Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету

03 қыркүйек 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Психология
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету
Бүгінгі күні баланың мектепке дайындығын анықтауда оның психологиялық және физиологиялық дамуы басты назарда болып отыр.
Психологиялық дайындықтың құрылымы мынандай бөліктерге бөлінеді:

А. Жеке дайындық. Баланың жаңа қоғамдық ортаға дайындығының қалыптасуы бірнеше құқықтар мен міндеттерді қамтитын мектеп ережесінен тұрады. Мектепте оқуға дайын оқушы – мектепке қажетті оқу құралдарын түгелдеп ғана қоймай, сондай - ақ жаңа білім алу мүмкіндігі мен таным қабілеті жеткілікті дәрежеде дамыған бала болып табылады.
Болашақ мектеп оқушысы қызығушылығының қалыптасуы жүйесіне қарай өзінің мінез - құлқын, танымдық іс - әрекетін басқара алуы керек. Сонда ғана оның оқуға деген қызығушылығы пайда болады.
Сонымен қатар, жеке дайындық баланың эмоциялық жай - күйінің даму деңгейін де көрсетеді. Мектепке барар алдында баланың көңіл күйінің көтеріңкі болғаны жөн.

Ә. Зияткерлік дайындық. Дайындықтың бұл түрі баланың нақты білімі мен ой - өрісінің ауқымын көрсетеді. Баланың танысып отырған материалына деген көзқарасы мен материалды жекелей әрі жоспарлы түрде қабылдау жүйесінің қалыптасуы маңызды. Сондай - ақ, жалпы ойлау формасы мен негізгі логикалық операцияларды атқарып, есте сақтай алуы да міндетті.
Зияткерлік дайындық негізінен баланың бойындағы оқу іс - әрекетінің бастапқы негізінен баланың бойындағы оқу іс - әрекетінің бастапқы пайымдарын қалыптастыруды көздейді. Осы дайындық түрі жалпы алғанда төмендегілерді қамтиды:
• Саралап қабылдау;
• Аналитикалық ойлау;
• Нақтылыққа талпыныс;
• Логикалық есте сақтау;
• Білуге құштарлық;
• Сөйлеу тілін игеру;
• Қолдың қозғалысы мен көру қозғалыс үйлесімділігі.

Б. Әлеуметтік - психологиялық дайындық. Дайындықтың бұл компоненті балада басқа балалармен, мұғаліммен қарым - қатынас жасай алатын сапаларды қалыптастыруды көздейді. Бала топ болып бірге жасап жатқан жұмыс үстінен түседі. Осы кезде балада өзін ортаға бейімдеу қабілеті өте қажет болады. Ол үшін балалармен араласып кетуге, олармен бірге әрекет етуге, олардың қызығушылығына ортақтасуына, оқу процесіндегі түрлі жағдайларға икемделуіне ықпал ету керек.
Мектепке келу кезеңі:
• мінез - құлықтың жаңа сапалық деңгейге көтерілуі;
• әрекетке іштей талдау жасау;
• нақтылыққа жаңа танымдық қатынасының дамуы;
• қарым - қатынастың жаңа сапалы кезеңіне өту болып табылады.

В. Физиологиялық дайындық. Бұл дайындық бала ағзасының қызметі мен денсаулық жағдайының даму деңгейімен анықталады. Баланың мектепке дайындығын дәрігерлер арнайы өлшемдермен белгілейді. Баланың мектепке оқуға психологиялық және физиологиялық дайындығын анықтау кезінде денсаулық жағдайы басты назарда болуы шарт, өйткені білімді игеруге, оқуға деген қызығушылығы басым болғанымен, денсаулығы сәйкес келмеуі мүмкін. Ондай балалар жай, қатардағы мектептерде оқығаны жөн.
Баланың жүйке жүйесінің дамуында функционалдық және органикалық түрлі ауытқулар болуы мүмкін. Оны арнайы дәрігерлер анықтайды.
Оқу жылының басындағы оқу - тәрбие процесінде балаға ерекше салмақ түседі. Жүйелі оқу жұмысы, көлемді ақпарат, орындықта ұзақ отыру, күнделікті күн тәртібінің өзгеруі, мектеп ұжымының ортасы кішкентай мектеп оқушысын ақыл - ойы жағынан да, физиологиялық жағынан да шаршатады.
Әр баланың дамуы түрліше болатынын естен шығармау керек. Олардың жасы биологиялық дамумен сәйкес келе бермейді. Бір бала 6 жаста өзінің дене дамуы жағынан жүйелі оқуға дайын, екінші балаға 7 жаста болса да, оған мектеп бағдарламасы ауыр тиеді.
Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап бала оқушыға айналады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды роль атқарады.
9 226
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
5 - 6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту
5 - 6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту
5 - 6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту. Болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту ақыл - ой тәрбиесінің бip міндеті ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібінен
Мектепалды даярлық тобымен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
Мектепалды даярлық тобымен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
Мектепке оқуға балаларды табысты дайындаудың жолында олардың интеллектуалдық және жан - жақты дамуын қамтамасыз ететін біріңғай білім мен тәрбие кеңістігін қалыптастыру.
Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу әдістемелері
Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу әдістемелері
№ 65 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Салтанат Карыбаевна
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық дайындау
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық дайындау
Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, «Балапан» балабақшасының меңгерушісі Ж. Маниева
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×