Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ересек жастағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері

22 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Психология
Жаңаөзен қаласы,
«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі
Өткізген: Хайруллаева Ә. Б.
Пәні: Психология
Тобы: 2БББ - 12 (б)

Ашық сабақ
Сабақ тақырыбы: Ересек жастағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Ересек жастағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері туралы мағлұмат беру
Дамытушылық: Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының дүниетанымдық шеңберін кеңейту және белсенділік қабілетін арттыру. Студенттердің білім, іскерліктерін дамыту
Тәрбиелік: Студенттердің білімді терең меңгеруге, жинақталған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге тәрбиелеу
Сабақ түрі аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі - иллюстрациялық, әңгімелеу, ой - қозғау, талдау
Пәнаралық байланыс: жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, өзін - өзі тану, анатомия, әлеуметтік психология, отбасы психологиясы
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер

Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. «Дәстүрлі емес сәлем» тренингі.
1. Бүгінгі біздің сәлемдесуіміз дәстүрден тыс болмақ. Әдетте адамдар бір - бірімен қалай амандасады? Қол алысып, жай сөзбен, бір - бірінің беттерінен сүйіп және т. б. Ал біз қазір сәлемдесудің басқа жолдарын қарастырайық. Бір - бірлеріне иық тигізіп амандасыңдар. Маңдаймен, шынтақпен, арқамен, аяқтың ұшымен.
2. Студенттерді түгендеу, даярлығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. 1. Жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері (слайд)
1) Шығармашылық жұмыс
3 топқа бөлініп шығармашылық жұмыс дайындап келеді
1 топ: Жеткіншектердің анатомо - физиологиялық дамуы және мінез - құлық ерекшеліктері
2 топ: Жеткіншектердің оқу іс - әрекеті
3 топ: Жеткіншек жастағы балалардың ес, ойлау, қиял процестерінің дамуы

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
1. Жас дегеніміз не?
2. Жаңа құрылым дегеніміз не?
3. Жас ерекшелік кезеңдерін атаңыз?
4. Дағдарыс дегеніміз не?
5. Жеткіншек жас қай жастағы балаларды айтамыз? ІV. Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге студенттерді әзірлеу кезеңі. Сұрақтар (ауызша түсіндіру)

V. Жаңа білімді меңгерту кезеңі
1. Терминдермен жұмыс
Тенденция – беталыс, бетбағыт
Рефлексия - сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды.
Рефлексивті жаттығулар - бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді
2. Жасөспірім кезеңі 15 - 16, 21 - 25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады.

«Жасөспірім» - сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анық - талады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады

Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып бағытталса да, барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол көп нәрсені білмейді, өйткені ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір тәжірибесін білмейді. Әсіресе жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс қозады. Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін. Л. Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшеюі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін – өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады.«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» – міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді.

Филип Роистың «Психология подроскового и юношеского возраста» - оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірім - дердің өзін – өзі тануы, өзіндік сана – сезімі белсенді және өз тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды.

Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 – 15 жастан бастап 17 – 18 жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан айналымы жақсарады т. с. с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан қысымының көтерілуі жойылады. Жасөспірімдердің ерте жетілу кезеңдерінде орталық жүйке жүйесі ересек адамдікімен теңеледі. Мидың салмағы мен көлемі және фукционалды белсенділігі ересек адамдардың ойлауынан қарағанда айырмашылығы болмайды.

