Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эссе: Поэзияның асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев

13 желтоқсан 2018, Бейсенбі
ІЗГІ ПЕДАГОГ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ЕҢБЕГІНЕ ЭССЕ

«Поэзияның асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев» (1931 - 1976)
Эссе
Ізгілік педагогикасының классиктерінің бірінің адамгершілік өмір салты туралы және оның бір шығармасын оқудан алған жеке әсерім
«Өмірім, сірә да, әріден басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған...»
Ғажайып ақындардың бірі – Мұқағали Мақатаев кішкентай бала кезінен бастап қаншама қиыншылық көрсе де, мойымай өлең – жырға әуес болған. Алғашқы өлеңдерін он - он бір жасынан бастап жаза бастаған Мұқағали атамыз көптеген тақырыптарға қалам сермеген ақиық ақындардың біріне айналды. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген. Мұқағали атаның әр өлеңі өзінің мағынасымен, шынайылығымен, тазалығымен оқырманын өзіне баурап алады және ой салады.
Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқан шеберлікпен бере білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты өте жоғары, өлең шығару дарыны бар үлкен талант иесінің қолынан ғана келеді. Сондай таланттардың бірі, поэзия әлемінің асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев.
Мұқағали аға - өмірінің соңына дейін қолынан жүйрік қаламы түспеген, қазақтың қара өлеңінің құдіретіне, терең сырына қаныққан ақын. Сөз құдіретінің мән - мағынасын терең түсініп, сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелейтін Мұқағалидай ақын кемде - кем.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа - тұс келген Мұқағали өлеңді он - он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960 - 1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
Мұқағали Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т. б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.
Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады., ол туралы: «Мен жырлаймын, Сырласамын, Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын. Келмейді жыр жасағым» немесе «Тіпті де мен емес - ті «Мен дегенім... Өзгенің жан - сырын ұғу үшін. Өзімді зерттегенді жөн көремін»- дейді.
Мұқағали шығармашылығының тәні «өзін - өзі» зерттеуден тұрады. Мұқағали поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды. Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезімінде. Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқымайтын қазақ жоқ. Соншама әсерлі жырлары менің де жүрегімді жаулап алған. Сондай - ақ үлкендерді сыйлау, құрметтеу, ізет көрсету де ұрпақтан - ұрпаққа сабақтасын келе жатқан дәстүрдің бір түрі.
Мұқағалидың «Тоқта, ботам, атаң келеді артыңда» өлеңінде:
Әй, болашақ! Қарт келеді зиялы,
Кейімесін ата қыран ұялы.
Сен сыйласаң, сәби шақтың бір сәтін
Атаң саған ұзақ ғұмыр қияды.
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда.
Дария шалқар даналығын ал, тыңда!
– десе, «Көшеде шық» өлеңінде:
Жалған – ай, Жарасымды – ау ізет деген!
Иілген біз отпенен, сіз отпенен.
Қасиетін халқының сыйламайды,
Атасының күзетпеген.....
Өсиетін бабаңның орындай сал,
Ешкім кетпейді тоныңды алып, - деуінің өзі қандай жарасымды айтылған. Ақынның халықтық дәстүрді көре білу, оны ақын жанымен сезіне білу мен жырлай білуінде өзгеге ұқсамайтын өзгешелік бар. Мұндай өлеңдерінде халық дәстүріне деген шексіз сүйіспеншілігін аңғартып отырады.
Әйгілі академик Зейнолла Қабдолов «Сөз өнері» атты монографиялық ғылыми оқулығында Мұқағалидан мысал келтіре отырып.
Анасы, босат, еркімен өссін тал - шыбық!
Ауа мен күнге, ай менен нұрға малшынып.
Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы,
Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық!
Ақынның тал шыбығы да, кішкентай жүрегі де – өзінің сәби көңілінде.
«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын қуаныштан туған». Өзгенің жан - сырын ұғу үшін. Өзімді зерттегенді жөн көремін»- дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні «өзін - өзі» зерттеуден тұрады. Мұқағали поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды. Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезіміде.
«Ей, безілдектер, Сендер емессіңдер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді де. Мен өзім жайында мынаны айтам: мен жиырма бірінші ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да…»

№ 8 гимназиясы КММ
Қарағанды облысы Жезқазған қаласы
Кулмурзаева Нурсулу Оразбаевна
Эссе: Поэзияның асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев жүктеу
28 085
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаев
Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаев
Ерекше дарын иесі, өз заманының қайталанбас ақыны, елдің есінде ерекше есіммен қалған - Мұқағали Мақатаев жас кезінен бастап талай қиындықтарды көрсе де, еш мойымай өлең жырға әуес болған.
Мұқағали Мақатаев – қайталанбас дара тұлға
Мұқағали Мақатаев – қайталанбас дара тұлға
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі. Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
Мұқағали Мақатаев ғасыр ақыны
Мұқағали Мақатаев ғасыр ақыны
Мұқағали атаның әр өлеңі өзінің мағынасымен, шынайылығымен, тазалығымен оқырманын өзіне баурап алады және ой салады. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онды мен не жазам, соның бәрін түгел оқып
Бүгін менің туған күнім!
Бүгін менің туған күнім!
Дайындаған: Ақпейіл Курманбаева
Поэзияның асқар шыңы - Мұқағали Мақатаев
Поэзияның асқар шыңы - Мұқағали Мақатаев
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×