Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атмосфера және атмосфералық қысым

01 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Атмосфера және атмосфералық қысым. (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты:
Атмосфералық қысымның пайда болу себептерін түсіндіру. Қарапайым тәжірибе жасау арқылы атмосфералық қысымның бар екенін дәлелдеу, талдау жүргізу. Физика - лық құбылыстарды бақылауға, құралдарды пайдалануда оқушылардың біліктілігін дамыту. Қауіпсіздік техникасының ережесін түсіндіру.

Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар атмосфералық қысым туралы түсініктерін толықтырады
2. Өз бетімен тәжірибе жасап, талдай біледі.
3. Паскаль заңының мағынасын анықтайды.

Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиялық проектор, слайд, таразы, шар, стақан, май шам, піскен жұмыртқа, тәрелке, білім бағалау парағы.

Сабақтың жоспары:
Мазмұны ------------------------------ Уақыты -------- Әдіс - тәсілі
1. Ұйымдастыру бөлімі ----------- 1 мин ---------- Әңгімелесу
2. Үй тапсырмасын тексеру ------ 3 мин --------- Сұрақ беру, жазбаша жауап беру.
“Ойланып, жауап бер”
3. Жаңа сабақты түсіндіру
және бекіту -------------------------- 25 мин ------- Оқушылардың көмегімен тәжірибе жасау
• ауаның салмағын өлшеу ------------------------- Бақылау, тәжірибені талдау
• бірнеше тәжірибе жасау------------------------- Электрондық оқулықпен жұмыс жасау
• атмосфералық қысымның себептері
• Сапалық сұрақтар
• Кейбір құралдардың жұмыс істеу принципі
• Бекіту сұрақтарын беру
4. Қорытынды жасау. Үйге тапсырма беру

Сабақтың жүрісі.
Флипчарт №1, 2. Сабақты үй жұмысынан тексеруден бастаймын. Флипчарт №3
«Ойланып, жауап бер».
1. Қысымның өлшем бірлігі? (Паскаль)
2. Қысымның формуласы? (Р=F/S)
3. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы? (Р = ρgh)
4. Күштің өлшем бірлігі? (Ньютон)
5. Заттың неше күйі бар? (үш күйі бар)
6. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы неге тәуелді? (ρh)
7. Биіктіктің өлшем бірлігі? (метр)
8. 2 м тереңдіктегі судың қысымы нешеге тең? (20 кПа)
9. Деңгейлері бірдей ыдыста керосин мен су құйылған. Қысымы бірдей ме? (Әр түрлі)
10. Керосиннің 0, 5м тереңдіктегі қысымы неге тең? (4 кПа)

Үй жұмысын тексеруден кейін, тәжірибе жасалады. Бөтелкенің аузына піскен жұмыртқа - ны қоямыз. Жұмыртқа ішіне түспейді. Енді қағазды жағып бөтелкенің ішіне салып, содан соң жұмыртқаны салсақ, ол бөтелкенің ішіне түседі. Жұмыртқаның бөтелке ішіне түсуіне не әсер етті? Осы сұраққа бүгінгі тақырыбымыз жауап береді.
Электрондық оқулықтағы жаңа тақырыппен танысады. (5 мин)

