Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заттың тығыздығы

11 қазан 2015, Жексенбі
Категориясы: Физика
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
№ 244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің
физика пәні мұғалімі Кулькеева Айжан Балтабаевна

Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың заттың тығыздығы тақырыбын игеру барысында алған білімдеріне тереңдету, бір жүйеге келтіру, негізгі ұғымды бекіту.
Дамытушылық: Оқушыларға әр түрлі қатты денелердің тығыздығын анықтау арқылы, экспериментке деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы, топпен жұмыс істеуі, өзін - өзі басқаруына ықпал ету.
Көрнекілігі: Тест тапсырмасы, есептер, эксперименттік карточкалар, мензурка, таразы, жүктер жиынтығы, тығыздығы анықталатын әртүрлі заттар. т. б.
Сабақтың типі: кіріктірілген сабақ, сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, жаратылыстану, математика, әдебиет.
Сабақтың әдісі: топтап оқыту, тренинг, демонстрациялық, саяхат, иллюстрациялық.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. масса дегеніміз не?
2. ол қандай әріппен белгіленеді?
3. екі дененің массаларының қатынасы неге тең?
4. массаның өлшем бірліктері қандай?
5. массаны немен өлшейміз?

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

Масса дегеніміз - денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесіе сипаттайтын физикалық шама болып табылады.
Өлшем бірлігі килограмм.(кг)

ІҮ. Жаңа сабақ:

Бізді қоршаған денелердің барлығы қандай да бір заттан: ағаштан, темірден және тағы да басқа заттардан жасалады. Барлық денелердің өздеріне тән пішіні көлемі, ауданы, массасы т. б өлшемдері болады. Денелердің осындай сипаттамаларын өлшеулер жүргізу арқылы анықтаймыз. Мысалы: дененің массасын таразыға тартып анықтаймыз. Дененің массасы оның өлшеміне, қандай заттан жасалғанына тәуелді. Мысалы, 1 м темір 1 м қорғасыннан жеңіл, ал 1 м алюминийден ауыр болады. Демек, көлемдері бірдей денелерді салыстыра отырып, олардың ауыр - жеңіл екендігін анықтай аламыз. Бұдан, заттың қасиетін сипаттайтын тығыздық деп аталатын физикалық шама енгізіледі.
Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады.
ρ = m / v
тығыздық = масса / көлем

Толық нұсқасын жүктеу
22 448
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тығыздықты есептеу
Тығыздықты есептеу
Өлшем бірліктерді ХБЖ – не келтіре отырып заттың тығыздығына берілген есептерді есептей алады.
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі
дұрыс, дұрыс емес пішінді және сұйықтардың тығыздығын анықтау әдісін сипаттау тығыздықтың анықтамасын білу және тығыздық = масса / көлем формуласы бойынша есеп жүргізу;
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы. Көлемдері бірдей әр түрлі заттардан дайындалған денелердің массасы әр түрлі болады. Мысалы, көлемі 1 м3 темір дің массасы 7800 кг, ал сол көлемдегі қорғасынның массасы — 13000 кг. Көлем бірлігіндегі (яғни, бір куб метрдегі немесе
Дененің массасы. Заттың тығыздығы
Дененің массасы. Заттың тығыздығы
Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде әр түрлі дененің инерттілігінің өлшемі, 1 см3 заттың массасын көрсететін шамалар туралы түсінік беру. Осы физикалық шамалардың формуласын және өлшем бірліктерін меңгертіп, өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру.
Масса және заттың тығыздығы
Масса және заттың тығыздығы
Березняк орта мектебінің физика пәні мұғалімі Мухамет Ж.
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы
Мұғалжар ауданы, Қ.Жұбанов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі: Мустакова Динара Жомартовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×