Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заттың тығыздығы

21 наурыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Айымжан орта мектебінің физика пәні мұғалімі Хабаева Г. С.

Тақырып: Заттың тығыздығы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Тығыздық ұғымымен таныстыру, алған білімдерін тұрмыста қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Пікір таластыруға, шығармашылықты дамытуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың барысы:
I. Қайталау. «Сөзжұмбақ»
1. Аспан денелерін зерттейтін ғылым. (астрономия)
2. Жүрілген жолды уақытқа бөліп, қандай физикалық шаманы анықтаймыз. (жылдамдық)
3. Уақыттың туынды бірліктерінің бірі. (ғасыр)
4. Негізгі өлшем бірлігі секунд болатын қандай физикалық шама. (уақыт)
5. Дененің сапалық текшелігін сипаттап, оны құрайтын не? (зат)
6. Температураның өздерің білетін өлшем бірлігі.
(градус)
7. Табиғатты зерттеудің үш әдісінің бірі. (бақылау)
8. Қандай күйінде зат өзінің пішінін де, көлемін де
сақтайды. (қатты)
«Сөзжұмбақ» түгел шешілгенде ұзындығынан «Тығыздық» деген сөз шығады.
Т
Ы
Ғ
Ы
З
Д
Ы
Қ

ІІ. Ойын. «Ұшты, ұшты – қарға ұшты» - ойынының шарты бойынша сөз ішінен тек затты білдіретін сөзді оқығанда ғана қолдарын көтеру. 10 сөз: ұшақ, болат, шеге, ағаш, темір, қасық, су, шыны, тақта, сынап.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мысалы: Сынып бөлмесінің ішінде 20 адам отырса, екінші жағдайда 100 адам отырса, екінші жағдайында адамдар тығыз отыр дейміз. Тығыздық та жылдамдық, жол, уақыт, масса сияқты физикалық шама сондықтан оның белгілі бір белгісі, өлшем бірлігі болады.
ρ → (ρо) – грек әрпі → бірлігі (кг/м ³)
1. Мысал: Массалары бірдей екі шар, бірі болат, бірі пластилин. Болат шардың V кіші, себебі ρ көп, ендеше ρ пен V бір - біріне кері шамалар.

2. Мысал: Көлемдері бірдей екі цилиндр, бірі болат, бірі алюминий. Болат цилиндр ауыр, себебі ρ көп, ендеше ρ мен m бір - біріне тура пропорционал шамалар.

Таразының көмегімен өлшеу арқылы бұған көз жеткізуге болады.

Болаттың бөлшектері пластилин мен алюминийге қарағанда тығыз орналасқан. (218 беттегі 6 – 7 – 8 кестені пайдаланамыз) айсбергтердің суға батпайтын себебі де сол екен. Қатқан кезде судың көлемі ұлғаяды, яғни олардың бөлшектерінің арасы алшақтайды, тығыздығы кемиді. Кеме жайлы да айту керек. Кеменің көп аумағын ауа толықтырып тұрады.
3. Тәжірибе: №1. Үш сұйықты бір пробиркаға құйып, қалай орналасатынын бақылау.

Болаттың бөлшектері пластилин мен алюминийге қарағанда тығыз орналасқан. (218 беттегі 6 – 7 – 8 кестені пайдаланамыз) айсбергтердің суға батпайтын себебі де сол екен. Қатқан кезде судың көлемі ұлғаяды, яғни олардың бөлшектерінің арасы алшақтайды, тығыздығы кемиді. Кеме жайлы да айту керек. Кеменің көп аумағын ауа толықтырып тұрады.

3. Тәжірибе: №1. Үш сұйықты бір пробиркаға құйып, қалай орналасатынын бақылау.
1. Сынап ρ = 16000 кг/м ³
2. Су ρ = 1000 кг/м ³
3. Бензин ρ = 710 кг/м ³

№2. Стақанға су мен бензин құямыз да олардың ішіне парафиннен ρ = 240 кг/м ³ жасалған кубиктерді саламыз.
4. Көрініс: Тығыздыққа байланысты «Архимед туралы аңыз».
5. Есеп шығару:
а) Сызғыштың көмегімен ағаш кесегінің көлемін есептеп, оның массасын анықтау.

Берілгені:
ρ = 0, 4 г/см ³
а = 13 см
b = 2 см
с = 4 см
m –?
Шешуі:
ρ = m/V
m = ρ*V
V = a*b*c
V= 13 см*2 см*4 см = 104 см ³
m= 0, 4 г/см ³*104 см³ = 41, 6г
Жауабы: m = 41, 6 г

ә) Сызғыш пен таразының көмегімен бетіне массасы жазылған пішіні тік бұрышты параллелипипедке ұқсас бір кесек сабынның тығыздығын анықтау.
Берілгені:
m = 250 г
а = 8, 5 см
b = 6 см
c = 5см
ρ –?

