Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физика құрметтеуге лайық!

12 желтоқсан 2014, Жұма
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: «Физика – құрметтеуге лайық!» интеллектуалдық ойыны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың физика пәнінен алған білімін толықтырып, жетілдіру
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, бақылау, зерттеу, салыстыру қабілетін дамыту
Тәрбиелік: дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне - өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету іскерліктерін, білім сапасын арттыру
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: нақыл сөздер, плакаттар, презентация

Ұйымдастыру кезеңі:
І. ТОПТАРДЫҢ ТАНЫСТЫРУЫ
ІІ. ТАБИҒАТТЫҢ СЫРЫН АШҚАН ТҰЛҒАЛАР
ІІІ. ДОМИНО
ІV. ҚҰПИЯ ЖӘШІК
V. КІМ КҮШТІ?
VІ. КАПИТАНДАР САЙЫСЫ
VI. МАРАПАТТАУ

Сабақ барысы:
«Таланттылар терін төгіп, толғансын, тұлпарлары топ жарыста, жүлде алсын», - деп бүгінгі «Физика – құрметтеуге лайық!» атты интеллектуалдық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жан достарым,
Мұны жақсы ұғайық
Физика
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәнін де
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес физикасыз түсіну,
Физика – дүние кілті бүгінде.

Айдан хабар алғызған,
Зәулім үйді салғызған,
Теңіз суын каналмен
Шөл далаға барғызған
Физика емей немене?

Табиғат сырын аштырған,
Тоқпенен қазан астырған
Миллион гектар астықты
Комбайнмен бастырған
Физика емей немене?

Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай - «адамды»
Тіл бітіріп сөйлеткен
Физика емей немене?

Білмегенді білдірген,
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Физика емей немене?

І. ТОПТАРДЫҢ ТАНЫСТЫРУЫ
Бүгінгі сайысымызға қатысқалы келген топтармен таныс болыңыздар: «Тұлпар», «Сұңқар», «Алғыр».

ІІ. ТАБИҒАТТЫҢ СЫРЫН АШҚАН ТҰЛҒАЛАР
Бұл бөлімде әрбір топқа 2 сұрақтан беріледі, сұраққа топ болып жауап беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 5ұпай.
1. Ғалымның атын жеңілдік арқылы табу:
- Оны “СЕР” деп атаған.
- Оны классикалық механиканың атасы деп атаған.
- Оның құрметіне күштің өлшем бірлігіне аты берілген. /И. Ньютон/
2. Ғалымды суреті арқылы табу.
Ашқан жаңалығы?

Мониторда бейнеленген сурет арқылы кім екенін, қандай жаңалық ашқанын атаңдар? /Г. Галилей/
3. “Зарядты” ашқан ғалым? /Ш. Кулон/
4. Мына ғалымдардың қайсысы физик емес?
- Архимед
- Ньютон
- Гагарин
- Ломоносов
- Паскаль
- Торричелли / Ю. Гагарин/
5. Қысымды зерттеген ғалымдар? / Паскаль, Торичелли/
6. Электрон зарядының мәнін тәжірибе жүзінде анықтаған ғалым? /Р. Милликен/

ІІ. «ДОМИНО» ОЙЫНЫ
Ойынымыздың келесі айналымы «Домино». Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек: келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.
Сөздер:
Диффузия – атом – разряд – Кирхгоф – сәуле – фокус – магнит – Ампер – оптика – тізбек – ядро. Бірінші аяқтаған топқа 5 ұпай.
/Ампер – разряд – диффузия – ядро – оптика – атом – магнит – тізбек – Кирхгоф – фокус - сәуле/

ІV. ҚҰПИЯ ЖӘШІК. Бұл бөлімде үш топ жұмбақтың тақырыбын таңдайды. Жұмбақтың бірінші сөйлемінен - ақ бірден жауап берсе ұпай, екінші сөйлемнен жауап берсе 3 ұпай, үшінші сөйлемнен жауап берсе 2 ұпай, соңғы сөйлемнен жауап берсе 1ұпай.
Жанды нәрсе туралы
а) Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді 5 ұпай
б) Жүрегіңнің қуаты 2. 2 Вт 3 ұпай
в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді 2 ұпай
г) жердегі ең ақылды кім? 1 ұпай
/АДАМ/