Мектеп бітірушілердің болашақ мамандыққа қатысты психологиялық дайындықтары мен кәсіби өзіндік анықталу механизмдеріне өзіндік бағалаулары әсер ете ме? Осы сұрақтар әрқашан да өз маңыздылығын жоймайды. Жоғарғы сынып оқушыларының мамандықты таңдауға саналы қатынастарын қалыптастыруда олардың кәсіби қызығулары мен ниеттерінің құрылуы мен дамуы негіз болады. Жоғарғы сынып оқушыларында еңбекке деген шығармашылық қатынасты орнату, оларға дұрыс психологиялық бағдар беру оқушылардың индивидуалды - психологиялық жеке бастық ерекшеліктерімен тығыз байланысты.
Кәсіби өзіндік анықталуға кәсіби бейімділік, ұстанымдар, жасөспірімдердің танымдық түсініктері мен белсенділік әрекеті, қызығулары, таңдаған мамандықтың кейінгі салдарын ұғыну негіз болады.
Жасөспірімдердің алдында өмірлік анықталудың сара жолдары ашылады. Көптеген жасөспірімдер амалсыздан кездейсоқ жағдайлардан тәуелді мамандық таңдайды. Өз жолын таңдауда негізгі жауапкершілікті жасөспірімнің өзі алуы керек. Кейбір өзіндік анықталу жеке адам үшін маңызды оқиға, барлық өміріне негіз болады. Психологиялық тұрғыдан мамандықты таңдауға бірнеше жіктемелерді екі белгілердің негізінде ұсынатын зерттеулерді басшылыққа алуға болады: барлық мүмкін деген альтернативалар; оларды салыстыру критериялары.

3. Тренинг жаттығулар
«Джунглиде жауған жаңбыр» жаттығуы
Мақсаты: иық, мойын омыртқа жотасы аймақтарындағы бұлшық еттердің қысымын төмендету, босаңсу.
Уақыты: 10 минут
Нұсқау: Барлығымыз бір - біріміздің соңымыздан тұрып, шеңбер құрайық. Енді сіздер қалың орманда джунглиде жүргеніңізді елестетіңіз. Алғашқыда ауа райы өте тамаша болды, күн сәулесі жерді жылытып, дала өте ыстық. Бір уақытта самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасын қолыңызбен сыйпаңыз. Жел соғуы күшейеді. Арқаларыңызда қысым күшейеді. Қатты дауыл соғып тұр. Күшті шеңберлі қозғалыстар. Кейін ұсақ жауын жауды. Алдыңызда тұрған адамның арқасын жеңіл соғамыз. Енді нөсер жауын жауды. Алақан және саусақтармен жоғарыдан төмен арқаны сипаймыз. Бұршақ жауды. Бүкіл саусақтарыңмен қатты соғыңдар. Қайтадан нөсер жауын жауды, жаңбыр себелеп тұр, қатты дауыл соқты, кейін самал жел соғы, кейін ол әлсіреді, табиғатта бәрі тынышталды. Қайтадан күн сәулесі шығып, дала жылынды. Қимылдар қайталанады.
Ал енді 180 градусқа бұрылып ойынды жалғастыр.
Талдау:
Осындай массаждан кейін не сезіндіңдер?
Айтылған әрекеттерді қандай көңіл - күймен орындадыңдар?
Өздеріңнің сезімдеріңмен ой бөлісіңіздер.

«Маған асыл бес құндылық» тренингі
Мақсаты: Оқушыларға өздерінің жақын адамдарын бағалауға, қолында бар дүниелердің қадіріне жетуді үйрету.
Уақыты: 5 минут
Нұсқау: Оқушыларға бір парақ ақ қағаз алып, сол қағаздарды бес бөлікке бөлуін сұраймыз. Бөлінген қағаздарға олар өздеріне қымбат адамдарды, заттарды, дүниеледі рет - ретімен жазып шығады. Бұл құндылықтар олардың өмірінде маңызды рол атқаруы тиіс. Жазылған қағаздар олардың қажеттіліктеріне, маңыздылығына байланысты рет - ретімен қойылған болуы тиіс. Бірінші оқушылардан сол құндылықтардың арасынан өзіне онша қажет емес деген біреуін алып, жыртып жерге тастауын сұраймыз, және елестетеміз бұл зат болмағанда қалай омір сүрер еді. Ол дүние болмағанда жағдайы не болатынын, көздерін жұмып елестетеді. Қалған қағаздарда дәл осылай рет - ретімен жерге тасталып отырылады. Әр жиырып тасталған қағаздан соң олардың реакциясы бақыланып отырылады. Тренинг аяқталған соң олардың алған әсерін сұраймыз. Қолында бар дүниенің қадіріне жетуді тағы да бір ескертеміз
Ескерту: Тренингтің басында оқушыларға бұның бәрі ойын екенін, оны шынайы қабылдаудың қажеті жоқ екенін айтып түсіндіру қажет.

