Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар

17 наурыз 2018, Сенбі
Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
1. Көп нүктенің орнына өздік есімдіктерін қойып, көшіріп жаз.
а) Кісі еліңде сұлтан болғанша,
... еліңде ұлтан бол.
ә) Отанға опасыздық еткенің,
... түбіңе жеткенің.
б)...- өзі білген ер бақытты,
Өзін -... билеген ел бақытты.
(5 ұпай)
2. Бүкіл, бәрі, түгел деген сөздерге синонимдес сөздер тауып жазып, сөйлем құра.
(5 ұпай)
3. Үзіндідегі сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдап, есімдіктердің құрамын анықта, жасалу жолын жаз.
Терезе алдында әлдекім ерсілі - қарсылы жүргендей болды. Енді ақ боз ат та бірдемеге тіреліп тоқтағандай. Асан өзі білмейтін қиын сөздерді дәптерлеріне жазып алды. Ешкімге тіл қатушы болма.
(10 ұпай)

ІІ деңгей
1. Көшіріп жазып, жалпылау есімдігін тауып, ол сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын айт.
Ел – елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.

Түгел сөздің түбі бар,
Түп атасы – Майқы би.
Атадан ұл туса игі еді,
Ата жолын қуса игі.
Балаңды жұрт мақтаса,
Бәрінен де сол игі еді.
(10ұпай)
2. Төменде берілген есімдіктерге морфологиялық талдау жаса.
Менің, ешкімнің, өзіміздің, ешкімнің, оған, мыналар.
(10ұпай)

ІІІ деңгей
1. Есімдіктердің түрлерін байланыстыра отырып шағын мәтін құрап жаз.
(10 ұпай)
Бағалау:
«5» – 50 - 45 ұпай
«4» – 44 - 39 ұпай
«3» – 38 - 34 ұпай
«2» – 33 төмен ұпай алсаң

Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар. жүктеу
3 069
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар Дыбыс және әріп
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Есімдіктер туралы білімдерін тереңдету, жіктеу есімдіктерінің түрленуін үйрету, сөйлемдегі қызметі мен мағынасына қарай түрленуін білуге машықтандыру.
Зат есімнің тәуелденуі. Есімдік
Зат есімнің тәуелденуі. Есімдік
Зат есімнің тәуелденуі туралы түсініктерін бекіту және есімдіктердің есім сөздердің орнына жұмсалатынын ұғындыру, атқаратын қызметі туралы түсінік беру.
Қазақстан
Қазақстан
Бүгінгі сабағымыз Тәуелсіз Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін тексеру
1001 мақал 101 жұмбақ
1001 мақал 101 жұмбақ
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Есболова Нұржанат
Есімдік. Өздік есімдігі
Есімдік. Өздік есімдігі
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлжамила Шынтасовна Қалмағамбетова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×