Үйге тапсырма: Өздерің оқитын сынып бөлмесіндегі ауаның массасын анықтау.
Берілгені:
ρ ауа = 1, 29 кг/м3
а = 6 м
b = 5м
с = 2, 5 м
m –?

Шешуі:
m = ρ*V
V = a*b*c
V = 6 м*5 м*2, 5 м = 75 м ³
m = 1, 29 кг/м3*75 м3 = 96, 75 кг
Жауабы: m ≈ 97 кг

6. Қорытындылау: «Масса», «Көлем», «Тығыздыққа» арналған үш сұрақты оқушылар қалаулары бойынша таңдап алады.
Масса.
1. 1 кг темір ауыр ма, әлде 1 кг мақта ауыр ма?
2. Мына заттардың көлемдері бірдей, кестені пайдаланып олардың массасының ең үлкені қайсысы, ең кішісі қайсысы екенін анықта. (массасы үлкені – болат, массасы кіші – ағаш)
3. Массасы 500 000 тонна кеме суға батпайды, ал массасы 50 г шеге суға батып кетеді, неге? (шеге бір - тұтас тығыз дене, ал кеменің қуыстарын ауа толтырып тұрады)
Көлем.
1. Көлемдері бірдей мұз бен судың қайсысының массасы көп? ( судың)
2. Шөлмек толы суды қысты күні далаға шығарып қойсаң не болады. Себебін түсіндір. (Шөлмек сынады, себебі су қатқанда оның көлемі ұлғаяды, яғни мұздың тығыздығы азаяды, себебі бөлшектердің арасы алшақтайды.)
3. Үш мензурканың біреуіне – көмір қышқылы, біреуіне – бензин, біреуіне – машина майы құйылған. Олардың массалары бір - біріне тең. Көлемдерін салыстыра отырып, қандай сұйық қандай мензуркада орналасқанын анықта. (1 – көмір қышқылы, 2 – машина майы, 3 – бензин.)

Тығыздық.
1. Кестені пайдаланып суға батпайтын қатты заттарды ата (қайың, қарағай, мұз, тығын)
2. Шарлардың массалары өзара тең. Қайсысының тығыздығы көп? (1)

3. Кесек күйдегі ас тұзының тығыздығы 2200 кг/м3, ал ұнтақталған күйдегі ас тұзының тығыздығы 800 кг/м3. Неліктен? (Ұнтақталғанның арасында ауа бар, көлемі үлкен болғанмен, тығыздығы аз болады.)
4. Фокус. «Тіл алғыш жұмыртқа». Үш ыдысқа жұмыртқаны салып көрсету. 1 - ші ыдыста – түбіне батады, 2 - ші ыдыста – ортасында тұрады, 3 - ші ыдыста – бетінде жүзіп жүреді. (Неліктен? Үйде ойлануға.)
5. Үйге тапсырма: §32, 12 – жаттығу (2).

Толық нұсқасын жүктеу
20 240
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тығыздықты есептеу
Тығыздықты есептеу
Өлшем бірліктерді ХБЖ – не келтіре отырып заттың тығыздығына берілген есептерді есептей алады.
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі
дұрыс, дұрыс емес пішінді және сұйықтардың тығыздығын анықтау әдісін сипаттау тығыздықтың анықтамасын білу және тығыздық = масса / көлем формуласы бойынша есеп жүргізу;
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы. Көлемдері бірдей әр түрлі заттардан дайындалған денелердің массасы әр түрлі болады. Мысалы, көлемі 1 м3 темір дің массасы 7800 кг, ал сол көлемдегі қорғасынның массасы — 13000 кг. Көлем бірлігіндегі (яғни, бір куб метрдегі немесе
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы
Білімділік: Оқушылардың заттың тығыздығы тақырыбын игеру барысында алған білімдеріне тереңдету, бір жүйеге келтіру, негізгі ұғымды бекіту.
Физика жылдық тест тапсырмасы 9 сынып
Физика жылдық тест тапсырмасы 9 сынып
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке ауылы, Береке орта мектебі МДШО-ның физика пәні мұғалімі Нұрханова Ләззат Сүйеубайқызы
Күш. Деформация
Күш. Деформация
№1 Шұбарқұдық мектеп – гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Бозшин Бекболат Жағалбайлыұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×