1 - тапсырма.
Сіздің мінезіңіз қандай?
Мақсаты: оқушылардың мінезін, көңіл - күйін анықтауға арналған. Бұл тест мінезді тез арада анықтауға мүмкіндік береді. Егер мінездің кемшіл тұстары анықталып жатса, оны сыпайылап жеткізген дұрыс. Оқушылар сұрақтарға «иә/жоқ» деп жауап береді.
Сұрақтар:
1. Сізге күшті дәмдеуіштер қосылған тамақ ұнайды ма?
2. Сіз өзіңізді ортада жақсы сезінесіз бе?
3. Сіз кейде қуаныштан төбеңіз көкке жеткендей бола ма?
4. Сіз дастарқан басында қонақтарды қызықтыра аласыз ба?
5. Сіздің басыңыз жиі ауыра ма?
6. Сіз кейде тіс жууды ұмытып кетесіз бе?
7. Сіз әрқашан бір шаш үлгісімен жүресіз бе?
8. Басқатырғыштарды шешкенді ұнатасыз ба?
9. Дене жаттығуларымен айналасасыз ба?
10. Сізде мелонхолиялы көңіл - күй жиі бола ма?
11. Тыныштықта жұмыс істегенді ұнатасыз ба?
Сұрақтар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Иә 3 2 4 3 1 4 3 1 3 1 4
Жоқ 2 1 2 2 2 1 4 4 1 4 1

Талдау:
20 ұпайдан төмен – сіз тыныштықты, табиғатта серуендеуді ұнатасыз. Шулы кафеден гөрі үй жағдайындағы достар мен қарым - қатынасты қалайсыз. Осы себептен сізді кейбір достарыңыз іш пыстырады деп ойлайды.
21 – 24 ұпай – сіз жеткілікті деңгейде жеңілтексіз. Адамдармен тез тіл табысасыз, бірақ көңіл күй ауыспалылығы жиі болады – бірде жабырқау, бірде тым көңілді.
25 ұпайдан жоғары – ортадағы сіздің орныңыз ерекше. Сіз әзілқойсыз, басқа адамдардың көңіл күйінің көтеріңкі болуына себепші боласыз. Қызықты әңгіме айтып, үзіліссіз күлдіре аласыз.

