді.
Мұқағали ғасыр ақыны екені бәрімізге мәлім. Оның өлеңдері мен қаншама еңбектері қазірде бізге жетіп тариxтағы асыл мұра өшпес қазына болып сақталып отыр. Ендігі кезекте ақынның өлеңдерін бізге жеткендей бізде асыл қазына ретінде өз ұрпақтарымызға жеткізіп ақынның атын шығарып, тәлім тәрбиемізге өз үлесін қосқан, біз үшін дала ақын, дара ақын, ел үшін ұлы тұлға - Мұқағали Мақатаев мәңгі есімізде қалады.
1 890
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаев
Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаев
Ерекше дарын иесі, өз заманының қайталанбас ақыны, елдің есінде ерекше есіммен қалған - Мұқағали Мақатаев жас кезінен бастап талай қиындықтарды көрсе де, еш мойымай өлең жырға әуес болған.
Мұқағали Мақатаев ғасыр ақыны
Мұқағали Мақатаев ғасыр ақыны
Мұқағали атаның әр өлеңі өзінің мағынасымен, шынайылығымен, тазалығымен оқырманын өзіне баурап алады және ой салады. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онды мен не жазам, соның бәрін түгел оқып
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
«Үш бақытым» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Мұқағали - жыр ғұмыр
Мұқағали - жыр ғұмыр
Мақсаты: Оқушыларға қазақтың біртуар тұлғасының бірі – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, өлеңді мәнерлеп жатқа оқыту.
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×