Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарым – қатынас жарастығы

09 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Қарым – қатынас жарастығы.
Мақсаты: - Мұғалім, ата - ана, оқушы арасындағы қарым - қатынасты жақсарту;
- Ата - ана мен мектеп арасындағы қарым - қатынасты дамыту;
- Алға қойған мақсатқа жету жолындағы қиыншылықтарды жеңе білуге оқушыларды тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сахналау, ойтүйін жасау, сұрақ – жауап, ойын жаттығу.
Түрі: тренинг – сабақ, Сыныптан тыс

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды шаттық шеңберге шақырып бір - бірімен амандастыру.
ІІ. әңгімелесу.
Оқушыларға әр түрлі сұрақтар қою арқылы сабақтың мақсатын ашу.
1. Адам өмірін жалғыз өткізе ала ма?
2. Адамдармен қарым - қатынасты қалай құру қажет деп ойлайсың?
3. Адамдар арасындағы реніштің тууына не себеп болады?
4. Күншіл, қызғаншақ адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?
5. Кешірген оңай ма? кешірім сұраған оңай ма?
6. Кешіре білу үшін адамдардың бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?
7. Дос деген не? Қалай түсінеміз?
8. Айналадағы ортамен қалай қарым - қатынас жасау керек?
9. Жаныңдағы адамдардың жақсы қасиеттері жайлы ойлайсың ба?
10. Өзіңді басқа адамдардың орнына қоя аласың ба?

ІІІ. Дәйексөз
«Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген Абай Құнанбайдың нақты сөзінің мағынасын ашу.
IV. Жағдаяттық талдау.
1) Жанар қандай да бір жарыссөзге түсерде, оның ойында тек қана қайткенде де қарсыласынан сөзден ұту ниеті ғана тұратын. Қанша ұтымды ойлар айтқанмен, ол жеңіліске ұшырып қалатын. Себебі не леп ойлайсыңдар?
2) Бір үйдің екі қызы бар. Ата – анасы екеуіне бірдей жағдай жасайды. Бірақ ағайынды екі қыздың бірі ылғи, ешнәрсеге көңілі толмай, көңілсіз жүреді. Ал екіншісі керісінше шат – шадыман. Себебі неде?
3) Самат қанша әуреленсе де, есепті шығара алмай қойды. Мектепке келе сала көршісі Зейнептің дәптерін сұрап, одан көшіріп алды. Алғашқыларын көшіріп, келесі есепке келгенде, Зейнептің қатесін байқап қалды. Бірақ Самат өз дәптеріне есептің шешуін дұрыстап жазды. Алайда ол бұл тұралы Зейнепке айтқан жоқ.
4). Сыныптас қыздар мереке қарсаңында би кешіне баратын болды. Олар кешке киетін көйлектері жайлы жарыса айта бастады. Айша ғана үнсіз. Би кешіне жеткен қыздар айна алдына жиналды. Бір - бірі қызыға қараған қыздар Айшаның жоқ екенін байқады...

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 483
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы жарасымды қарым - қатынас туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
Сыйласаң - сыйлы боласың
Сыйласаң - сыйлы боласың
Дос, туыс, жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту Дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру Достық, туыстық, сыйластық қарым - қатынас жасай білуге тәрбиелеу
Қарым - қатынаста біз қандаймыз?
Қарым - қатынаста біз қандаймыз?
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Пшанова Гульнур Абубакировна
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы орта мектебі педагог - психолог Мирзаканова Жанар Авабакриевна
Ұжымдағы адам
Ұжымдағы адам
Адамдардың қарым - қатынасы дегеніміз - өз ара пікірлесу ақпарат алмасу идея бөлісу.
Қарым - қатынас жарастығы
Қарым - қатынас жарастығы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сейітова Гүлзада
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×