2 тапсырма
«Мен және менің ата - анам» тесті
Отбасындағы жасөспірімдерді тәрбиелеудің психологиялық негіздері
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым - қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбеде сынап байқап көреді.
Тесттің сұрақтарына «Иә», «Жоқ», «Кейде» жауап беру қажет.
1. Ата - анаңыз сіздің достарыңызды біледі ме?
2. Сіз ата - анаңызбен ашық сырласып сөйлесесіз бе?, жеке сұрақтар бойынша кеңес аласыз ба?
3. Сізді ата - анаңыздың жұмысы қызықтыра ма?
4. Достарыңыз үйіңізде жиі болады ма?
5. Үйдегі өз міндеттеріңізді орындайсыз ба?
6. Үйде жалығасыз ба?, үйден тыс жерден дем алуды жақыс көресіз бе?
7. Ата – анаңызбен ортақ қызығушылықтарыңыз немесе істеріңіз бар ма?
8. Сіз отбасылық мерекелердің дайындығына қатысасыз ба?
9. Туған күніңізде ата - анаңыздың үйде болуын қалайсыз ба?
10. Оқыған кітаптарыңызды ат - анаңызбен талқылайсыз ба?
11. Ата – анаңызбен телехабарларды және фильмдерді талқылауды ұнатасыз ба?
12. Ата - анаңызбен театрға, көрмелерге, музейлерге барасыз ба?
13. Өміріңізде ата - анаңызбен серуендеу саяхатқа шығу сәттері жиі болады ма?
14. Демалыстарда ата - анаңызбен өткізгенді қалайсыз ба?
15. Қалай ойлайсыз? Ата - анаңызбен аралықта өзара түсінбеушілік бар ма?
Ұпайларды санау
«Иә» – 2 ұпай
«Кейде» – 1 ұпай
«Жоқ» – 0 ұпай
10 және одан да аз ұпай
Сенде ата - анаңыз да өзара түсінбеушілікте айтарлықтай қиыншылықтары бар. Сіз ата - анаңызбен бірге тұрғанымен, бір - бірлеріңізбен бөтен адамдар сияқтысыз. Мүмкін сіздердің араларыңызда жиі ұрыс - керістер болып тұратын шығар. Иә болмаса көп уақытқа созылып келе жатқан түсінбеушіліктер бар. Бұл әрине екі жақтың да көңілін толтырмайды. Сіз өзіңіз алғашқы қадам жасауға тырысып көріңіз. Ең алдымен мынаны түсінуге тырысыңыз. Сіздің ата - анаңыз сіз сияқты өз қызығушылықтары, қамқорлықтары, түйткіл мәселелері бар адамдар.
11 - 20 ұпай
Жаман емес! Сіз ата - анаңызбен қарым - қатынастасыз деп айтуға болады. Бірақ ол керемет бірлестік емес. Ал егер сәл ғана тырысып көрсеңіз, онда сізге достарыңызбен ғана емес ата - анаңызбен де қызықты болатынын түсініңіз.
20 ұпайдан жоғары
Құттықтаймыз! Сіз көп нәрсеге қол жеткіздіңіз деп айтуға болады: Сізде өз ата - анаңызбен өзара толық түсінісушілік бар. Сіз ата - анаңыз үшін - олардың нағыз жақсы көретін, сыйлайтын адамсыз: ашық және шыншыл, әрқашан да көмектесуге және отбасы үшін ортақ проблемаларды бөлісуге дайынсыз. Отбасыдағы мұндай қатынас нағыз бақыт.

VI. Жаңа білімді бекіту кезеңі
INSERT стратегиясы
Не білдім? --------------- Не үйрендім ----------- Нені білгім келеді

Кері байланыс әдісі (бекітуге арналған)
+ видеоролик (Ақыл жолы... Ізгіліктен үгіттер)

VІІ. Қорытынды
VІІI. Үйге тапсырма:
1. Жоғары мектеп жасындағыларды зерттеу: жоғары мектеп жасындағылардың оқуы мен ақыл - ой әрекетінің ерекшеліктері
2. Оқу – кәсіби іс - әрекет – жоғары мектеп жасындағылардың негізгі әрекет түрі
3. Жоғары мектеп жасындағылардың танымдық қызығушылықтарының сипаттамасы
ІХ. Бағалау

Толық нұсқасын жүктеу
18 216
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жас ерекшелік психологиясына кіріспе
Жас ерекшелік психологиясына кіріспе
Жас ерекшелік психологиясының даму тарихымен таныстыру. Жас ерекшелік психологиясының тармақтарымен зерттеу әдістерін түсіндіру.
Диагностика балаларға 3 жастан 4 жасқа дейін
Диагностика балаларға 3 жастан 4 жасқа дейін
Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың танымдық саласын зерделеу
Еңбек тәрбиесі
Еңбек тәрбиесі
Еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері және ерекшеліктерімен танысады
Балабақша аясындағы театр – рухани тәрбиенің қайнар көзі
Балабақша аясындағы театр – рухани тәрбиенің қайнар көзі
Театрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор.
Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат, міндеттері және мәні
Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат, міндеттері және мәні
Алматы қаласы, №1 қазақ мемлекеттік гуманитарлық колледждің педагогика пәнінің оқытушысы Бекұзақова Ақбота Құрманғазықызы
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×