Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар.

23 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы §52, 53, 54 Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар.
Сабақтың мақсаты Оқушыларға магнит өрісі ұғымын қалыптастыруды жалғастыру.
Тоғы бар өткізгіштің және тогы бар шарғының магнит өрісі болатынын түсіндіру, электромагнитті пайдалануға болатынын білу. Электрқозғалтқыш, электр өлшеуіш аспаптар ұғымдарын қалыптастыру және жұмыс істеу принциптерімен таныстыру, магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекетін түсіндіру. Ой - пiкiрлeрiн пaйымды қaлыптacтыру үшiн cөйлeу қaбiлeттeрiн дaмыту. CLIL әдістемесіне сәйкес магнит өрісі туралы мәліметтерді екінші тілде айтуға дағдыландыру. Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже 1. Тогы бар өткізгіштің магнит өрісі болатынын біледі, түсінеді
2. Тогы бар шарғының магнит өрісі болатынын біледі, түсінеді
3. Магнит өрісі мен электр өрісі арасындағы байланысын ажырата алады.
4. Электромагниттің жұмыс істеу принципін түсінеді
5. Бұрғы ережесін, Сол қол ережесін біледі
Қолданылатын әдіс - тәсілдер
 Диалогтік оқыту.
 Сыни тұрғыдан ойлау
 CLIL әдісін кіріктіру
 Бағалау
 Дарынды оқушылармен жұмыс
 Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
 АКТ бейне роликтер мен слайдтар.

Жетістік критерийі
 Тогы бар өткізгіштің де магнит өрісі болатынын біледі, түсінеді
 Магнит өрісін күш сызықтары арқылы графикалық бейнелей біледі
 Тогы бар түзу өткізгіштің, тұйық контурдың немесе соленоидтың магнит өрісін графикалық түрде бейнелей біледі.
 Электромагниттің жұмыс істеуін түсінеді, оны жинайды
 Магнит өрісі мен электр өрісі арасындағы байланысты ажыратады
 Магнитті техникада колданудың маңыздылығын біледі.
Ұйымдастыру
Амандасу

Психология - лық ахуал орнату
Топқа бөлу
Сергіту сәтін өткізу (жағымды психологиялық ахуалды орнату)
Үш тілде үшке дейін санап қайталап айту.

Білу
Үй тапсырмасын тексеру
Құлабызды көрсету.
Тақырып бойынша сұрақ - жауап алынды

Проблемалық сұрақ!
1. Тыныштықта тұрған электр зарядтары өзінің маңында қандай зарядтар туғызады?
2. Ал қозғалыстағы электр зарядтары өзінің маңында қандай зарядтар туғызады?
3. Магниттік өзара әрекеттесу күштерінің пайда болу себебі неде?

Жаңа сабақ тақырыбымен,
Оқу мақсатымен таныстыру
Түсіну Топтық жұмыс
Жеке жұмыс
3 топқа кітаптағы үш тақырыпты бөліп беру, өзара талдайды.

Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы,
«Бейнеу гимназиясы» КММ - нің
жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі
Максымбаева Шолпан Жанбырхановна

Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар. жүктеу
9 607
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Магнит өрісі. Магниттік индукция
Магнит өрісі. Магниттік индукция
Магнит өрісі электр заряды қозғалысқа келгенде ғана пайда болады. Егер заряды тыныш тұрса, онда магнит өрісі пайда болмайды.
Заттардағы магнит өрісі
Заттардағы магнит өрісі
Заттардағы магнит өрісінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері. Магнит ағыны
Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері. Магнит ағыны
Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері туралы түсінік беру. Магнит ағыны туралы мағлұмат беру. Магнит өрісі мен ток арасындағы байланыс туралы түсінік беру.
Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі
Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназияның физика пәні мұғалімі Тулеушова Асел Бақытжанқызы
Магнит индукциясы
Магнит индукциясы
Магнит индукциясы және магнит өрісі туралы түсіндіре отырып, алған білімдерін өмірде тиімді пайдаланып, білім дағдыларын пысықтау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×