Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көшбасшылық қабілетті анықтау сауалнама

27 сәуір 2019, Сенбі
Категориясы: Психология
Көшбасшылық қабілетті анықтау сауалнама

Әр адамның бойында кішкентай болса да, көшбасшылық қабілет болады. Орта, тәрбие, білім – осы үштік одақтың әсер етуіне байланысты көшбасшылық қабілет артып не бәсеңдеп отырады. Сіздің бойыңыздағы осы қасиет қандай деңгейде екен?
Мына сұрақтарға жауап беру арқылы білейік.

1. Бала кезіңізде үлкеннің тілін алу мен өзгеге бағыну сіз үшін ауыр болды ма?
Иә (10 ұпай) Есімде жоқ, білмеймін (5 ұпай) Жоқ (0 ұпай)

2.«Ғылым мен мәдениеттегі жетістіктерге тек билік ете алатын жандар ғана қол жеткізе алады»деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай) Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)

3.«Нағыз ер - азамат әйел затын өз талаптары мен заңдарына бағындыра білу керек» деген ойға көзқарасыңыз?
Өте дұрыс (10 ұпай) Нақты айта алмаймын (5 ұпай) Дұрыс емес (0 ұпай)

4. Жақын жандарыңыздың асты - үстіңізге түсіп, еркелеткендігі сізге ұнайды ма?
Иә, оған еш қарсылығым жоқ (10 ұпай) Кейде - кейде (5 ұпай) Шынымды айтсам, ұнамайды (0 ұпай)

5.«Әйел заты көнбіс болу керек» деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай) Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)

6.«Мені қоршаған жандардың жағдайын жақсарту үшін мойныма көп дүниені жүктеп алдым. Алайда, мұны біреу білсе, біреу білмес». Сізге таныс жағдай ма?
Иә, дәл қазіргі менің жағдайым (10 ұпай) Таныс жағдай, тек мұны барлығы білуге тиісті eмес (5 ұпай) Жоқ, мұндай жағдайға ұшыраған емеспін (0 ұпай)

7.«Мықты адам» деген теңеуге сай келетін жан көшбасшы бола алады» деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай) Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)

8. Оңтайлы нәтижені тез табу керек болатын кейбір жағдайларда шешімді тез қабылдайсыз ба?
Иә, тез табуға тырысамын (10 ұпай) Нақты айта алмаймын (5 ұпай) Жоқ, шешімді бірден қабылдай алмаймын (0 ұпай)

9. Мен өзгелерді өзіме бағындырып, билік ете аламын
Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай) Жоқ, билік ете алмаймын (0 ұпай)

10. Ешкімнің алдында ашылып сөйлеп, өзімді толық көрсеткім келмейді
Иә (10 ұпай) Білмеймін, әр кезде әр қалай (5 ұпай) Жоқ (0 ұпай)

11. Мен беймаза, тыныш өмірді армандаймын
Иә, іште жатқан сондай арманым бар (10 ұпай) Білмеймін, ол туралы ойланбаппын (5 ұпай) Менің ондай арманым жоқ (0 ұпай)

12. Бағынышты адам бастығының кез келген тапсырмасын орындай білуі керек
Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай) Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)

13. Жақын жандармен тілдескен кезде, әсіресе, олардан өтініш - жәрдем сұраған іштей бір қарсылықтың тұрғанын сеземін
Иә, мұндай сезімдер менде жиі болады (10 ұпай) Білмеймін, аса мән бермеппін (5 ұпай) Жоқ, мұндай сезімде болған емеспін (0 ұпай)

14. Менен өзгелер түсінік сұрап, ақталуымды талап етеді.
Иә, онсыз да түсінікті дүниелерді қайта сұрап жатады (10 ұпай) Білмеймін, байқамаған екенмін (5 ұпай) Жоқ (0 ұпай)

15. Менің мінезім үйіміздің тірегі әкемнің/анамның мінезіне ұқсас
Иә (10 ұпай) Білмеймін (5 ұпай) Жоқ (0 ұпай)

Тест нәтижесі 150 - 100 ұпай: Сіз өктем жансыз. Сіз үшін алынбайтын қамал жоқ. Кез келген жағдайдың оңтайлы шешімін таба аласыз. Өзгені өзіңізге бағындыра аласыз. Басшы болуға лайықты жансыз.
99 - 50 ұпай: «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мақалмен өмір сүресіз. Барлығын ақылға салып, сабырлықты серік етесіз. Сіз басшылық ете аласыз, сондай - ақ, берген тапсырманы тыңғылықты орындайсыз.
49 - 0 ұпай: Сіз өте көнбіс жансыз. Өз күшіңізге өзіңіз сенбейсіз. Алайда, сіз оңтайлы шешім қабылдай аласыз. Өзгеден үлгі алып, мінез - құлқыңызды өзгертуге тырысып бағасыз.
Көшбасшылық қабілетті анықтау сауалнама жүктеу
7 550
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқушылардың математика пәнінен мектепішілік олимпиадасы 5 - сынып
Оқушылардың математика пәнінен мектепішілік олимпиадасы 5 - сынып
Оқушылардың математика пәнінен мектепішілік олимпиадасы 5 - сынып
Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар
Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар
Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар І деңгей 1. Көп нүктенің орнына өздік есімдіктерін қойып, көшіріп жаз. а) Кісі еліңде сұлтан болғанша, ... еліңде ұлтан бол. ә) Отанға опасыздық еткенің, ... түбіңе жеткенің. б)...- өзі білген ер бақытты, Өзін
Қызықты электр әлеміне саяхат
Қызықты электр әлеміне саяхат
Өндірістік оқыту шебері: Г. Танкаманова
Адамдармен қарым - қатынас жолдары
Адамдармен қарым - қатынас жолдары
Солтүстік Қазақстан облысы, Уалиханов ауданы, Жамбыл орта мектебінің Педагог - психологі Рыскулова Гүлсім Сейілбекқызы
Үшбұрыштардың ұқсастығы
Үшбұрыштардың ұқсастығы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Мұқашева Нұргүл Ахметқалиқызы
Квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеулер
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Калмуханова Самал Кудайбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×