Оқушылар жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады. Атмосфера - грекше (атмос - ауа, сфера - шар). Атмосфераның бірнеше қабаттары бар. Жер бетіне және ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі. Жер бетінде ауа болған соң, оған әсер ететін күш бар. Ол қандай күш?
- әрине, ауырлық күші. Шарды таразыға қойсақ, таразы теңгеріліп тұр. Енді шарды үрсе, тепе теңдік жойылады. Ендеше ауаның салмағы бар. Салмақты Р=mg формуласымен анықтаймыз.
Ендеше көлемі 1 м3 ауаның салмағын тауып көрелік. Массаны қалай анықтаймыз? m=ρV.
Ауаның тығыздығын кестеден қараймыз. Ол 1, 29кг/м3. m=ρV =1, 29кг/м3* 1 м3 =1, 29кг.
Р=mg =1, 29 кг * 10 Н/кг =13 Н
Атмосфера – газ, сондықтан ол Паскаль заңы бойынша өзіне түскен қысымды барлық бағытта таратады.
Атмосфералық қысымды сынап бағанының биіктігімен есептейді.
Оның өлшем бірлігі 1 мм сын. бағ.
1 мм сын. бағ. = 133, 3 Па.
Атмосфера бізге және барлық денелерге қысым түсіреді.
Қалыпты атмосфералық қысым
760 мм. сын. бағ. * 133, 3 Па = 101325 Па
р ≈ 10 5 Па
Атмосфера тарапынан біздің денемізге әркет ететін күшті есептеп көрелік, Ауданы 1 м2, қалыпты жағдайдағы атмосфералық қысым белгілі. 105 Па

Берілгені: талдау есептелуі
р = 10 5 Па Ғ= 10 5 Па * 1 м2 = 10 5 Н
S= 1 м2 Ғ= ps
Ғ=?

Күштің алынған шамасы 10 т дененің ауырлық күшіне тең! Алайда біз осындай күшке шыдаймыз. Оның себебі, біріншіден, бұл күш денеміздің бүкіл ауданына таралған, ал екіншіден, біздің организмімізде атмосфералық қысымды теңгеретіндей қысым бар.
Тәжірибе:
1. «Төңкерілген стақан» Стақанға жартылай су құйып оның бетіне қағаз жауып төңкереміз. Су төгілмейді. Неліктен? Себебі суды ауа қысымы ұстап тұр. Ауаның қысымы Паскаль заңы бойынша барлық жаққа бірдей таралады. Олай болса, қағаз тек судың бетінің тегіс тұруына көмегін тигізеді.
2. «Құрғақ тиын». Тарелкеге су құйып, ішіне тиын салынады. Тиынды суға қолыңды тигізбей алып шығу керек. Ол үшін стақанды қайнаған суға малып аламыз да, тарелкенің ішіне төңкереміз. Су стақанның ішіне кіреді. Себебі: Стақандағы ауа салқындай бастайды. Сол кезде атмосфералық қысым суды жоғары қарай көтереді.

3. «Магдебургтік шарлар»
Енді сабағымыздың аяғында манағы басындағы істелген тәжірибенің жауабын айтып көрелік. Жұмыртқаның бөтелкенің ішіне енуіне қандай күш әрекет етті.
- атмосфералық қысым.
- - Неліктен төменгі жағына қарағанда. жоғарыда қысым көп болды?
- Өйткені ыстық ауа жоғары қарай көтерілгенде, бөтелкедегі ауаның тығыздығы азаяды.

Бекіту сұрақтары:
1. Жердің бетінің ауа қабығы...
2. Қалыпты атмосфералық қысым неге тең?
3. Атмосфера – грекше...
4. Атмосфераның ең төменгі қабаты қалай аталады?
5. Атмосфераның қандай физикалық сипаттамалары бар?
6. Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым?
7. Атмосфера барлық денелерге.... түсіреді.
Жауаптары:
1. Атмосфера
2. 100 кПа
3. Атмос - бу, ауа, сфера - шар
4. Тропосфера
5. Қысым, ылғалдылық, температура, тығыздық
6. Э. Торричелли
7. Қысым
Үйге § 50, 24 тапсырма.
- Сабағымыз аяқталды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 966
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну.
Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі
Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі
Атмосфералық қысымның пайда болу себебі, Торричелли тәжірибесінің мәнісін түсіну. Мысалдар келтіре отырып, оқушының ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу, атмосфералық қысымның күнделікті өмірдегі маңызын, есеп шығаруда қолдана
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруіне есептер шығару
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруіне есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық ОЖББМ физика пәнінің мұғалімі Муканов Жумабек Нагимович
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым
Физика пәні мұғалімі Кайдарова Гульнара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×