Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балабақша аясындағы театр – рухани тәрбиенің қайнар көзі

06 ақпан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Балабақша аясындағы театр – рухани тәрбиенің қайнар көзі

«Театр – адамның өзін - өзі сахнадан көріп, өзін - өзі түсінетін орын»
Григори Ревзи

Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады.

Театрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор.

2018 жылдың 1 – ақпанында №39 «Балдәурен» балабақшасында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің маман даярлаушы кафедрасының профессор - оқытушылары мен практик - психологтардың кәсіби байланысын орнату мақсатында «Театрландырылған ойындардың мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына ықпалы» тақырыбында семинар - тренинг өтті.

Семинарды қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі; Г. Ж. Атақұлова мен «Психология және педагогика» кафедрасының меңгерушісі С. Қ. Қарауылбаев ашып, кіріспе сөз сөйледі.

№39 «Балдәурен» балабақшасының ересек тобының тәрбиешісі Қ. А. Туғанбаева «Мақтаншақ қыз қонақта» театрландырылған оқу қызметін жүзеге асырса, «Волшебная вода» тақырыбында тетрландырылған оқу қызметін ересек тобының тәрбиешісі А. Қ. Орумбаева өткізді.

Семинар қатысушыларын тәжірибелі педагогтары С. Ә. Асқарова, Д. А. Искакова, Ж. А. Досполова, Р. Б. Жумадилова театр қойылымдарына арналған көрмемен таныстырып, соңынан арнайы маман - педагогтарының ұйымдастыруымен «Қысқы түс» көлеңкелі театр қойылымын тамашалады. «Театрландырылған ойындардың мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына ықпалы» тақырыбында балабақшаның педагогтары: «Использование метода биоэнергопластики в развитие речи» тақырыбы аясында логопед: Д. С. Абзалбек. «Қуыршақ терапиясы» әдістемесі бойынша психолог: М. Н. Ускеленова. «Мир театра глазами ребенка» тақырыбында Даанова К. Н мен А. С. Сысоева және «Кішкентай тілмаш» тақырыбында ағылшын тілі педагогы Д. А. Бозтөреева өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар аясында «Психология және педагогика» кафедрасының доценті п. ғ. к. Р. Қ. Керімбаева «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында театрландырылған ойындарды қолданудың психологиялық – педагогикалық аспектілері» тақырыбында №39 «Балдәурен» балабақшасының атқарып жатқан жумыстарына психологиялық тұрғыда ақпарат берді.

Теориямен практиканы ұштастыру бағытында «Психология және педагогика» кафедрасының психология магистрлері Р. И. Сейдрахманова «Жеке тұлғаның шығармашылық құзіреттілігін қалыптастыруда арт - терапияның маңызы», А. К. Дәуренбекова «Арт - терапия әдістерін оқыту үрдісінде қолдану», Мырқасымова М. А «Ертегі терапиясы арқылы баланың дамуына әсер ету» тақырыптарында семинар қатысушыларымен магистранттарды бірлестіре отырып тренингтер өткізді.

Сөз алған «Психология және педагогика» кафедрасының доценті, п. ғ. к. Г. С. Имамбекова мен Қалалық білім бөлімінің әдіскерлері: Г. Е. Естаева және Ш. Ж Байгараева қорытынды сөз сөйлеп, семинар ұйымдастырушыларын мадақтау қағаздарымен марапаттады.

Семинар соңында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының психологтары театрландырылған ойын іс - әрекетін психологиялық жұмыста қолдану тәжірибесімен танысып, «Психология және педагогика» кафедрасының оқытушылары мен практик - психологтармен байланыс жасалды.

№39 «Балдәурен» балабақшасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Мұхамбеталықызы Б.

Балабақша аясындағы театр – рухани тәрбиенің қайнар көзі. жүктеу
3 361
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бағдарлама «Сиқырлы театр»
Бағдарлама «Сиқырлы театр»
Театр - бұл сиқырлы өмір, онда бала қуана біледі, ойнайды, ойнай отырып қоршаған ортаны таниды. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуын, ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімдерін жетілдіруін қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі театрдың рөлі
Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі театрдың рөлі
Мектепке дейінгі баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.
"Драма" сабағының баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызы
"Драма" сабағының баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызы
Атақты педагог Ы. Алтынсарин «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»- деп атап айтқандай қай бала болмасын кішкентайынан анасының өзіне айтқан бесік жырынан бастап,
Ертегі және таныс әдеби шығармалардан үзінділерді сахналауда балалардың рольді сомдау шеберлігін дамыту
Ертегі және таныс әдеби шығармалардан үзінділерді сахналауда балалардың рольді сомдау шеберлігін дамыту
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изенова Зухра Жеткергенқызы
Тіл дамыту сабағындағы саусақ  ойындарының маңызы
Тіл дамыту сабағындағы саусақ ойындарының маңызы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиясының тәрбиеші Шахметова Анар
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Ибраева К. М. қазақ тілі мұғалімі «Алтын сақа» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×