Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атмосфералық қысым. Торичелли тәжірибесі

10 ақпан 2013, Жексенбі
Категориясы: Физика
Сабақ мақсаты:
1. Атмосфералық қысымның пайда болу себебі, Торричелли тәжірибесінің мәнісін түсіндіру.
2. Еңбекке, оқуға саналықты, белсенділікті физиканы объективтік шындық ретінде дүниетану тұрғысында түсінігін қалыптастыру.
3. Ойлау мәселені қойып шешуге ұмтылдыру, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Су, стақан, парақ қағаз, жұмыртқа, шыны ыдыс,
медициналық шприц.
Сабақ оқыту әдісі: Проблемалық, дамыта оқыту.
Сабақ құрылымы:
1. Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Ой ашар. - Жаңа сабақ.
4. Ой қозғау. - Өздік жұмыс.
Түртіп алу жүйесі +, -, У,? - Топпен жұмыс.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың дайындығын қарап шығу
Өткенді қайталау үшін сұрақ қойып әңгімелесу.

Паскаль заңын қайталау.
Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай шамаларға тәуелді? Барлық оқушыларға практикалық жұмыс беріледі.
Әртүрлі пішінді ыдыстарға су құйылған. Осы судың ыдыс түбіне түсіретін қысымын есептеу. Оқушылар су бағанының биіктігін сызғышпен өлшеп қысымын P=ρgh формуласы бойынша табады.
Мысалы: Р=500 Па.
Енді осы стақандағы судың аузын қағазбен жауып тұрып төңкерсек су төгіле ме? Су қағазға қандай қысым түсіреді? (қағазға 500 Па қысым түседі. Сондықтан су төгіледі деп жауап бepyi мүмкін).

Су төгілмегенін тәжірибе жасап көрсету.
Судың қысым күшінің әсерінен қағаз неге құлап түспей тұр?
Оқушылар қағаздың астынан жоғары қарай бағытталған бip күш әсер eтіп тұр деген болжам айтады.
Қағазға судан басқа қандай дене әсер етіп тур? (ауа әсер етеді.) (Проблема туады оқушылар толық жауап бере алмайды )
Тағы бip құбылысқа көңіл аударайық. Шыны ыдыстың аузына жұмыртқа қоямын. Жұмыртқа ішке түскен жоқ. Жұмыртқаны алып шыны ішіне от жағып барып жұмыртқаны ауызына қоя саламыз. Бірте-бipтe тартылып барып түciп кеткенін бақылаймыз.
Жұмыртқа неліктен шыны iшiнe түсіп кетті? Ceбeбi неде? (оқушылар жауап бере алмайды тағы да жаңа проблема шығады )

Жаңа сабақ:
Мұғалім: Онда біз осы құбылыстарға жауап беру үшін бүгінгі жаңа тақырыпты өтетін боламыз деп тақырыпты тақтаға жазады.
Бүгінгі сабақтың мақсаты; Атмосфералық қысымның қалай пайда болатынын білу. Торричелли тәжірибесінің мәнісін түсіну.
Атмосфера туралы не білеміз?
Жер бетін не қоршап тұрады? Онда осы атмосфера жер бетіне қысым түсіріледі. Осы қысым қалай пайда болатынына көңіл аударайық.
Оқулықтың бөлігін оқимыз. (оқулықпен жұмыс - 123 - бет).
Атмосфералық қысым қалай пайда болады екен? Оқушылар өз түсінгенімен жауап бepeдi.
Атмосфера бірнеше қабаттан турады. Ауырлық күшінің әрекетінен оның жоғарғы қабаттары төменгі қабаттарына қысым түсіредi. Атмосфера газ - сондықтан ол Паскаль заңы бойынша өзіне түскен қысымды барлық бағытта таратады. Соның салдарынан жер бетіне және ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі.
Мұғалім: Онда осы атмосфералық қысымға сүйене отырып жаңа бақылаған тәжірибелерді түсіндірейік. Стақандағы судың төгілмеген ceбeбi неде? Бірнеше оқушының жауаптарын тыңдағаннан кейін, қорытынды жауап шығарылады:
1. стакандағы суды жауып тұрған қағаз астынан төменнен жоғары қарай атмосфералық қысым әсер еткен. Судың қағазға түсіретін қысымынан атмосфералық қысым үлкен.
2. Шыныға түскен жұмыртқаны қалай түсінуге болады.
Жанған қағаз шыны ішіндегі ауаны қыздырады, қызған ауаның көлемі ұлғайып, оның бip қатар бөлігі сыртқа шығып кетеді. Шынының аузын жұмыртқамен жапқан кезде ондағы ауа суиды да қысым азаяды. Іштегі қысымнан сыртқы атмосфералық қысым артық болып жұмыртқа төмен қарай қозғалады.
Бiз көптеген құбылыстарға атмосфералық қысым әсер ететініне көз жеткізуге болады.
Практикалық жұмыс. Барлық оқушыларға бірдей медициналық шприцпен стакандағы суды сорғызып жоғары көтерілуін бақылату. Оқушылар өздері жауап береді.
- Атмосфера су бетіне төмен қарай әрекет етеді. Паскаль заңы бойынша ол қысымды түтікке төменнен жоғары қарай жеткізеді. Суды поршенмен ілecтipe көтеретін атмосфералық қысым.

Атмосфералық қысымды сұйық бағанының ыдыс түбіне түсіретін қысымды есептеуге арналған формуламен есептеуге бола ма?
- Болмайды, өйткені атмосфераның биіктігін және тығыздығын білy керек. Атмосферада анық шекара жоқ, ауа тығыздығы да әр түрлі биіктікте түрліше.
Сондай бола тұрса да, атмосфералық қысымды XVII ғасырда итальян ғалымы Э. Торричелли ұсынған тәжірибенің көмегімен өлшеуге болады.

Мұғалім Торричелли тәжірибесінің мәнісін түсіндіру (слайд көрсету)
Атмосфералық қысым ауа райына байланысты өзгеретінін де байқаған Торричелли болатын. Кейін Торричелли қондырғысы атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдаланыла бастады. Атмосфералық қысымды сынап бағанның биіктігі бойынша есептейді.
Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1 мм, сын. бағ алынады.
1 мм. сын. бағ = 133, 3 Па = 1, 33 гПа.
760мм. сын. бағ =105 Па=1 ат.

Сабақ жұмысына қорытынды жасау:
1. Біз бүгінгі сабақтан не білдік, нені түсіндік?
2. Сабақ несімен қызықты болды?
3. Не түсініксіз болды?
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру:
1 §50оқу.
2 Атмосфераның негізгі қабатын қайталау
10 592
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі
Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі
Атмосфералық қысымның пайда болу себебі, Торричелли тәжірибесінің мәнісін түсіну. Мысалдар келтіре отырып, оқушының ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу, атмосфералық қысымның күнделікті өмірдегі маңызын, есеп шығаруда қолдана
Қатынас ыдыс. Су құбыры
Қатынас ыдыс. Су құбыры
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, «Новорыбин орта мектебі - бақшасы» ММ Математика және физика пән мұғалімі Хауази Оралсын
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым
Физика пәні мұғалімі Кайдарова Гульнара
Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым
Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі Жарқынбаева Майра Нұрғалиқызы
Атмосфера және атмосфералық қысым
Атмосфера және атмосфералық қысым
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №5 ЖББО мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Акашаева Ләззат Садыққызы
Қатынас ыдыстар
Қатынас ыдыстар
Аскербаева Рысхан Сагимбаевна ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы "Жансүгіров ОМ" КММ физика және информатика пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×