Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жас ерекшелік психологиясына кіріспе

05 сәуір 2019, Жұма
Категориясы: Психология
№1 Сабақ жоспары
Психология
Сабақтың тақырыбы: Жас ерекшелік психологиясына кіріспе.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жас ерекшелік психологиясының даму тарихымен таныстыру. Жас ерекшелік психологиясының тармақтарымен зерттеу әдістерін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың психология туралы білімдерін дамыту. Жас ерекшелік психологиясының басқа ғылымдар мен байланысын түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың жауапкершілікке тәрбиелеу. Әр жас кезеңдегі балалардың психологиясына сай тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, слайд, сұрақ - жауап, карточка.
Пән аралық байланыс: Психология, анатомия, физиология.
Пайдаланған әдебиеттер: Бейсенбекова Г. Б., Молдабаева Р. А.,
Нұрғалиева С. А Жас ерекшелік психологиялы. Оқу құралы.- Қарағанды
«Ақ Нұр», 2012.- 187 бет.

Сабақтың барысы мен мазмұны.
І кезең. Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин
ІІ кезең. Үй тапсырмасын тексеру 20 мин
ІІІ кезең. Жаңа білімді меңгеру кезеңі. 30мин
ІV кезең. Сергіту сәті. 5мин
V кезең. Жаңа сабақты бекіту. 15мин
VІ кезең. Бағалау. 5мин
VІІ кезең. Үй тапсырмасы 2мин

I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Екі жақты сәлемдесу.
- Түгендеу.
- Аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ кезең. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ кезең. Жаңа білімді меңгеру кезеңі.
Кіріспе сөз:
Отбасында әртүрлі жастағы балалар тәрбиеленеді. Сондықтан әр ата - ананың, отбасы мүшелерінің тәрбие мен білім беру жүйесінде балалардың жас кезеңдерін еске алуы қажетті шарттардың бірі.
Соңғы жылдар ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі мәселесіне аса зор көңіл бөлуде.
Зерттеу мәліметтері бұл мәселе жөнінде әлі де болса бірыңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Педагог - ғалымдар балаларды тәрбие және білім беретін жүйенің сатылары бойынша жас кезеңдеріне бөледі. Мысалы, бөбек жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар.
1. Дәрістің жоспарымен таныстыру:
а) Жас ерекшелік психологиясына кіріспе
б) Жас ерекшелік психологиясының пайда болуы
в) Жас ерекшелік психологиясының тармақтары
Жас ерекшелік психологиясы - адам психикасының дамуы және оның жас тұрғысынан әр түрлі кезеңдердегі ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы.
Оның зерттейтін пәні - адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі.
Жас ерекшелік психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайықты мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын зерттейді.

Жас ерекшелік психологиясының негізгі ұғымдары:
Жаңарыстар (жетістіктер)- нақты кезеңдегі мүмкіндіктерінің алғашқы және осы жастағыларының басқалардың ерекшелінуіндегі жеке бастың және психикалық процестердің сапалық өзгерістері.
Әлеуметтік даму жағдайлары - әр кезеңдегі психикалық дамуға әсер ететін сыртқы жағдайлар.
Дағдарыс - бір кезеңнен екінші кезеңге секірмелі түрде өту.
Жетекші іс - әрекет белгілі бір кезеңдегі адамның психикалық дамуының сипатын анықтайтын іс - әрекет.
Жас ерекшелік психологиясының міндеттері.
 Балалардың дербес ерекшелігін қарастыру.
 Психикалық дамуды жас кезеңдерге бөлу.
 Психологиялық диагностикалық әдістерін жаңарту.

Жас ерекшелік психологиясының даму тарихы. XIX ғасырдың ортасына дейін балалар психологиясы жалпы психологиядан бөлінбей келді. Кейін XIX ғасырдың екінші жартысында психология саласына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Ч. Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері болып проблемасына зейін аудартты. Жас ерекшелік психологиясы мәселелерін ғылымды күрделі еңбектерімен байытқан белгілі советтік психолог - ғалымдар Б. Г. Ананьев, И. И. Божович, П. Я. Галперин, В. В. Давыдов, А. В. Запорожец, Л. В. Занков, Н. А. Менчинская нәтижелі зерттеді және зерттеп келеді.
Жасерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы: анатомия, физиология, философия, жалпы психология.
Жалпы психология - барлық психологиялық ғылымдардың теориялық негізі. Жалпы психология - психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оның зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді.
Анатомия және физиология - бала дене құрлысының әр жасқа қарай нығайып өсуі, органдардың атқаратын қызметін әр жаста түрліше өзгерістерге ұшырау себептерін көрсетеді.
Философия - барлық ғылымдардың әдіснамалық негізі. Философия барлық ғылымдар ескеретін ортақ заңдылықтарды ашады. (қарама - қайшылық, дамудың секірмелігі заңдылығы)
Жас ерекшелік психологиясының ең тығыз байланысатын ғылымы педагогика болғандықтан - зерттейтін объектісі бір, яғни бала, жеткіншек, жасөспірім.
Жас ерекшелік психологиясының тармақтары.
 Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы (туғаннан 6 - 7 жас)
 Бастауыш сынып оқушылар психологиясы (10 - 11 - 14 - 15 жас)
 Балғын жастық психологиясы(15 - 18)
 Ересектер психологиясы(21 - 35, 35 - 60)
 Қарттар психологиясы (60 - 75, 75 - 90)

Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері. Кез - келген ғылым негізгі факторларды зерттеуден тұрады. Факторларды тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп аталады.
Бақылау әдісі жас ерекшелік психологиясындағы зерттеулерде кеңінен қолданылады. Бақылау зерттеудің тек тиісті объектілеріне қарау емес, әдейі мақсат қойып баланың тиісті мінез - құлқын тексеру. Бұл кейде кесінді ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде (аз уақыт ішінде) жүргізіледі.
Байқау әдісі деп таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп және психикалық әрекеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз.
Бұл әдіс бойынша зерттеуші адам зерттелушінің әрекеттерін сырттай бақылап жазып отырады. Оны жүргізу шарттары жоспарлап алу, мақсат қою, жүйелі түрде жүргізіп отыру, кездейсоқ болмай байқауды қалай жүргізу керектігін алдын ала белгілеп алу және оған қорытынды беру. Байқау әдісі жаппа және ішінара болып бөлінеді.
Жас ерекшелік психологиясына кіріспе жүктеу
11 052
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Операциялық жүйені баптау
Операциялық жүйені баптау
Оқушыларға Windows операциялық жүйесі бойынша білімді меңгерту.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып, дара және күрделі сын есім туралы мәліметтер беру.
Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі. (қайталау)
Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі. (қайталау)
Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.
Еңбек тәрбиесі
Еңбек тәрбиесі
Еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері және ерекшеліктерімен танысады
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру
Оттегінің химиялық қасиеттері
Оттегінің химиялық қасиеттері
Оттегінің жай және күрделі заттармен әрекеттесу химиялық қасиеттерімен танысу, оттегінің ерекше қасиетімен танысу, оттегінің қосылыстарын өмірде қолдану.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×