Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Магнит индукциясы

12 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№5 кәсіптік лицейдің арнайы пән оқытушысы
Медетьяров Арман Кашакбаевич

Сабақтың тақырыбы: Магнит индукциясы

Сабақтың мақсаты: «Магнит индукциясы» туралы білім беру және тәжірибе жүзінде үйрету.
Білімділік: Оқушыларға магнит индукциясы және магнит өрісі туралы түсіндіре отырып, алған білімдерін өмірде тиімді пайдаланып, білім дағдыларын пысықтау.
Тәрбиелік: Оқушылардың ой санасын білімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.Сонымен бірге әртүрлі
ойын элементтерін пайдалана отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, жылдам қабылдау қасиеттерін дамытып, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен, ұжыммен жұмыс жасау, бірін-бірі бағалау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентациялар, әр топтың бағалау парағы
Пәнаралық байланыс: физика

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: ( 2 минут )
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгелдеу.
3.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4.Топты екі қатарға бөліп, әр қатардан топ басшыларын сайлау.(бағалау парағын беру)

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: ( 10 минут )
Миға шабуыл. сұрақ-жауап әдісі
1.Кім және қай ғасырда электр тогының магнит өрісін ашты?
2.Диамагнитті материалдар дегеніміз не?
3.Парамагнитті материалдар дегеніміз не?
4.Ферромагнитті материалдар дегеніміз не?
5.Ферромагнитті материалдар қайда қолданылады?
6.Магниттің неше түрі бар?
7.Әрбір магниттің неше полюсі бар?

ІІІ. Жаңа сабақ . (25 минут)
1.Мақсат қою және мотивациялау
2.Сабақ жоспарымен таныстыру.
Тәжірибелерге қарасақ, магнит өрісіндегі өткізгішке, оның орнын ауыстыруға тырысатын механикалық күш әсер ететіні байқалады(30, а-сурет).Бұл күштің қалай пайда болатынын былай түсіндіруге болады.Егер өткізгіштің бойында бағыты 30, б-суретте көрсетілген электр тогы өтетін болса, онда магниттің магнит сызықтарының бағыты мен ток тудырған магнит өрісінің бағыты, өткізгіштің сол жағында бірдей болады да, магнит өрісін күшейтеді. Ал өткізгіштің оң жағында магнит өрістері, жалпы магнит өрісін әлсірете отырып, магнит сызықтары өзара бірінен-бірі алады.

Жалпы өрістің магнит сызықтары қысқартуға тырысқан сияқты болып (30, в-сурет), өткізгішке стрелка мен көрсетілген бағытта әсер ететін күш F тудырады.Тогы бар өткізгішке әсер ететін бұл күш, өткізгіштің және оның бойындағы токтың актив ұзындығы ұлғайған сайын артатын болады. Бұл күш сонымен қатар, интенсивтігі аз магнит өрісін тудыратын әлсіз магниттің орнына күшті магнит қолданған жағдайда да ұлғаяды.

Бұл айтылғаннан магнит өрісінің тогы бар өткізгішке түсіретін күші ток күшіне, өткізгіштің актив ұзындығына L және магнит өрісінің интенсивтігіне - магнит индукциясына пропорционал екені шығады:

F=B×I×L
мұндағы F – күш, Н
I – ток күші, А
L – өткізгіштің ұзындығы, м
В – магнит индукциясы, тесла (Тл)
1 Тл = 1 вб/м2
Осы формула тогы бар өткізгіш бір қалыпты магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан жағдайда ғана дұрыс.Егер өткізгіш магнит өрісінде магнит сызықтарына қарай бір α бұрышпен орналасқан болса, онда күш мынаған тең:
F=B×I×L×sin α
мұндағы α – өткізгіш пен магнит сызықтарының арасындағы бұрыш.
Магнит өрісіне орналастырылған тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағытын сол қол ережесі бойынша анықтайды.(34-сурет):
егер, сол қолды магнит өрісінде магнит сызықтары алақанға кіретіндей етіп және жайылған төрт саусақтың бағыты ток бағытына сәйкес келетіндей етіп орналастырса, онда жайылған бас бармақ өткізгішке әсер етуші күштің бағытын көрсетеді.

34- сурет.Сол қол ережесі
Магнит өрісі мен тогы бар өткізгіштің өзара әсерлесуі құбылысына түрліше электр машиналары мен приборлардың құрылысы негізделген. Жоғарыдағы формуладан мынау шығады:
В = F / I × L
Сөйтіп, магнит индукциясы В дегеніміз магнит өрісіне орналастырылған тогы бар өткізгішке магнит өрісінің түсіретін күші арқылы анықталатын шама.

ІV.Жаңа сабақты бекіту. (5 минут)
1.Есептер шығару
Өрістің магнит индукциясы В=1, 5 Тл, өткізгіштің жұмыстық ұзындығы L=0, 4 м және одан өтетін ток I=50 А.Токтың туғызатын магнит өрісі өткізгішке қандай күшпен әсер ететінін есептеп шығарыңдар.
2.Анаграмманы шешу, артық терминді анықтау
Индукция---- ияцкудин
магнит-------- тингам
өткізгіш------- гішөтзік
циркуль------ лукриць
тесла--------- сетал
ампер------- пемар
ток----------- кот

V.Оқушыларды білім деңгейіне қарай бағалау.
Сабақты ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды бағалау үшін әр топ басшысына бағалау параға берілген.Сол парақ бойынша әр оқушының жалпы бағасын шығарады.Оқушыларды осы тақырыпты қаншалықты меңгергенін бағалау парағына қарай қорытындылай отырып, бағалау.

VI.Үйге тапсырма.
1. Оқу §37 Магнит индукциясы 87-90 беттер
2. Егер тогы бар өткізгішке 6 Н күшпен әсер ететін болса, магнит өрісінің магнит индукциясы қандай болады? Өткізгіштің жұмысшы ұзындығы 0, 5 м, ал ондағы ток күші 30 А.
42 461
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Магнит өрісі. Магниттік индукция
Магнит өрісі. Магниттік индукция
Магнит өрісі электр заряды қозғалысқа келгенде ғана пайда болады. Егер заряды тыныш тұрса, онда магнит өрісі пайда болмайды.
Заттардағы магнит өрісі
Заттардағы магнит өрісі
Заттардағы магнит өрісінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар.
Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар.
Тоғы бар өткізгіштің және тогы бар шарғының магнит өрісі болатынын түсіндіру, электромагнитті пайдалануға болатынын білу. Электрқозғалтқыш, электр өлшеуіш аспаптар ұғымдарын қалыптастыру және жұмыс істеу принциптерімен таныстыру, магнит өрісінің
Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері. Магнит ағыны
Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері. Магнит ағыны
Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері туралы түсінік беру. Магнит ағыны туралы мағлұмат беру. Магнит өрісі мен ток арасындағы байланыс туралы түсінік беру.
Магниттік өзара әрекеттесу. Эрстед, Ампер тәжірибелері. Магнит өрісінің күш сызықтары
Магниттік өзара әрекеттесу. Эрстед, Ампер тәжірибелері. Магнит өрісінің күш сызықтары
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектебінің Физика пәні мұғалімі Отегенов Бахтияр Жуманазарович
Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі
Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназияның физика пәні мұғалімі Тулеушова Асел Бақытжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×