Қандай зат?
а) Адам организмінде бар зат 5 ұпай
б) Заттың үш күйінің біреуі 3 ұпай
в) Үш күйде де бола алады 2 ұпай
г) Жерде онсыз өмір жоқ 1 ұпай
/СУ/

Қорапта қандай физикалық дене бар?
а) Зерттеу жұмыстарына құрал ретінде қолданылады 5 ұпай
б) Іші ауаға толы 3 ұпай
в) Спортшы осы денемен дос 2 ұпай
г) Шар тәріздес 1ұпай
/ДОП/

V. КІМ КҮШТІ? Әрбір топтан бір адамнан шығып, көрсетілген формуланың атын атайды. Мысалы, F = - F. Ньютонның үшінші заңы. Әрбір топқа 3 формуладан жасырылады. Топ мүшесі жауап бере алмай қалған жағдайда басқа топтың мүшесі жауап беріп, ұпайды иелену мүмкіндігі бар.

VІ. КАПИТАНДАР САЙЫСЫ. «Тұлпар», «Сұңқар», «Алғыр» топтарының капитандарына 8 сұрақтан дайындалған. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпайдан.

1 - топқа:
- Бір зат молекулаларының басқа зат молекулаларына ену құбылысы?/Диффузия/
- Заттың ең кішкентай бөлігі? /Атом/
- Қысымды қандай аспаппен өлшейді? /Барометр/
- Ток күшінің өлшем бірлігі? /Ампер/
- Жұмыстың өлшем бірлігі? /Джоуль/
- Температура тұрақты болатын процесс?/Изотермиялық/
- Молекулалары бей - берекет үлкен қозғалыста болатын заттың агрегаттық күйін ата./газ/
- Басқа денелер әсер етпегенде дененің өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы қалай аталады/Инерция/

2 - топқа:
- Физика нені зерттейтін ғылым? /табиғит/
- Дененің ішкі энергиясын өзгертудің неше тәсілі бар?/екі, 1. Жұмыс жасау арқылы 2. Жылу берілу арқылы /
- Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі? /Джоуль/
- Кедергінің өлшем бірлігі? /Ом/
- Жылу берудің неше түрі бар? /1. Сәуле шығару 2. Конвекция /
- Ньютонның екінші заңының формуласы /F=ma/
- Тізбекті жалғаудың қандай тәсілдерін білесің? /тізбектей, параллель/
- Молекулалардың ретсіз қозғалысы? /жылулық қозғалыс/

3 - топқа:
- Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы? /электр тогы/
- Кернеуді өлшеуге арналған аспап?/Вольтметр/
- Зарядтың өлшем бірлігі? /Кулон/
- Қуаттың өлшем бірлігі?/Ватт/
- Таза металдардың кедергісінің нөлге дейін төмендеу құбылысы? /Асқын өткізгіштік/
- Атомның планетарлық моделін жасаған кім? /Резерфорд/
- Өткізгіштің материалын сипаттайтын шама? /меншікті кедергі/
- Будың сұйыққа айналу процесі? /конденсация/

Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасында, бүгінгі күн жеңімпазын марапаттау құрметін сіздерге береміз!
Осымен бүгінгі біздің «Физика – құрметтеуге лайық!» атты интеллектуалдық сайысымыз өз мәресіне жетті, келіп тамашалағандарыңызға рахмет.
Сау болыңыздар!
11 656
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысым қызықтары
Қысым қызықтары
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Муканов Жумабек Нагимович
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану - математика апталығының ашылу салтанаты 1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Жаратылыстану - Математика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Ғажайып информатика
Ғажайып информатика
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №248 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Меңдалиева Райса
Информатика жұлдыздары
Информатика жұлдыздары
Ойынның мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру
Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)
Әлем нақты ғылымдар тілінде (МИФ бірлестігі апталығының ашылу жиыны)
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Азат Сейылқан
Физика пәнінен дайын стендтер
Физика пәнінен дайын стендтер
Физика пәнінен дайын стендтер Бұл жинақтан физика пәнінен дайын стендтерді таба аласыздар. Сәттілік тілеймін!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×