Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


5 - 6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту

25 ақпан 2018, Жексенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
5 - 6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту.

Болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту ақыл - ой тәрбиесінің бip міндеті ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Ақыл - ой тәрбиесінің бұл acпектісі баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. 6 - 7 жастағы баланы оқу - тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты ролді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады. Ғалымдар С. Л. Рубинштейн, Д. П. Годовикова, Т. А. Куликова, А. И. Сорокинаның еңбектерінде 6 - 7 жастагы балалардың білуге құштарлығының, танымдық қызығушылығының, коммуникативтік сұрақтары, түрткісінің дамуы танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған. А. П. Усова өзінің «Балабақшадағы оқыту» атты еңбегінде мектепке дейін балалардың оқу әрекетіндегі танымдық белсенділігіне байланысты үш деңгейге бөлген теориясын басшылыққа алуды ұсынады.

6 - 7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы педогогтардың үлесіне тиіп, ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші - педогог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс - әрекетінің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде.

Ең басты талап баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап, дене, физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын түсіну. Балабақша педагогі өзін жай ғана тәрбиешімін деп қарамай, жалпы мәдениетін және кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру қажет. 6 - 7 жастағы балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді. Баланың өзіндік iшкі позициясы қалыптасып және екі қажеттілігі; eкіншісі белгілі бip әлеуметік қатынасқа байланысты қажеттілігі.

Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педогог - тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым - қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші - педагог алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана - сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оқу - тәрбие процесін жүргізу қажет.

Тәрбиеші - педагог - мектепалды жастағы балалардың танымдық, белсенділігін қалыптастыруда, оның көзін ашуда басты тұлға. Қaзipгi таңда мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру мәселесі жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың жаңа технологиялары енгізіліп, сапалы нәтижелері байқалып отыр.

5 - 6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту. жүктеу
2 736
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Білім еліне саяхат»
«Білім еліне саяхат»
Мақсаты: 1. Балалардың алған білімдерін бекіту, жетілдіру, толықтыру. Әр тапсырманы қызығушылықпен орындауға үйрету.
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой - өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау деген не?
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. «Оқу, жазу, ойлау, сөйлеу сияқты іс - әрекеттерді үйрену белсенділікті, тапқырлықты, өз ойын жеткізе білуді қалыптастыру»
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процесінің дамуы
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процесінің дамуы
Казталов ауданы, Жаңажол ауылы, "Шаттық" балабақшасында педагог – психологы Мыңбаева Әселім Аянбекқызы
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 3 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Туреева Майсагүл Ашықбайқызы
5-6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту
5-6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту
6-7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы педогогтардың үлесіне тиіп, үйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс-әрекетінің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×