Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сіз деген - әдеп, біз деген - көмек

15 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Тақырыбы: Сіз деген - әдеп, біз деген - көмек
Құндылығы: Дұрыс іс - әрекет
Қасиеттері: Сыйластық, мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық.
3 - сынып
Мақсаты: Әдептілік, әдемілік туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
- Бірлесіп әрекет етуге дамыту:
- Өзара көмекке және ізгілікке тәрбиелеу, түсініктерін кеңейту:
Ресурстар: Оқулық, дәптер, үнтаспа

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу
Тыныштық сәті: Нұрға бөлену
Үй тапсырмасы:
12 - сабақтағы «Бірлік» әңгімесін оқып келу.
Әңгімелесу:
Сабақ тақырыбын ашу мақсатында «Бірлік» мәтінін оқу ұсынылады. Мұның өзі оқушылардың сезімін ұштауға септігін тигізері сөзсіз. Жақсылық жасау адамның жеке басының қасиеттерімен байланыстылығы, қоғамдық ортаның ықпалы және адамның жаратылысымен де астасып жататыны жасырын емес.
Жақсылық жасау адамның ішкі жан тазалығынан, өз пайымдауынан ішкі қажеттілігінен туындап жатуы маңызды екенін айтқан жөн.

Бірлік
Данияр мектептен келсе, үйдің алды омбы қар боп қалыпты. Ол тамағын ішті, аздап демалды да аулаға шықты. Қорадан қол шанасын алып, оған талдан тоқыған қорапты таңып бекітті. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кірісті. Қорапқа қар толтырып, шанамен сырғытып, оны алысқа апарып төгеді. Жалғыз өзі қанша қимылдаса да, ісі өнбеді.
- Данияр! Кел, мен саған көмектесейін, - деді көрші үйдегі досы Нариман. Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты.
- Содан кейін бірігіп біздің үйдің алдын тазалайық, жарай ма?
- Жарайды, - деді Данияр қуанып.
Екеуі екі шанамен қар толтырып тасып, жұмысты тез аяқтады. Осыдан кейін Нариманның үйінің алдына келді. Бұлардың жанына көмекке көрші үйдегі Берік пен Серік келді. Төртеуі ойнап - күліп жүріп, қызу еңбекке кірісті. Олардың бұл істеріне үлкендер сүйсіне, қызыға қарайды.
- Алақай! Екі сағатта бәрін бітірдік! – деп айқайлады балалар. Осылайша, төрт дос күш қосып, төрт үйдің алдын лезде - ақ қардан тазалап шықты. Мұның аты – бірлік еді.
1. Әңгіме не туралы айтылған?
2. Басты кейіпкер кім?
3.« Бірлік» дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Жалғыз болып істеген жұмыстан, көп болып жасаған жұмыстың айырмашылығы бар ма?

Ойын жаттығу:
Мұғалім ортадағы үстел үстіне үй макетінің қатты қағаздан қиылып жасалған іргетасын, керегелерін, шатырын, есік терезесін жайып қояды. Әр қағаздың арғы бетіне мақал – мәтелдердің бір сөзі қалдырылып жазылады.
Балалар мақал - мәтелдерді құрастыра отырып үй макетін жасайды.
1. Бала тәрбиесі -....... бесіктен
2. Адам -....... әдебімен көрікті
3. Тәрбие басы -...... тал бесіктен
4. Өзіңді - өзің сыйламасаң -...... өзгеден сый дәметпе
5. Үлкенді сен сыйласаң -...... кіші сені сыйлайды
6. Әдепсіз өскен баладан -.... тәртіппен өскен тал артық
7. Әдепті бала -.... арлы бала

Дәйексөз
«Көп жүрген жер - көңілді»
«Көп еңбегі - өнімді»
Көппен бітетін жұмыстың пайдасы қандай?
Сахналау: Бес нәрсеге асық бол. (Балалар өлеңді сахналап көрсетеді. Рольдер балалардың қалаулары бойынша бөлінеді)
Қатысушылар: Мұғалім, Қанағат, Рақым, Терең ой, Талап, Еңбек
Ән: Мен әдепті баламын. И. Нүсіпбаев
Үй тапсырмасын беру:
66 - бет. Н. Баймухамедовтың «Айгөлек» әнін мәнерлеп оқып, жаттап келу.
Соңғы тыныштық сәті (музыка әуенімен)
Балалар, бүгін біз сендермен «ізеттілік», «бірлік», «қамқорлық» туралы сөйлестік. «Жалғыз ағаш орман болмас» деген ғажап сөзді есімізге түсірсек, сыйластық бар жерде қамқорлық бар екендігіне көзіміз жетті. Жүрегімізде орын алған үлкен сүйіспеншілік сезімдерімізді!
(алақанға үрлеп жолдайды)
10 183
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сіз деген - әдеп, біз деген - көмек
Сіз деген - әдеп, біз деген - көмек
Балалардың «сыйластық», «қамқорлық», әдептілік, әдемілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Жүрек жылуы
Жүрек жылуы
Мақсаты: Балалардың бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту.
«Сіз» деген - әдеп, «біз» деген – көмек
«Сіз» деген - әдеп, «біз» деген – көмек
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Достанова Рая Жеңісқызы
Татулық - бірлік бастауы
Татулық - бірлік бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Жақсы сөз жарым ырыс
Жақсы сөз жарым ырыс
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
өзін-өзі тану
өзін-өзі тану
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл бала мен қыз бала Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×